Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана Банкіндегі есеп-шотымда қалған ақшамды қайтіп аламын?

Астана Банкіндегі есеп-шотымда қалған ақшамды қайтіп аламын?

Сұрақ: Бүгін лицензиясынан айырылған «Астана Банкіндегі» есеп-шотымда 250 мың, картада 95 мың, депозитте 900 мың теңгем қалды. Оны қалай алсам болады? Естуімше депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы тек депозиттегі ақшамды ғана ала-алады екенмін. Сол рас па?

Жауап: Жоқ, тек депозит қана емес. Ұлттық банк бүгін таратқан ақпаратқа сүйенсек, жеке тұлға-салымшылардың теңгемен және шетел валютасындағы депозиттері, төлем карталарындағы және банктік шоттардағы ақша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) кепілдігімен қорғалады.  Яғни банктер банкрот болған жағдайда жеке тұлғалардың депозиттері ғана емес, төлем карталары, шоттардағы қаражаттарыда ҚДКҚ тарапынан қайтарылады. Жеке тұлғалармен қатар дара кәсіпкерлер, жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар өтемақы алуға құқылы. Шекті сома теңгемен 10 млн, шетел валютасымен 5 млн теңге мөлшерінде. Егер депозиттегі қаражатыңыз бұл шекті сомадан асып кеткен жағдайда не істеу керегін мына жерден біле аласыз. Қайтарып алу мәселесіне келсек, алдағы уақытта банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шығуы тиіс.  Сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарып, ол күшіне енген күннен бастап 14 күн ішінде «Депозиттерге кепілдік беру қоры» қазақстандық банктердің біреуін салымшыларымен төлем жөніндегі агент ретінде жұмыс істейтінін жариялап, салымшылармен есеп айырыса бастайды. Сіз ҚДКҚ таңдап алынған агент-банкке барып кепілдік берілген өтемақыны (5 млн теңгеге дейін) алу үшін өтініш беруге тиіс. Агент-банк оған құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей сізге ақшаңызды қайтарады.

Похожие материалы