Экономика
Австралия G20 көшбасшыларының жеке мәліметтерін таратып жіберді
Австралияның шекараны қорғау және иммиграция министрлігі абайсызда G20 көшбасшыларының жеке мәліметтерін сыртқа таратып жіберген. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлайды.
Басылымның мәліметі бойынша, департаменттің бір қызметкері абайсызда құпия ақпаратты футболдан Азия Кубогінің ұйымдастыру комитетіне жіберген. Файлда Барак Обама, Владимир Путин, Ангела Меркель, Си Цзиньпин, Нарендры Моди, Синдзо Абэ, Дэвид Кэмерон және 2014 жылдың қарашасында Брисбендегі саммитте болған басқа да көшбасшылардың есімдері, туылған уақыты, төлқұжаты мен визасының номерлері жазылған.
Иммиграция министрлігі бұл жағдайды аса маңызға ие емес деп есептеп, жәбірленушілерге хабарлауды да ескермеген. Мәліметтерді таратқан шенеунік Microsoft Outlook бағдарламасын қолдана отырып, автоматты толтыруға байланысты басқа мекен-жайға жібергеніне назар аудармаған. Азия Кубогінің ұйымдастыру комитеті қызметкерлерінің тез арада құжатты жойып жібергенін мәлімдеді. Олар "ақпараттың көпшілікке қол жетімді болуы мүмкін емес" деп есептейді.
" Осыдан бір апта бұрын үкімет азаматтар өз мәліметтерін мемлекетке еш алаңсыз сеніп тапсыруларына болады деп мәлімдеген еді. Енді біз кездейсоқ түрде жауапсыз шенеуніктердің әлем көшбасшылары туралы құпия ақпаратты жариялап жібергенін білеміз", - деп атап өтті бұл туралы Австралиялық жасылдар партиясының мүшесі Сара Хэнсон-Янг.
Айта кетейік, осыған дейін 2014 жылы Австралияның шекараны қорғау және иммиграция министрлігі арқылы ел тарихындағы ең ірі ақпараттың таралып кетуі орын алған еді. Шенеуніктерді бірі ведомстваның сайтына қамауда отырған 10 мыңға жуық адамның жеке мәліметтерін жариялап жіберді. Олардың қатарында Австралиядан саяси көмек сұрағандардың да тізімдері бар.