
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков омбылық "Плюс банктың" барлық дерлік акциясын сатып алды. bk55.ru сайтының жазуынша, қазақстандық "Цеснабанк" иесі Әділбек Жақсыбековтың отбасы Омбыдағы «Плюс Банк» банкінің 98,95% акциясына ие болған.
Қазақстандық жақ БАӘ-де тіркелген "Линекс Глобал СЭЗ" компаниясынан банктің жарғылық капиталындағы барлық үлесін яғни 4 484 929 акциясын сатып алған. Нәтижесінде миноритарлы акционерде банк акциясының 1,05%-ы ғана қалды.
"Плюс Банк" 2010 жылға дейін "Омск-Банк" деп аталып келді. 2004 жылдан бері ол қазақстандық "Тұран Әлем" банкінің бақылауында. 2016 жылдың 1 мамырында банктің таза түсімі 13,289 млн рубль, нетто активі 25,8 млрд рубль құрады. Атап өтейік, Әділбек Жақсыбековтың баласы Дәурен Жақсыбеков "Цеснабанк" АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы.