Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанадағы келіссөздерден не күту керек?

Астанадағы келіссөздерден не күту керек?

23 қаңтарда Астанада Сирияға қатысты келіссөздер басталуы керек. Оған кепілгер Түркия мен Ресей болады. Келіссөз төрт күн өтеді. Бұл кездесуден нені күтуге болады, қандай қауіптер бар және бұл келіссөздегі Қазақстанның рөлі қандай?  Арнайы сараптаманы ұсынамыз. 

Неліктен Астанада?

Келіссөз 23 қаңтарда Астана қаласында өтеді. Бірақ қажеттілік туындаса кездесу бірнеше күнге кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұған дейін Сириядағы «Халықтық дипломатия» қозғалысының хатшысы Махмуд әл-Афанди Сирияның қаруланған оппозициясы Анкарадағы кездесуде Сирия мен Дамасктің оңтүстік аудандарында уақытша бітім жасасуды енгізу туралы ультиматум қойғандығын айтты. Уақытша бітім 13 қаңтардан басталып, он күнге созылады. Тек осы шарт орындалған кезде ғана олар Астанаға келетіндігін жеткізді.

Өткен жылдың желтоқсан айында Ресей президенті Владимир Путин Түркия басшысы Тайып Ердоғанмен келісімге келгендігін айтқан еді. Келісім бойынша Сирияның қақтығысып жатқан аймақтары Астадағы бітімгерлік келіссөздерін жалғастырады.

Нұрсұлтан Назарбаев Путинмен және Ердоғанмен телефон арқылы тілдесу барысында осы ұсынысты қолдайтынын және келіссөз орнын дайындап қоятындығын хабарлады. Келіссөзге негізінен Ресейден, Түркиядан, Ираннан, Сауд Арабиясынан, Катардан және Сирия оппозициясынан өкілдер келеді. Бұл туралы Түркия басшысы мәлімет берді.

Астана әртүрлі факторларға байланысты іріктелініп алынды. Біріншісі – Қазақстан билігінің бітімгерлікке салған күші назарсыз қалмады. Қазақстан әлемдік және жергілікті қақтығыстарды шешуді реттеу үшін бірнеше рет ұсыныс тастаған болатын. Оның ішінде ең сәтті болғаны Нұрсұлтан Назарбаевтің Ердоған мен Путин арасындағы кикілжіңді бәсеңдете алуы. Одан бөлек, осы жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің алдағы екі жылдағы тұрақты емес мүшесі мәртебесіне ие болды. Енді осы істі жүзеге асырмақ.

Бұл процесске дайындық Сирияны Халықаралық қолдау тобының (International Syria Support Group (ISSG)) бастамасымен 2015 жылы іске қосылды. 2016 жылы әртүрлі нәтижелермен аяқталған Женева келіссөздерінің бірнеше раунді болды. Төрағалары АҚШ пен Ресей болатын ISSG қатысушы 20 мемлекет тізімін жасады.

Дайындық процесін не қиындатып тұр?

Қазақстан келіссөздер мен дайындықта негізгі белсенді жақ емес. Біз жай ғана орын береміз және   бірлестіктерді біздің принцип бойынша куәландырамыз.

Бұл туралы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры Ерлан Карин көптеген факторларды ескере отырып, сараптама бірлестігінің келіссөздерге бірқалыпты көзқараста екендіктерін айтты.

«Көпшілігі Женева келіссөздерінің қалай аяқталғандығын көріп отырғандықтан, бітімнің сәтті аяқталатынына күманданатындықтарын жасырмайды. Бірақ Анкара мен Мәскеу бастаманы қолдайды. Демек, бұл олардың ымыраға түсуге дайын екендіктерін көрсетеді. Екі жақ бірден үлкен нәтижеге уәде бермейді. Жұмыс біртіндеп атқарылады. Мен неліктен кейбір жеке сарапшылар мен БАҚ келіссөзден өте көп нәрсені күтіп отыр деп айттым? Сириялық рппозициядан барлығы келмеуі де мүмкін деген пікірлер де болған. Онсызда барлығы жиналады деп ешкім ойламайды. Мысалы, Анкара оппозицияның біраз бөлігіне және олардың процесске қатысуына әсер ете алады. Алайда, трагедияның ауқымын, қарқынды қақтығыстар және үлкен көлемдегі қарсылық барын ескерсек, кездесуге келісу мен белгілі бір территорияны қабылдаудың өзі жақсы нәтиже. Шындығын айтқанда Сирияның әр бөлігі бірнеше топтарға бөлініп, өз іштерінде де соғысып жүр. Ұрыс алаңының нақты шекарасы жоқ. Ең болмағанда соны білгенде қандай да бір келісімге келуге мүмкін болар еді. Бірақ ол жақтағы өмір сүру талаптары ретсіз, астаң-кестең»,-дейді Ерлан Карин.

Орта Азияның саяси қауіп жөніндегі сарапшысы Данияр Қосназаров та бұл келіссөздерде олардың өткізу мүмкіндігі туралы фактінің маңызды екендігін айтады.

«Әрине, барлық қарым-қатынасты мүлдем құртып алу қаупі де бар. Сол үшін де келіссөзде пікірталасты бағыттап, берілген шектен асып кетпеу маңызды. Диалог пен келіссөздер уақыт ұту үшін және қарсылас аузынан ақпарат алу үшін пайдаланылса да, бітімге келудің бұдан артық амалы жоқ»,-деп атап өтті Данияр Қосназаров.

Келіссөздерге кімдер қатысады?

Қатысушылар құрамы дәл осындай болмауы да мүмкін. Алайда әр ел өкілдерінен келген ақпараттарға сүйеніп, кейбір қорытындыларды шығара беруге болады. Кепілдерді және келіссөз ұйымдастырушыларын санамағанда, келесіде көрсетілген қатысушылар келеді деп жоспарланып отыр.

БҰҰ ұйымы бітімгерлікке қатысатындығын растады. Башар Асадты Башар аль-Джаафари таныстыратын болады. Ол Сирияның үкімет делегациясын басқарады. Әл-Жаффари Сирияның тұрақты өкілі, Женева келіссөздерінде де Асадтың мүдделерін осы адам таныстырған болатын.

АҚШ үкіметіне келсек жағдай кішкене күрделілеу. Біріншіден, 20 қаңтар күні Америка жаңа президенттері Дональд Трамптың ұлықтау рәсімдерін өткізуге дайындалып жатыр. Екіншіден, жұмыс тобының бұл тұрғыда пікірлері әр түрлі. Сонымен қатар, америкалық сарапшының айтуынша, «АҚШ қазір транзиттік кезеңде оның үстіне келіссөзде мемлекетті таныстыра алатындай лайықты кандидат жоқ. Еуроодаққа келсек, әзірге нақты шешім жоқ сияқты».

Қазақстанның келіссөзді ұйымдастыруда өз себептері бар

«Иә, біздің көптеген әлемдік державалар үшін «қайталанбас серіктес» болғанымыз маңызды. Мұнын барлығы транзиттің сәтті өтуі үшін де және елдегі саяси трансформациялар нәтижесіне риза болуы үшін де маңызды. Біз ірі державалармен бітімге келу арқылы өзімізді сырттан келетін зиянды әсерлерден қорғаймыз. Қазақстанның сыртқы саясатының формуласы осы»,-деп түсіндіріп өтті Данияр Қосназаров.

Бұл жөнінде Ерлан Карин де пікір білдірді. Ол: «Жалпы әлемдік саясаттағы хаос жағдайында біз сияқты барлығын сындарлы алаңда ұстап тұратын елдердің де рөлі өте маңызды. Мұның барлығы біз үшін дұрыс бағытта болып жатыр. Бірақ мұндай бағыттағы кез-келген келіссөздер – саудаласу процесінің ең күрделісі. Қай жақ болмасын өзіне неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Сонымен қатар келісімге қатыспайтын елдер қауіп төндіруі де мүмкін»,-деді.

Похожие материалы