Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Астана Моторс" үш автоөндірушімен бағаларды ресейлік бағамен теңестіру туралы келісімге келді

"Астана Моторс" үш автоөндірушімен бағаларды ресейлік бағамен теңестіру туралы келісімге келді

"Астана Моторс" қазақ мотор компаниясы автоөндірушілермен айтарлықтай баға шегерімін жасау туралы келісімге келді және автокөліктердің бөлшек сауда бағаларын ресейлік бағалармен теңестіруге тырысып бақты. Бұл туралы компанияның атқарушы директоры Антон Афонин хабарлады.

"Соңғы жарты жыл бойына біз импортшылары болып табылатын Hyundai, Subaru, BMW брендтерінің өндірушілерімен келіссөздер жүргіздік. Барлығы дерлік шегерімдер жасауға келісті. Бұл жай ғана жеңілдіктер емес, бұл бөлшек сауда бағаларын ресейліктермен бірдей қылуға деген талпыныс", - деп түсіндірді А.Афонин.

Компанияның атқарушы директоры қаңтар айында "Астана Моторс" Hyundai-дың барлық үлгілеріне -30%-ға дейінгі жеңілдіктерді жариялағандығын айта кетті.

"Бұл акция өндірушінің қолдауынсыз өзіміздің есебімізден жасалынды. Біздің шығындануымызға тура келді. Тек осылайша ғана, ақпан айындағы сатылымдармен біз серіктестерімізге тек дұрыс баға жайғасымы ғана нарықтағы жағдайды өзгерте алатындығын дәлелдей алдық. Осыдан соң Hyundai компаниясы бізге қолдау көрсете бастады: 2015 жылғы автолардың барлығын біз ресейлік бағаларға барынша жақын бағамен алып отырмыз", - деді А.Афонин.

Оның айтуынша, компания Subaru-мен де келісімге келген.

"Subaru компаниясы да бізбен келісті. Бағамыз Ресейдікіне жақын. Бірақ ескере кететін жайт, ресейлік дилерлерде қазір және жақын арадағы жарты жылда тек 2014 жылғы Subaru-лар болады, және олар жеңілдікпен сатылып жатыр. Бізде 2015 жылғы Subaru-лар, соның ішінде жаңа Outback пен Legacy, бұлар РФ-да жоқ. Және бұл машиналарды біз жаңа бағалармен ұсынып отырыз", - деп мәлімдеді А.Афонин.

Ол BMW компаниясымен арадағы келіссөздер де сәтті аяқталғандығын айтып өтті.

"Дәстүрлі түрде бізде Х-сериялар жоғары сұранысұа ие - Х4, Х5, Х6. Осы үлгілер бойынша өндіруші ресейлік бағаларда іс жүзінде айырмашылығы жоқ жаңа бағаны ұсынды. Соңғы апталардағы рубльдің айтарлықтай нығаюына, Ресейдегі бағалардың жоғарылауына байланысты осы автокөліктерді алу үшін РФ-ға барудың қажет жоқ", - деп қоыртындылады компанияның атқарушы директоры.

Похожие материалы