Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Республикасының тарихындағы сәуір айы

Қазақстан Республикасының тарихындағы сәуір айы

7kun.kz 1991 жылдан бері сәуір айында Қазақстан Республикасы басынан өткерген елеулі оқиғаларға шолу әзірлеп, назарларыңызға ұсынады.

1369860620_7

1991 жылдың сәуірі - ҚазССР президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Байқоңырға" барып, космосқа тұңғыш қазақ ғарышкерін ұшыру және ғарыш айлағын ҚазССР меншігіне беру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді. Дәл осы жылы 2 сәуірде Тоқтар Әубәкіров Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кіріседі.

1992

1992 жылдың 21 сәуірі - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа елде жаңа қалыптасып келе жатқан дипломатиялық корпустың өкілі, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Аргун Озпай алғашқы сенім грамотасын тапсырады.

1993

1993 жылдың 6 сәуірі - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Шеврон" компаниясының басқарма төрағасы және басқарушы директоры Кеннет Т.Дерді қабылдап, "Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорнын құру туралы ұзақмерзімді (40 жыл) құжатқа қол қояды. Әлі күнге кейбір сарапшылар "Ғасыр келісімі" аталған бұл істің Қазақстанға тиімсіз екенін айтады, алайда билік сол кезде республика басшылығының тәжірибесі жетпегенін, шикізат сатуға қатысты сынақтан өткен механизмдердің болмағанын алға тартып, ақталады.

1994

1994 жылдың 25 сәуірі - жергілікті алкогольсыз сусындар өндіретін "Тонус" АҚ, The Coca-Cola Company және түркиялық EFES group фирмасының негізінде бірлескен «Кока-Кола Алматы Боттлерс» кәсіпорны ашылады.

1995

1995 жылдың 29 сәуірі - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту бойынша Республикалық референдум өтеді.

1996

1996 жылдың 26 сәуірі - Шанхай қаласында Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Ресей және Тәжікстан шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісімге қол қояды. "Шанхай бестігі" атанған бұл интеграциялық бірлестік 2001 жылдан бастап құрамына Өзбекстан кірген соң Шанхай ынтымақтастық ұйымы ретінде белгілі болады.

1997

1997 жылдың 22 сәуірі - әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру мақсатында президент Жарлығымен Талдықорған және Торғай облыстары таратылады. Алғашқысы толығымен Алматы облысына енсе, кейінгісі Қостанай және Ақмола облыстарының құрамына бөлініп кіреді.

1998

1998 жылдың 10 сәуірі - Павлодар облысында "ХХ ғасырдың обасы" атанған ЖҚТБ (Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі - СПИД) жұқтырған алғашқы адам қайтыс болады. Павлодарда осы аурумен ауыратын барлығы 5 адам анықталады.

1999

1999 жылдың 4 сәуірі - Премьер-министр Нұрлан Балғымбаев пен Ұлттық банк басшысы Қадыржан Дамитов теңгенің еркін айналымға жіберілетіні туралы мәлімдейді. Келесі күні таңертең 110-120 теңге тұратын доллар кешке таман 160-қа бір-ақ көтеріледі, кейін 130-135 теңге деңгейіне қайта түседі. Орта есеппен 1 АҚШ доллары бір жарым есе қымбаттайды. Ұлттық банк мұндай қадамға ұлттық экспортшыларды құтқару және экономиканы тұрақтандыру үшін барып отырғандықтарын айтып ақталады, ал үкімет халықты дүрлікпеуге шақырады. 9 ай бойы банк шотынан ақшасын шешпеген азаматтарға доллар бұрынғы бағам - 88,3 теңгемен сатылатындығы туралы хабарланады.

2000

2000 жылдың 15 сәуірі - АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт Қазақстанға ресми іссапармен келеді.

2001

2001 жылдың 7 сәуірі - БАҚ-та "Ақшаны заңдастыруға байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына рақымшылық жасау туралы" заң жарияланады. Мұндай қадамға үкімет ел экономикасына қосымша қаржы тарту мақсатында барады.

[caption id="attachment_8197" align="aligncenter" width="637"]np.kz np.kz[/caption]

2002 жылдың 25 сәуірі - Қазақстан футбол одағы УЕФА-ның толыққанды мүшесі атанады. Бұған дейін бірде-бір мемлекет өз еркімен азиялық одақтан шығып, еуропалық одаққа қосылмаған болатын. ҚФО-ның сол кездегі президенті Рахат Әлиев көптеген келіссөз жүргізіп, елді Еуропалық футбол одағына кіргізеді, сөйтіп бірнеше жыл бұрын берген уәдесінде тұрады.

2003

2003 жылдың сәуірі - ҚДТ (ДВК) көшбасшыларының бірі, 6 жылға сотталған Мұхтар Әбіләзов өзін кешіруді сұрап арыз айтады. Нұрсұлтан Назарбаев оның тілегін қабылдайды, осы жылы мамырда Әбіләзов бостандыққа шығады.

2004

2004 жылдың 22 сәуірі - ҚР Парламенті Сенаты Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімді ратификациялайды. Аталған келісім Беларус Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Украинаның кедендік аумағында бірыңғай экономикалық кеңістік құруды қарастырады.

2005

2005 жылдың 1 сәуірі - Астанада өткен кәсіпкерлер конгресінде "Атамекен" жалпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы құрылады.

2006

2006 жылдың 19 сәуірі - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің шешімімен "Қазақстан" телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Ғалым Доскен міндетінен босатылып, орнына Нұртілеу Иманғалұлы келеді.

Бұл жайт корпорацияға қарасты БАҚ журналистерінің наразылығын тудырады. Сол күні кешке олар тікелей эфирден өз қарсылықтарын білдіреді. Ал келесі күні Қазақ радиосының бас директоры Нұрлан Өнербаев бастаған бір топ қызметкерлер осы ахуалға байланысты арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мәлімдеме жасайды. Оқиға нәтижесінде жүзден астам "Қазақстан" ТРК қызметкері жұмыстан кетеді.

2007

2007 жылдың 1 сәуірі - Қазақстанның барлық қалаларында казинолар мен ойын автоматтарына тыйым салынады. Бұдан былай ойын құрып, ақша ұтамын деген адам тек Қапшағай және Щучинск қалаларына бару керек болады. "Ойын бизнесі туралы" заңның арқасында бірнеше мың объект жабылады.

2008

2008 жылдың 2 сәуірі - Алматыда Пекин олимпиадасы алауының эстафетасы басталады. Орталық стадионда Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сиюнның қолынан алауды алып, жүгіріп өтіп, Бақтияр Артаевтың қолына тапсырады.

2009

2009 жылдың 1 сәуірі - бұрынғы шенеунік және депутат Татьяна Квятковская саясат сахнасына қайта шығып, "Қазатомпромның" басшысы Мұхтар Жәкішевтың іс-әрекеті ел қауіпсіздігіне нұқсат келтіруі мүмкін деп мәлімдеме жасайды және бас прокурор мен ҰҚК төрағасын аталған мәселе бойынша тексеріс жүргізуге шақырады. Ол Жәкішевті уран көздерін сатты деп айыптайды. Алайда сол күні үкіметтік органдардың тексеру жүргізгендігі және заңғы қайшы келетін ештеңе таппағаны туралы ақпарат жарияланады. Тек сол жылдың 25 мамырында ғана Мұхтар Жәкішев "аса ірі көлемде қаржы ұрлады" деп айыпталып, тұтқынға алынады.

2010

2010 жылдың 15 сәуірі - қазақстандық билік 04-ші әскери бортпен Қырғызстаннан көрші мемлекет президенті Құрманбек Бәкиевты алып шығып, Тараз қаласына жеткізеді. Сол жерде ол қызметінен кететіні туралы құжатқа қол қояды. Үкіметке қарсы толқулар Қырғызстанда 6 сәуір күні басталған болатын.

[caption id="attachment_8213" align="aligncenter" width="800"]2011 azattyq.org[/caption]

2011 жылдың 3 сәуірі - Қазақстанда президент сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Жамбыла Ахметбеков – 1,4%, Мэлс Елеусізов – 1,2%, Ғани Қасымов – 1,9%, за Нұрсұлтан Назарабев – 95,5% дауыс алды.

2012

2012 жылдың 10 сәуірі - Жанна Исабаеваның "Теряя невинность в Алматы" атты фильмі қазақстандық прокатқа шықпай жатып, біраз кинотеатрдың кестесінен "түсіп" қалды. 13 бөлімнен тұратын киноальманах үлкен дүрбелең туғызады, тіпті кейбір азаматтар "егер көрсетсеңдер, келіп, кинотеатрларыңның астан-кестенін шығарамыз" деп қоқан-лоқы жасайды.

[caption id="attachment_8216" align="aligncenter" width="720"]2013 forbes.kz[/caption]

2013 жылдың 26 сәуірі - Алматы қаласында брифинг өткізіп жатқан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке қарағандылық белсенді Андрей Цуканов жұмыртқа лақтырады. Цуканов осылайша әйелдерді зейнетақыға шығару жасын көтеруге қарсылық білдіргені туралы мәлімдейді. "Жұмыртқа лақтырушы" осы оқиғадан кейін 7 тәулікке қамауға алынды.

2014

2014 жылдың 2 сәуірі - Серік Ахметов отставкаға кетіп, Кәрім Мәсімов Қазақстан премьер-министрі болып қайта тағайындалды. Үкімет құрамы айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ.

Қазақстан Республикасы тарихындағы ақпан айы

Қазақстан Республикасы тарихындағы наурыз айы

Похожие материалы