«Атамекен» Ұлттық кәсіпорын палатасының өкілдері бизнес қауымдастығының атынан депутатарға салықты көтермеу туралы өтініш жасады. Бұл туралы Vlast.kz хабарлайды
«Қазақстан Республикасының бизнес қауымдастығы үкімет жүргізіп отырған салық салу және салық әкімшілігінің жаңа саясатына қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Қазіргі жағдайда жаңа саясат отандық кәсіпкерлікті Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің бизнесімен салыстырғанда қолайсыз жағдайға қалдырып, теңсіздік орнатады. Бұл Қазақстан кәсіпкерлерінің ішкі және сыртқы бизнесте бәсекеге қабілеттілігін жояды», - деп хабарланды ҰКП-ның орта және шағын бизнес субъектілеріне қатысты жаңа саясат мәселесін талқылау туралы тыңдалым кезінде.
Соңғы 5 жылда кәсіпкерлер қызметін реттейтін мемлекеттік жүйе арнайы өзгертулерге шыдап келді. Отандық бизнес қабылданған және жоспарланған бағдарламалар табысты болатынына сенімді болған еді. Алайда, бизнес әкімшілігінің қолға алынған жүйелері оң нәтиже бермеді.
«Аталған бағдарламадағы шаралардың бірі ретінде жаңа салық енгізуді және салықтық, кедендік әкімшілікті күшейтуді айтуға болады. Маңызды есептеулер және сараптама жүргізілместен, экономикалық және әлеуметтік салдары ескерілместен мұндай тәуекелге баруды қажет ететін шешімдердің қалай қабылданғаны түсініксіз?", -деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан.
Ал, қызметке қатысты жүргізілген зерттеу-сараптама 10 мыңға жуық кәсіпкерлердің 28%-ы өз кәсібін тоқтатып қойғандығын, тіпті бизнесін сатуға дайын екендіктерін көрсетті. Тағы 28%-ы инвестициялық жобаларын тоқтатқан.
«Біз, кәсіпорын жетекшілері мен бизнес ассоциациясының мүшелері салық саясаты мен әкімшілігінің күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының парламентіне наразылық білдіреміз. Сіздерден өтінеріміз, заң қабылдау барысында Қазақстан қоғамында экономика негізін қалап отырған кәсіпкерлер қауымдастығының пікірін қоссаңыздар екен», - деп мәлімдеді ҰКП өкілдері.