«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 1992 жылы құрылған. Бұрын Банк қаржылық қызмет көрсету нарығында ««Лариба Банк» Бірлескен Банк» АҚ ретінде танымал болатын.
2009 жылы Банк ребрендинг жүргізіп, өзінің атауын «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-ға ауыстырды. Ребрендинг – бұл Банктің өз клиенттері үшін жақсырақ және жақынырақ болу үшін бүгінгі күні жүргізетін маңызды қайта құрудың бейнесі. Бұл - жаңа қол жетімді өнімдер, жаңа технологиялық ақпараттық жүйе, Банктің ыңғайлы кеңселері және бүкіл бизнестің клиенттерге бағдарлануы.
Банк өз қызметін, банктік операцияларды жүргізуге уәкілетті органмен берілген №1.2.75/83 лицензиясына сай жүзеге асырады.
Банк филиалдары Қазақстанның келесі қалаларында орналасқан: Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Шымкент және Петропавл.
«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк) АҚ Қазақстанда ипотекалық кредиттеу мен лизингтік қаржыландырудың пионері болып табылады. Бүгінгі күні біз ұсынып отырған банктік қызмет көрсету кешені ірі және орта бизнеске арналған, сол секілді жеке кәсіпкерлерге арналған өнімдерді қамтиды. Бұл – тұтынушылық кредиттеу, операциялық-кассалық қызмет көрсету, сейфтік сақтау қызметтері, депозиттер, лизинг, сауда-саттық қаржыландыру, инвестициялық бизнес-жобаларды қаржыландыру және көптеген т.б.
Мәліметтер банктің ресми сайтынан алынды