Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанға заңсыз көліктерді кіргізуге тыйым салынды

Қазақстанға заңсыз көліктерді кіргізуге тыйым салынды

Қазақстанға шетелдік көліктерді кіргізу үшін ресми өндірушілерден рұқсат алу қажет. Бұл туралы инвестиция және даму министрлігі хабарлайды.

"Лицензиялауымыздың мақсаты автонарықты шектеу емес, тұтынушыларды заңсыз автокөлік тасымалдаушылардан қорғау. Сондай-ақ ҚР-ның көлік сервисі саласын жоғары сапамен қамтамасыз етпекшіміз. Оған тек ресми өкілдер ғана кепілдік бере алады", - делінген министрлік хабарламасында.  Бұл жерде автобустар, жеңіл және жүк көліктері туралы айтылып отыр. Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай бұйрық қабылдауға шетелдік автомобиль техникасының импортын реттеу қажеттілігі себеп болған. Сондай-ақ, кіргізген автокөліктердің сатылымы үшін сатушылар мен импортшылардың жауапкершілігі күшейе түсуі қажет.

Похожие материалы