Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АТФБанктің басқарма төрағасы ауысты

АТФБанктің басқарма төрағасы ауысты

АТФБанктің басқарма төрағасы Сергей Коваленко қызметінен кетіп, орнына
Ермек Арғынов келді, деп хабарлайды, банктің баспасөз қызметі.

Мұндай шешім 28 қазан күні қабылданған. Арғынов бұған дейін басқарма төрағасының бірінші орынбасары ретінде ІТ, қазнашылық, сатып алу басқармасы, HR бағытына жауапты болған.

Сергей Коваленко 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап басқарма төрағасы болған еді.

Қазір АТФБанктің басқарма құрамына Ермек Арғынов, Нұркен Досмұхамбетов, Анар Ахимбекова кіреді.

Айта кетейік, дүйсенбі күні АТФбанктің акционері Ғалымжан Есеновтің 99,76%  акциясын Jysan Bank-ке сататыны туралы белгілі болған еді.  

Похожие материалы