Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Францияның Total компаниясының басшысы Патрик Пуяннемен кездесу өткізеді.
Кездесі 14 сәуірге жоспарланған деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Total EP Kazakhstan - Қазақстанда Қашаған кен орнын өндірумен айналысатын North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының акционері (16,81%).
2016 жылдың желтоқсанында Қашаған кен орнындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, мұнай өндірісі басталады деген болжам жасалып отыр.