Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада құны 10 млн теңге болатын аялдама қолданысқа берілді

Астанада құны 10 млн теңге болатын аялдама қолданысқа берілді

Астана қаласында суықтан қорғап тұратын жаңа аялдамалар пайдалануға берілді. Қызыл шырайлы аялдамаларда автобусты жаурамай-ақ, алаңсыз күте беруге болады. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, жыл соңына дейін  осындай 55 аялдама салынбақ. Әрбір аялдаманы салуға 10 млн теңге қаржы жұмсалды.

Қолданысқа берілген бірінші аялдама "Азия парк" ойын-сауық орталығының маңында орналасқан. Ішіне 15 адам емін-еркін сияды.

Астана тұрғындары болса, ауа райының суық болуына байланысты мұндай аялдаманың салынуы орынды дейді.

Жылы аялдамалар коррозияға қарсы металдармен, мықты болаттармен бекітіліп, қапталған. Тез бұзылмайды. Терезелері арнайы алюминий профилдерінен тұрады. Екі қабатты шыдамды әйнектер салынған.

Похожие материалы