Қазақстан Орталық Азияда инвестициялар салу бойынша ең қауіпсіз ел болып танылды. Бұл туралы REGNUM агенттігі хабарлайды.
Мұндай мәліметті Астанада жарияланған "Орталық Азия елдеріндегі шетелдік инвесторлар үшін өткен жылы туындаған тәуекелдер" баяндамасында келтірілген. Құжат авторларының бірі - «Минченко консалтинг» байланыс холдингінің директоры Евгений Минченко.
"Орталық Азия елдеріндегі инвесторлар үшін туындайтын саяси тәуекелдер" рейтингінде қаржы салу қауіпсіздігі бойынша бірінші орынды Қазақстан (18 балл), екінші орынды Түркіменстан (33 балл), үшінші орынды Өзбекстан (38 балл), төртінші орынды Қырғызстан (39 балл), бесінші орынды Тәжікстан (43 балл) иеленді. Рейтингте ең қауіпті деңгей шегі 50 балл ретінде көрсетілген.
"Өткен жылы сырттан келетін инвесторлар үшін қауіп-қатер Орта Азия елдерінің барлығында дерлік өсті", - деп көрсетілген баяндамада.
Бұған себеп ретінде құжат авторлары Украиндаға оқиғаларды, сондай-ақ "Ислам мемлекеті" тарапынан туындайтын қауіпті, кейбір елдердегі билік мәселесіне қатысты жағдайды келтіреді.
Сарапшылардың айтуынша, "еуразиялық интеграциялық құрылымдарға арқа сүйеу және ресейлік нарыққа еш кедергісіз кіру мүмкіндігі аталған жағымсыз тенденциялардан құтылуда шешуші фактор болуы ықтимал".