Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан қалаларына арналып естелік тиындар жасалды

Қазақстан қалаларына арналып естелік тиындар жасалды

Нейзильберг қорытпасынан жасалған жаңа тиындар айналымға шықты. Бұл жолғы естелік тиындар "Қазақстан қалалары" сериясымен "Астана", "Алматы", "Көкшетау", "Шымкент" қалаларына арналып жасалған.

Беткі жағының орта тұсында "50 теңге" атты тиынның номиналы көрсетілген жазу бар. Үстіңгі бөлігінде оюмен өрнектелген сегіз бұрыш, төменгі тұсында - ұлттық ою-өрнек бар. Номиналдың оң жағында "ҚҰБ" деген жазу, айналасы оюмен көмкерілген.

Келесі жағында қаланың елтаңбасы, айналасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналасқан.

Тиындар нейзильберг қорытпасынан жасалған. Диаметрі - 23 мм, салмағы -4,71 грамм, тиражы - әр түрінен 50 000 данадан.

Похожие материалы