Алматы. 17 ақпан. 7kun.kz - Өткен жылы мемлекеттік бюджеттен елдің қорғанысы мен қоғамдық тәртіпке 1 трлн теңге бөлінген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 12 млрд көп. Бірақ жеке алғанда, қорғаныс шығындары 3%-ға қысқарып, қоғамдық тәртіпке бөлінген қаржы 5%-ға ұлғайыпты. Бұл туралы Ranking.kz порталы жазады.
Жалпы шығындар үлесі бойынша қорғаныс пен қоғамдық тәртіп әлеуметтік қолдау (21%) және білім беруден (18%) кейінгі үшінші орынды алады. Оның ішінде қорғанысқа қаржының 41-43%-ы, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот және қылмыстық әрекетке 57-59%-дан астам қаржы жұмсалады.
2017 жылы қорғанысқа 408 млрд теңге бөлу жоспарланған, оның ішінде қоғамдық тәртіпке бөлінетін қаржы тағы 482 млрд теңгеге көбейеді. Қорғанысқа бөлінетін республикалық бюджеттің 90 пайызы әскери қажеттіліктерден (2016 жылы 380 млрд теңге) және 10 пайызы төтенше жағдай кезіндегі жұмысты қамтамасыз етуге қажет шығыннан (43,5 млрд теңге) тұрады.
Ал қоғамдық тәртіп үшін бөлінетін қаржының 44 пайызы қауіпсіздікке, 28 пайызы құқық қорғау әрекетіне жұмсалады. Сот және қылмыстық істердің шығындары тиісінше 7 және 8 пайызды иеленеді.
Қорғанысқа бөлінетін қаржының үлесі бойынша ОҚО, Ақмола және Алматы облыстар алда. Олардың жалпы шығыны 2016 жылы 43%-ды құрады. Алматы қаласы мен Қарағанды облысы аздап артта қалып келеді.
Ал қоғамдық тәртіпке бөлінетін шығын бойынша Алматы және ОҚО (22 пайыз) деген өңірлерді атап өтуге болады. Одан аз шығын ШҚО, Қарағанды, Алматы облыстарымен Астанаға келеді. Олардың жалпы көлемі 54 пайызды құрайды.





