Ұлттық экономика министрлігі жылжымайтын мүлікті және автокөлікті сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларға енгізілетін шектеулерді әзірлеуге кірісті деп хабарлады министрлік басшысы Ерболат Досаев.
"Бізде ақшасыз есеп айырысу бірінші кезекте жылжымайтын мүлікті және автокөліктерді сатқан кезде пайдаланылады. Сіздер білесіздер, барлығы да нотариалдық мәмілелер жасасады. Сол себепті осындай мәмілелер өткізген кезде төлемдер қолма-қол ақшасыз өтуі тиіс деген міндетке шектеу енгіземіз. Адамдар қолма-қол есеп айырысу кезінде алданған немесе тоналған оқиғалар мәлім. Бұл қауіпсіздік мәселесі", - деп мәлімдеді Е.Досаев бейсенбі күні Астанада өткенг брифингте.
Оның мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда жылжымайтын мүліктің 90%-дан астамы тек қолма-қол ақшалай есеп айырысу арқылы сатылады.
"Жақын арада жарияланатын долларсыздандыру жоспарында біз қандай заңнамалық актілерге өзгертулер енгізетіндігімізді көрсетеміз, Әділет министрлігімен бірлесіп сәйкес жұмыстарды бастап кеттік", - деп қорытындылады Е.Досаев.