Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан әлемдегі қымбат 50 брендтің қатарына кірді

Қазақстан әлемдегі қымбат 50 брендтің қатарына кірді

Қазақстан мемлекеті Brand Finance компаниясының сарапшылары жариялаған ең қымбат 50 брендтің қатарына енді. "Қазақстан" бренді 175 млрд долларға бағаланды.

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстан брендтердің қатарында 44-ші орынға тұрақтады. Өткен жылы ұлттық бренд 164 млрд долларға бағаланған. Ал биыл 6 пайызға қымбаттады. Осылайша Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында 50 брендтің қатарына енген жалғыз мемлекет болды. Рейтинг көшбасшысы - АҚШ мемлекеті. Brаnd Finance сарапшылары брендті 19,7 триллион долларға бағалады. Екінші орында - Қытай, 6,314 триллион доллар. Қытай бренді өткен жылмен салыстырғанда 38 миллиард долларға арзандаған. Брендердің ондығына Ұлыбритания(3,01 триллион доллар), Жапония (2,541 триллион доллар), Франция (2,158 триллион доллар), Үндістан (2,137 триллион доллар), Канада (2,04 триллион доллар), Италия (1,445 триллион доллар) және Австралия (1,404 триллион доллар). Ал көрші Ресей мемлекеті 357 млрд долларға арзандап, 12 орыннан 18 орынға түсті.

Похожие материалы