Экономика
Выбор редактора
Астанада түйе жүнінен көрпе жасау өндірісі дамып келеді
Астана қаласында түйе жүнінен көрпе жасау өндірісі дамып келеді. Сатып алушылар қатарында тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдік де бар деп хабарлайды 24.kz.
Цех осыдан 4 ай бұрын ашылған. Бастапқыда шұлық, кейіннен көрпе тігуді қолған алған. Ендігі жоспар - жүннің қалдығынан матрастар жасау.
Гүлсанат Мерқұлова, "Қазақ оюлары" ЖШС дриекторының орынбасары:
— Түйе жүнінің сапасы жақсы, пайдасы мол екенін білеміз. Қой жүнінен екі есе жеңіл. Жылуды жақсы сақтайды, ылғалжұтқыш және аллергия бермейді.
Экологиялық таза өнімге деген сұраныс жоғары. Сол себепті тапсырыс қашан да көп. Тұтынушылар тауардың сапасына ғана емес, бағасына да риза. Мысалы, Түркия не Моңғолиядан келген көрпе 30 мың теңге тұрса, бұның бағасы 3 есе арзан.
Бүгінде көрпені елімізден тыс мемлекеттер де сатып алып жатыр. Ресейге жеткізу бір жолға қойылды. Алдағы уақытта экспорт көлемі ұлғаяды деп үміттенеді кәсіпкерлер. Ендігі жоспар - айына 2 мың көрпе шығару.