Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Асқар Мырзахметов шегіртке мәселесін ушықтырмауға шақырды

Асқар Мырзахметов шегіртке мәселесін ушықтырмауға шақырды

Ауыл шаруашылық министрлігі Асқар Мырзахметов Оңтүстікке қара шегірткенің қаптауы туралы мәселені ушықтырмауға шақырды. Өйткені жағдай күрделі емес.

"Мен жағдайды тым күрделендірмес едім. Естеріңізде болса, 1999-2000 жылдардағы жағдай мүлде басқаша еді. Мұны табиғи құбылыс деп қабылдау қажет. Біздің назар салуымыз қажет тағы бір факт - бұл мәселені саясиландыруға болмайды. Бастысы оларды егіне жібермеу, егін бар аумақтың барлығын бақылауға алу керек", - деп мәлімдеді ол журналистерге.
Министрдің атап өтуінше, осыған дейінгі кезеңде "экономикалық жағдайдың қиын болуына байланысты, шегіртке қаптауы болған еді". "Кейінірек жыл сайын қажетті шаралар қабылданып отырды. Зиянкестермен, әсіресе, шегірткелермен күреске бөлінетін қаржы жеткілікті. Сол қаржының аясында арнайы график бойынша қажетті шаралар өткізу қажет", -деп атап өтті Мырзахметов. Бұған дейін  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш, Арыс және Шардара аудандарында шегірткенің көбейгені байқалды деп хабарланған еді. Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметінше, жергілікті органдар 26 мың га аумақты химиялық өңдеу үшін 48 млн теңге көлемінде қаржы бөлген. Зиянкестермен күрес жүргізу үшін мемлекет бюджеті 4,6 млрд теңге бөлді. Аталған қаржы 5,2 млн га аумақта тазартуға мүмкіндік береді.

Похожие материалы