Экономика
IT, Технология
Қазақстан қор биржасында жаңа High Tech секторы құрылады
Қазақстан қор биржасында жаңа технологиялық сектор пайда болды. Ол сектор - High Tech. Бұл жөнінде KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская Алматы қаласында өткен Қытай-Ортаазиялық форумы барысында айтып өтті.
Жаңа сектор жоғарытехнологиялық компанияларға
инвестиция тартуға жағдай жасау үшін және Қазақстанның технологиялық компанияларының өсіміне әсер ету үшін жасалып отыр.
«2015 жылдың басында біз NASDAQ Dubai-мен серістестік туралы меморандумға қол қойдық. Келешекте нарықта «Т+2» жобасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Аталған сауда режімі кезең кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Алдымен акциялар бойынша, кейіннен қор нарығының өзге де құралдары арқылы. Осылардың барлығы келісім жасасқан күннің ертесіне шегерілген есептер регламентіне жүргізілетін болады. », — дейді Н.Хорошевская.
KASE-де жер қойнауын пайдаланушы компаниялар үшін де жаңа сектор қызмет көрсететін болады. Ол 200 жаңа әлеуметті эмитенттерді жұмылдырады.
Одан бөлек, Н.Хорошевская 2017 жылға дейін Астананың жаңа халықаралық қаржы орталығында (AIFC) жергілікті сараптама орталығы құрылатынын мәлімдеді. 2020 жылға дейін қаржы делдалдығының жергілікті орталығы ашылады деп күтілуде. 2024 жылға қарай Астанада жергілікті қаржы орталығы жұмыс істейтін болады. Ал, халықаралық қаржы орталығы 2025 жылға дейін құрылады.