Қазақстан мен Қытай зертханалық бақылау саласында ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Алматы. 1 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қытай Халық Республикасының Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасының өкілдерімен зертханалық бақылау саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуі өткізілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл Шаруашылығы Министрлігі.
Сапардың негізгі мақсаты – зертханалық бақылау саласында бірлесіп жұмыс істеу. Атап айтқанда, ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпиннің біздің Елбасы берген қазақстандық ветеринариялық зертханаларды аккредитациялау нәтижелерін тану мақсатында бірлескен шараларды әзірлеу.
Осылайша, тараптар екі мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындауына және азық-түлік өнімдерін зерттеу әдістері мен стандарттарын үйлестіруіне бағытталған бірлескен құжатты әзірлеу және қабылдау бойынша келісімге келді.
Сонымен бірге, тараптар зертханалық бақылау саласындағы тәжірибемен алмасу, ғылыми жетілдіру, тәуекелдер талдауын бағалау мәселер бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.
Бұл сапар қазақстандық өнімдердің қытай нарығына қол жеткізудің келесі маңызды қадамы болып табылады.