Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада жекелеген жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Астанада жекелеген жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Қалалық мәслихаттың 55 кезектен тыс сессиясы аясында халық қалаулылары коммуналдық шаруашылықты басқару бойынша жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қаржыны қайта бөлу туралы ұсынысты мақұлдады деп хабарлайды bnews.kz.

Ильинка кентінің шығысындағы жеке тұрғын үй инженерлік жүйесін салуға қарастырылған қаржы жобаның кешенді түзетілуіне байланысты «Южный» гараж кооперативі аумағындағы инженерлік жүйелер мен құрылысы басым аудандардағы ғимараттарды салуға бағытталды. Заң, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Николай Мещеряков жер телімін немесе басқа да жылжымайтын мүлікті мемлекеттік қажетттіліктерге сатып алуға қатысты 89 келісім-шарт жобасын қарауға ұсынды. Атап айтқанда, Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелері қиылысындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салу, Тұран даңғылы аумағында балабақша салу, №41А көшесінде мектеп салу, медициналық колледж, 5-жылу магистралі, айналма жолдарды абаттандыру жобалары келесі жылдан бастап іске асады. Бұдан бөлек, сессия барысында Астана қаласы әкімдігі қызметкерлерінің құрамына өзгерістер енгізілді. Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына, елорданың Тұрғын үй көмегін көрсету ережелеріне, Астанада мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына, елорда әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құрамына өзгерістер енгізіліп, Астананың тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі қалалық комиссияның жаңа құрамы бекітілді.

Похожие материалы