Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Еуразиялық даму банкінен алған қарызы бойынша бірінші орында

Қазақстан Еуразиялық даму банкінен алған қарызы бойынша бірінші орында

Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz - 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындыға сәйкес, Қазақстан Еуразиялық даму банкінен алған қарыз көлемі бойынша бірінші орында тұр. Қазақстандағы ЕДБ-ның кредит портфелі шамамен 500 млн доллардан асады. Ал екінші деңгейлі банктердің доллардағы кредит портфелі екі есеге азайған, деп хабарлайды ranking.kz.

Еуразиялық даму банкінің Қазақстандағы кредит портфелінің долларға қатысты көрсеткіші теңге 50%-ға әлсіреген күннің өзінде 2016 жылы 28,1%-ға төмендеген. Ал Қазақстан экономикасын кредиттеу бойынша жалпы көлем 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 578,2 млн долларды құрады.

ЕДБ-ның доллардағы кредит портфелі қысқарғанмен, бұл Қазақстандағы банктерге аса әсер ете қоймаған. Алайда теңгенің әлсіреуінен екінші деңгейлі банктердің кредит портфелі біршама қысқарды. 2015 жылы Қазақстандағы банктер 70 млрд доллар шамасында кредит берген. Ал 2016 жылдың жартыжылдығындағы есеп бойынша, берілген кредит көлемі 42 млрд доллардан асады.

Похожие материалы