Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«АТФБанк» АҚ туралы

«АТФБанк» АҚ туралы

«АТФБанк» АҚ -  ҚР Ұлттық Банкінің «Алматы сауда-қаржы банкі» Жабық акционерлік қоғамын тіркеу негізінде құрылған банк. 2001 жылы «Алматы сауда-қаржы банкі» ашық акционерлік қоғамы, ал 2002 жылғы маусымда «АТФБанк» ашық акционерлік қоғамы тіркелді. 2003 жылғы қазанда банк «АТФБанк» АҚ деп қайта тіркелді.

Құрылған жылы: 1995 жыл, маусым

1995 жылдың қараша айында "Алматы сауда-қаржы банкі" ЖАҚ №59 Ұлттық және шетелдік валютадағы банктік заңнамада қарастырылған операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бас лицензиясын алды.

1996 жылдың қарашасында Алматы сауда-қаржы банкі Visa, EuroCard/MasterCard, Diners Club, JCB, American Express төлем карточкаларына қызмет көрсетуді бастайды.

1997 жылдың мамырында ҚР Ұлттық Банкімен Алматы сауда-қаржы банкі халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін банктердің бірінші тобына кірді.

1998 жылдың қарашасында Жеке логотипі бар 10 г және 20 г алтын құймаларының Қазақстанда алғаш рет барлық сатып алушылар сатылымының басталуы.

Желтоқсанда Қазақстан Республикасының Германиямен Үкіметааралық қаржылық ынтымақтастық аясында Алматы сауда-қаржы банкі Германдық кредит желісінің (Kreditanstalt fur Wiederaufbau - KfW) Қаржы операторы ретінде бекітілді. 2003 жылы қазанда Банк Қазақстандық франчайзинг қауымдастығымен ынтымақтаса отырып, жергілікті кәсіпкерлердің танымал әлемдік брендтерді сатып алуына арналған қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Қараша айында Банк жалпы көлемі $62 млн. құрайтын кезекті синдицирленген қарызды тартты. Синдикатқа 25 шетелдік банк қатысты. Қарызды ұйымдастырушы ретінде голландық ABN AMRO Bank әрекет етті. Қарыз бір жыл мерзіміне дәл осындай мерзімге ұзарту мүмкіндігімен берілді.11 желтоқсаннан бастап Visa Gold, Visa Business, Visa Classic, Visa Electron карталарының ұстаушылары үшін жаңа қызметті енгізді. Жаңа қызмет карта ұстаушы шет елде болған кезеңде банкомат арқылы карточкалық шоттағы ақша қалдығы туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. 2005 жылы сәуірде «АТФБанк» АҚ және «Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті» АҚ арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол қойылған меморандумның негізгі міндеті – еліміздің қаржы және білім беру институты арасындағы байланысты кеңейту. 2006 жылы мамырда «АТФБанк» АҚ 2016 жылғы өтеу мерзімі бар 350 миллион АҚШ доллары сомасына еурооблигацияларды шығару бойынша мәмілелерді табысты түрде аяқтады. Ал қарашада «EUROMONEY» жетекші әлемдік қаржы басылымы АТФБанкке «Еуропаның дамушы елдері арасында корпоративтік басқару саласындағы ең үздік банк» атағын берді. 2007 жылғы 21 маусымда Bank Austria-Creditanstalt AG (UniCredit Group-тың Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық банктік операцияларға арналған бөлімшесі) және "АТФБанк" АҚ-тың жеке акционерлері АТФБанк акцияларының мажоритарлық пакетін сатып алу жөніндегі келісімге қол қойды.

Сондай-ақ, осы жылдың қараша айында ЮниКредит Групп (UniCredit Group) тобының Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық банктік операцияларға арналған бөлімшесі Кредитанштальт (ВА-СА) Австрия Банкі «АТФБанк» АҚ-тың шығарылған акционерлік капиталының жалпы санының 91,8%-ын сатып алу процесін аяқтады. Мәміленің шамаланған бағасы 2,117 млн. АҚШ долларын құрайды (ағымдағы бағам бойынша шамамен 1,452 млн. еуро)

2011 жылғы 16 қыркүйекте «АТФБанк» АҚ-қа тиесілі «Банк Сибирь» ЖАҚ акцияларының 100 % -ын «ЮниКредит Банк» ЖАҚ-қа сату бойынша мәміле аяқталды. Мәміле сомасы 846 000 000 ресей рублін құрайды. ЮниКредит тобы халықаралық тәжірибесіне сәйкес, әр түрлі елдерде өте тиімді әрекет етуі - әрбір елдегі топтың активтерін басқарушы бір банктің болуымен қол жеткізіледі. Осылайша, Ресей аумағында өз қызметін жүзеге асырушы «Банк Сибирь» ЖАҚ-ты ЮниКредит тобы банкіне беру бойынша мәміле UniCredit тобының, бұл жағдайда – Ресей Федерациясындағы активтерін басқаруды әрі қарай оңтайландырылуын көздейтін негізгі және жалғыз ғана мақсатта жүргізілді.

2013 жылы 2 мамырда «КазНитрогенГаз» ЖШС және UniCredit Bank Austria ЖШС қазақстандық «АТФБанк» АҚ-тағы 99,75% үлесін сатып алу-сату бойынша мәміленің аяқталғандығы туралы хабарлады. Мәміленің жалпы сомасы шамамен АТФБанк Тобының меншікті капиталы көлемін құрайды. Мәмілені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2013 жылғы 29 наурызда мақұлдады.

2014 жылы 29 қазанда АТФБанк «The Banker» және «PWM» журналдарының пікірі бойынша Қазақстандағы Private banking сегментінің ең үздік банкі - «Best Private Bank in Kazakhstan» («Қазақстандағы Private Banking сегментінің ең үздік Банк») деп танылды.

Банк Өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бағдарламасы аясында 7 млрд теңге сомасында «АТФБанк» АҚ-қа бекітілген лимиттің 100%-ын игерді.

2015 жылдың ақпан айында «АТФБанк» АҚ The Business Year» журналының тұжырымы бойынша Қазақстандағы «The bank of the Year» Жыл банкі болып танылды. Сондай-ақ 2015 жылдың ақпанында «АТФБанк» АҚ «Кепілдендіру бағдарламасы аясындағы үздік дебют» номинациясында «ДАМУ» Қорының наградасына ие болған. Осылайша, «Даму» қоры Банктің осы бағыттағы 2014 жылдағы жұмыс нәтижелеріне жоғары баға берді. Сонымен бірге, «АТФБанк» АҚ VbV Dynamic Authentication жобасын табыты түрде енгізгені үшін VISA-ның наградасын иеленді. Бұл – динамикалық (бір реттік) құпия сөздің (OTP SMS) көмегімен 3D-Secure технологиясы арқылы Интернет желісіндегі қорғалған төлемдер жобасы.

«АТФБанк» АҚ Қазақстанның ең ірі банктерінің құрамына кіреді және активтер, кредиттік және депозиттік портфельдерінің көлеміне қарай 7-орынды иеленеді. Банк тұтастай бір жыл бойы операциялық тиімділік пен сервис сапасын бірқалыпты арттыра отырып, қызметтің барлық салаларында жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Похожие материалы