Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада мұқтаж жандарға тегін нан таратылды

Астанада мұқтаж жандарға тегін нан таратылды

Астана. 7 желтоқсан. 7kun.kz - Астана әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Астана - мейірімді қала» жалпықалалық қайырымдылық акциясы аясында мұқтаж жандарға тегін нан таратылуды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Акцияға алғашқылардың бірі болып қосылған «5 минут» сауда-ритейл желісі қаланың әлеуметтік әлсіз тұрғындары үшін тегін нан тарату бойынша қайырымдылық акциясын қолға алды. Мұқтаж азаматтарға арналған тегін нан дүкен сөрелеріне қойылды. Шара қайырымды жандардың және желі иесінің қаржысына іске асырылған.

Қазіргі кезде қайырымдылық акциясы күнделікті негізде супермаркеттер желісінің үш дүкенінде өткізіліп жатыр.

«Астана - мейірімді қала» акциясына ниет білдірген кез келген адам қатыса алады. Акция туралы толық ақпаратты Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан алуға болады,

Похожие материалы