Экономика
Қазақстанға кіретін әрбір үшінші тауар Ресейден әкелінеді
2014 жылы Қазақстан импортындағы ресейлік тауарлар үлесі 33% құрады. Республика ЕАЭО-ның басқа мүшелерімен салыстырғанда Ресейге қарсы сауда барьерлерін енгізген жоқ деп хабарлайды LS Мәскеудің халықаралық сауда орталығының қорытындысына сілтеме жасап.
Өткен жылы қазақстандық нарықтағы бәсекеге қабілетті тауар ретінде мырыш және одан жасалған өнімдерді, ет пен балықтан жасалған дайын өнімдерді, қара металл, минералды отын және басқаларды айтуға болады. Ресейдің бәсекеге қабілеттілігін Қазақстанның жалпы импортындағы тауарлар көлемінен байқауға болады.
Аталған есептемеге қол жеткізу үшін International Trade Center ұсынған Ресейдің сауда әріптестерінің импорты туралы статистика алынды. 2014 жылы қазақстандық импорттағы ресейлік тауарлар үлесі 33%-ды құрады.
Жоғарыда аталған өнімдерден бөлек елімізге 71,60% табиғи бағалы заттар, 71,15% табак, 45,35% сүт өнімдері, жұмыртқа және бал, 43,08% темір жол құрылғылары, 9,91% фармацевтика тауарлары кіргізілген.