Астана. 1 ақпан. 7kun.kz - Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» журналистер арасында «Кооперация – ауыл болашағы» атты байқау жариялайды.
Байқау ауыл шаруашылығы өндірушілерінің кооперацияға бірігіп жұмыс жүргізуінің артықшылықтарын халыққа түсіндіріп, оң пікір қалыптастыруға бағытталады.
Жарысқа республикалық және өңірлік БАҚ-тың кәсіби журналистері, штаттық және штаттан тыс журналистер, сондай-ақ Интернет-БАҚ өкілдері қатыса алады. Олар баспасөз, радио, теледидар, интернет–БАҚ номинациялары бойынша сайысқа түседі.
Байқаудың негізі мақсаты - ауыл шаруашылығы саласына маманданған журналистердің қызметін көрсетіп, олардың кәсіби денгейін дамыту.
Конкурстық материалдар мен өтінім мен осы жылдың 1 қаңтары мен 10 маусым аралығында pressminagri@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.
Байқау ережесі мен ұсынылу формасын mgov.kz сайтынан табуға болады.