Экономика
Выбор редактора
Астана ЭКСПО-2017 ҰК экс-басқарушы директоры EXPO&Women басшылығына тағайындалды
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ның экс-басқарушы директоры Салтанат Рақымбекова халықаралық EXPO & Women ұйымының басшысы қызметіне тағайындалды деп жазады Kapital.kz.
4-тамыз күні ұйымның алғашқы отырыс болып өтті. EXPO & Women белсенді және қоғамда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтын әйелдердің бірігуі арқылы құрылған. Ол жерге бизнес, саясат, индустриалды сектор мен қоғам қайраткелері, журналистер мүше болды.
«Ұйымның мақсаты - мемлекеттік орған, елімізді дамыту инситуттары, бизнес-қауымдастықтар мен әйелдер ұйымдарының арасында байланыс орнату. Әйелдерді жұмысқа қамту деңгейін арттыру», - дейді С. Рақымбекова.
Ұйым бірнеше әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды бастап кетті. Оның ішінде, тауар өндірушілерге арналған ұлттық "Халық маркасы 2015" байқауы, EXPO scheber, International Trade Programm, Design & Art әйелдер кәсіпкерлігін қолдау сынды жобалар қолға алынып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 14 шілдесінде Салтанат Рақымбекованың "Астана ЭКСПО-2017" ҰК-ның басшылығынан кеткендігі белгілі болған еді. Кейінірек, Салтанат ханым кетуінің себебін қоғамдық істермен айналысқысы келгендігін түсіндірді.