Астана. 23 қаңтар. 7kun.kz — Еліміздегі ең ірі саяси шара туралы толығырақ шолу ұсынамыз.
Маңызды жиыннан ақпарат тарату үшін жиналған 320 шетелдік және 120 қазақстандық БАҚ құпия басқосу өтіп жатқан ғимаратқа қарама-қарсы орналасқан Қазмедиа орталығындағы баспасөз орнында отыр.
Басқосуға дейін Қазақстан президеті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ бас хатшысының Сирия бойынша өкілі Стаффан де Мистурмен кездесті. Президент барлық қатысушыларға тең жағдай жасалғанын, Астананың келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты.
«Тараптар да біз секілді аталған жағдайға қатысты алаңдаушылық танытып отыр деп үміттенемін. Сарапшылардың айтуынша, конфликт басталғалы бері 300 мыңға жуық адам қаза тапқан. Мұның бәрі біздің бұл проблеманы тек бейбіт жолмен шешуге болады деген ойымыздың дұрыс екенінен сенімімізді арттырады», - деді Қазақстан президенті.
Бүгін таңертең, келіссөз басталмай жатып Қазақстанның сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко барлық қатысушылар Астанаға келгенін айтқан еді. Қаңтардың 24-інен 25-іне қараған күні келіссөз аяқталуы керек. ҚР СІМ Қазақстан бұл шарада тек келіссөз алаңымен қамтамасыз етуші ел ретінде ғана, мемлекет ретінде процеске қатыспайтынын қадай айтты.
Василенконың айтуынша, Сирия үкіметінің делегациясын БҰҰ-ның тұрақты өкілі Башар Аль-Джафари басқарып келген. Сирия оппозициясы делегациясының құрамында 15 оппозициялық топтың өкілдері бар. Ресей делегациясын РФ президентінің Сирия мәселелеріне қатысты арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқарып келген. Түркия және Иран өкілдері боп осы екі елдің СІМ орынбасарлары келді.
22 қаңтарда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сириялық үкімет пен оппозияцияның делегациясымен кездескен еді. Кездесу барысында БҰҰ-дағы Сирия Араб Республикасының тұрақты өкілі Башар Аль-Джафари ол Женевадағы бейбіт келіссөзге дайындық шараларының маңызды бөлігі екенін атап өтті.
ҚР СІМ: «Астананың Сириядағы гуманитарлық жағдайды жеңілдетудегі рөлі айқын. Қазақстан халқы мен Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұдан кейін де халықаралық тұрғыдағы Сирияның ішкі дағдарысы мен оқ атуды тоқтату туралы талпысынқа өз үлесін қосып отырады», - деген болатын.
Сирия жөніндегі келіссөз туралы қазақстандық саясаттанушы Ерлан Карин «Астаналық процесті» диалогтің жаңа форматы деп атады. Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша келіссөз жүргізуге келісімге келуші тараптар Астананы өздері таңдаған. Ол Қазақстанның халықаралық түйткілді дүниелерді шешу барысындағы саясаты мен барлық маңызды орталықтармен теңдей қарым-қатынас орната алуы осыған себеп болып отыр деген болатын.
ҚР Сенаты Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Астанада өтіп жатқан Сирия үкіметі мен оппозициясының өкілдерінің кезедсуіне үмітпен қарайды», - дейді.
«Сирия конфликті бойынша барлық тараптың да қантөгісті тоқтатуға және саяси өзгерістер мен соғыстан кейінгі елдің аяққа тұруына атсалысуға толықтай мүмкіндігі бар». Бұлай деп Канада парламентінің делегациясымен болған кездеуде Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
22 қаңтарда келіссөз басталмас бұрын, Астана қаласында Ресей, Түркия және Иран өкілдері кездесті.Онда Қазақстанның СІМ-і Қайрат Әбдірахманов, Ресей СІМ-інің Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка департаментінің басшысыСергей Вершинин, Иран СІМ-інің орынбасары Хосейн Джабер Ансари және Түркия делегациясының өкілдері қатысты.
Бұған дейін Қазақстанның СІМ Астанаға БҰҰ-ның арнайы өкілі келгенін айтқан. Кейіннен АҚШ-тың мемлекеттік департаменті өтіп жатқан келіссөзге өз делегациясын толықтай жібермегені белгілі болды. Бұған дейін Deutsche Welle басылымы АҚШ мемдепартаменті төрағасының міндетін атқарушы Марк Тонердің «АҚШ Астанадағы келіссөзде тек бақылаушы статусында болады» деп айтқанын жазған еді. Келіссөзге АҚШ-тың өкілі ретінде елші Джордж Крол қатысып жатыр. Басқосу аяқталғанға дейін Қазақстан полициясының қызметі күшейіп, қауіпсіздікке баса назар аударылып отыр.