7kun.kz 1991 жылдан бері тамыз айында Қазақстан Республикасы басынан өткерген елеулі оқиғаларға шолу әзірлеп, назарларыңызға ұсынады.
1991 жылы Елбасы Жарлығымен республикада Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі мақсаты еліміздің егемендігін, мемлекеттілігін, экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымына кірді.
1993 жылы Алматыда Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев өмірден өтті. Ол республика басшылығына 60-шы жылдары келіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметінде 1986 жылдың 16 желтоқсанына шейін отырды.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін құру туралы» (қазіргі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекет қызмет академиясы) Жарлығы жарияланды.
1995 жылы Мысыр астанасы Каирде Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына арналған салтанатты кеш өтті.
1996 жылы Венгрияда Қазақ мәдениетінің күндері өтті.
1997 жылы Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде Елбасы Н.Назарбаевтың қытай тілінде жарық көрген «Ғасырлар тоғысында» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді
1998 жылы Алматыда композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
1999 жылы Қазақстан, Эквадор, Ирландия, Малайзия мен Тунис жаппай қарусыздану жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы конференциясының құрамына кірді.
2000 жылы Қостанай қаласындағы № 9 мектепке ақын Ғафу Қайырбековтың есімі берілді.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Қызмет» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» қаулысы жарық көрді.
2002 жылы Н.Назарбаев «Астана - Бәйтерек» монументінің ашылу салтанатына қатысты. Идея авторы еліміздің тұңғыш президенті - Н.Назарбаев. Архитектуралық авторлар тобының жетекшісі - А.Рүстембеков. Қазақ аңыздары бойынша Бәйтерек - өмір мен өркендеудің символы. Құрылыс биіктігі - 97 метр. Төбесіндегі шардың диаметрі 22 метр. Мұнда демалушыларға арналған дәмхана, аквариум, т.б. қосалқы қызмет көрсететін бөлмелер бар.
2003 жылы Алматыда «Балтика-Транзит» жүрдек контейнерлік пойызының таныстырылымы өтті. Пойыз Еуропа елдерінен(Латвияның, Литваның, Эстонияның, Ресейдің) Орталық Азия мемлекеттеріне(Қазақстан және Өзбекістан) қысқа мерзімде Балтық порттары арқылы жүк тасымалдайды.
2004жылы Ә.Қастеев мұражайында «ICOMOS Қазақстанда» атты жаңа қоғамдық ұйымның тұсаукесер рәсімі өтті. ICOMOS мақсаты - әлемдегі мәдени мұралардың сақталуына көмек көрсету. Әлемде 7 мыңға жуық жеке тұлға мен ұйым аталған ұйымның мүшесі. Олар өз қызметтерін 110 елде орналасқан ұлттық комитет желілері арқылы жүзеге асырады.
2005 жылы Павлодарда Баянауыл ауданының тарихы туралы кітаптың таныстырылымы өтті.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық сотын құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
2007 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер бетіндегі бейбітшілікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін АҚШ-тың «Нова» университеті бекіткен Халықаралық бейбітшілік сыйлығының тұңғыш лауреаты атанды.
2008 жылы Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Есіл» ауданы құрылды.
2009 жылы Өскеменде Абай мен Пушкинге ескерткіштері салтанатты түрде ашылды.
2010 жылы Алматы облысынында экстремистік бағыттағы топта деген күдікпен он екі адам қол түскен-етін.
2011 жылы Қызылағаш ауылындағы тасқынға қатысты қылмыстық іс аяқталып, Талдықорған гарнизонының әскери сотына жіберілді. 2010 жылы 12 наурызда ауылдағы су тоғаны жарылып, 45 адам қайтыс болған еді.
2012 жылы таңғы сағат сегіздер шамасында Астана аэродромының маңайында оқу-жаттығу кезінде Ми-17 тікұшағы құлап, бродтағы төрт экипаж қаза тапқан-етін.
2013 жылы Қазақстан бойынша жанармай тапшылығы орын алды.
2014 жылы «Дала дауысы» ІІІ Халықаралық радиофестивалі бастау алды. «Дала дауысы» - музыка арқылы қазақ тілін дүниежүзі елдері арасында насихаттайтын Қазақстандағы бірінші радиофестиваль.