Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана қаласында автобустарға арналған арнайы жолақ пайда болды

Астана қаласында автобустарға арналған арнайы жолақ пайда болды

26 шілдеден бастап Астана қаласында қалалық қоғамдық көліктің қозғалысы үшін «BUS LINE» жеке бөлінген жолақтардың бірінші кезеңі іске қосылатын болады, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-інің баспасөз қызметінен.

«Бүгінгі таңда Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы, «Астана ЛРТ» ЖШС «СМЭУ-Алматы, Астана» ЖШС мердігерлік компаниясымен бірлесіп қолданыстағы ҚР Жол жүрісі ережесінің талаптарына сәйкес жол таңбаларын қою және жол белгілерін, ақпараттық паноларды орнату жұмыстарын бастады. Бірінші кезең мынадай көшелер бойынша жүргізіледі: Бауыржан Момышұлы даңғылы Абылайхан даңғылынан Сарайшық көшесіне дейін және Бөгенбай батыр даңғылы Уәлиханов көшесінен Сарыарқа көшесіне дейін», делінген хабарламада. Астана қаласы ІІД ӘПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Елжан Шпековтің айтуынша, аталған жолақ басып озуды және автобустың алдына шығуды қарастырмайды. Астана қаласының қалалық қоғамдық көліктің қозғалысы үшін белгіленген жолақты іске қосу арқылы жүргізушілердің тәртібін арттырады, қоғамдық көліктің жылдам жүруіне ықпал етеді, бұл арақашықтықты 30%-ға қысқартуға және автобустардың қозғалыс кестесін сақтауға мүмкіндік береді. Жаңа енгізілім қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатады, жолаушылар үшін жайлы, жол-көлік оқиғасы санын төмендетеді және қалалық трафикті жеңілдетеді. Жеке жолақ бойынша жүретін автобус жүргізушілері мен жалпы жолақ бойынша жүретін жүргізушілердің тәртібін әкімшілік полиция қызметкерлері визуалды түрде және Астана қаласы ІІД ЖБО бейнебақылау камералары арқылы бақылайтын болады. Шілдеде және тамыз айының бірінші онкүндігінде әкімшілік полиция қызметкерлері аталған учаскелерде ҚР жолда жүру ережелерінің бұзылуына қатысты алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Похожие материалы