Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Республикасының тарихындағы қыркүйек айы

Қазақстан Республикасының тарихындағы қыркүйек айы

7kun.kz 1991 жылдан бері қыркүйек айында Қазақстан Республикасы басынан өткерген елеулі оқиғаларға шолу әзірлеп, назарларыңызға ұсынады.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Ғарыштық зерттеулер агенттігі мен Жер мәселелері және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды.

1

1992 жылы «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.

2

1992 жылы Дүниежүзі қазақтары құрылтайының алғашқы салтанатты мәжілісі өтті.

3

1992 жылы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жастар үшін Мемлекеттік «Дарын» сыйлығын тағайындау туралы қаулы қабылдады.

????????????????????????????????????

1993 жылы Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан басшылары Орталық Азияда Экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойды.

5

1993 жылы Теміртау қаласының маңынан қазақстандық геологтар металл, алтын, қола, молибден концентрациясына және басқа да құнды элементтерге бай мыс кенін тапты.

6

1993 жылы Венада өткен МАГАТЭ Бас конференциясының 37-ші тұрақты сессиясы Қазақстанды осы халықаралық ұйымға мүше етіп қабылдады.

7

1994 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен «Қуат» холдинг-компаниясы мен «Амлон Трейдинг ЛТД» британ фирмасы негізінде «ҚуатАмлонМұнай» атты алғашқы жеке мұнай компаниясы құрылды.

Oil Well Pumps --- Image by © Craig Aurness/CORBIS

1994 жылы Алматыда Райымбек батыр кесенесінің салтанатты ашылу рәсімі болды.

9

1995 жылы Украина астанасы Киевте Абайдың 150 жылдығына арналған мереке өтті.

10

1996 жылы Алматыдағы Кеңсай зиратында жазушы Оралхан Бөкеевтің зиратына ескерткіш орнатылды.

11

1997 жылы қазақ күресінен алғаш  Әлем чемпионаты өтті.

12

1997 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы құрылды.

13

1998 жылы Алматыда танымал композитор Әсет Бейсеуовке ескерткіш орнатылды.

14

1999 жылы Австралияның Инебург қаласында өткен дүниежүзілік кинофестивальде Сатыбалды Нарымбетовтың «Көзімнің қарасы» фильміне бас жүлде берілді.

15

2000 жылы Семейде «Абай күні» атты 1-ші Халықаралық поэзия фестивалі өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Түркия және Жапониядан танымал жазушылар мен ақындар қатысты.

IMG_3954

2001 жылы Павлодар қаласында Мәшһүр Жүсіп мешітінің ашылу салтанаты болды.

16

2001 жылы Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикалары арасындағы екі жақты келісімшарт негізінде Нұр-Мүбәрәк  Египет Ислам университеті  құрылды. Университетте ислам теологтары, имамдар, араб тілі мамандары, аудармашылар  мен елтанушылар дайындалады.

17

2002 жылы ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетін ежелгі Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет пен ғылым өркендеген көне Тараздың 2000 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды.

18

2003 жылы Астанада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съезі басталды.

19

2004 жылы Қазақстан әйелдерінің IV форумы ашылды.

120613 forum

2005 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жаңа жол ауылында қазақтың Халық батыры, ІІ Дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш орнатылды.

20

2005 жылы Сеулде Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар институты (ҚМПҚИ) мен Корея Республикасының Каннам университеті (КУ) арасында Академиялық алмасулар және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Каннам университеті Оңтүстік Кореяның мәртебелі оқу орындарының бірі. Бүгінгі таңда бұл жоғары оқу орны гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарға мамандануда. Іргесі 1886 жылы қаланған Ихва білім ордасы - әлемдегі аса ірі университеттердің бірі болып табылады. Оның құрамында 14 колледж бар, 21 мың студент оқиды.

21

2005 жылы «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясы мен Қазақ мәдени орталығының қолдауымен Нью-Йоркте белгілі қазақстандық суретші, кітап безендіру шебері Ғали Мырзашевтің көрмесі ашылды. Түрлі халықаралық байқаулардың лауреаты, Бүкілодақтық мемлекеттік кинематографистер институтының түлегі Ғали Мырзашев американдық өнер әуесқойларының назарына «Уақыт жолдары» деген атпен өз туындыларының топтамасын ұсынды. Қазақстанмен бейтаныс американдық өнерсүйер қауым ұлттық мәдениеттің байлығы мен өзіндік бейнесіне зор қызығушылық танытты.

22

2006 жылы Астанада «Бейбітшілік және келісім» сарайының ашылу салтанаты өтті. Жоба авторы - танымал британдық сәулетші Норманн Фостер. Ғимарат биіктігі 62 метр, онда 1,5 мың адам сиятын опера театры, үш қабатты мұражай, көрме және концерт залдары, діни конфессиялардың кеңселері орналасқан. Аталмыш нысанды түріктің «Сембол Иншаат» компаниясы салған.

23

2007 жылы Алматыда «Шебер қол» бірінші халықтық қолөнер фестивалі өтті.

24

2007 жылы Алматыда «Абай жолы» романының орыс тіліндегі жаңа аудармасының таныстырылымы өтті.

25

2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордадағы халықаралық республикалық қазақ-түрік лицейі салтанатты түрде ашылды.

26

2009 жылы Прагада Чех Республикасында Қазақстан халқының мәдениет күндері ресми түрде ашылды.

27

2011 жылы Қаламқас кен орнында жаңа газ-компрессорлық стансаның ашылуы өтті.

28

2012 жылы Кавказдағы Ессентуки шипажайында жаңартылған «Қазақстан» шипажайы ашылды.

29

2012 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың интерактивті дәріс оқуы аясында «Назарбаев Университетінде» орта және жоғары білім беру менеджерлерін оқытатын Жоғары білім мектебі ашылды.

30

2013 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесі кешенінің эскиз-идеясын таңдау жөніндегі архитектуралық конкурстың нәтижесімен танысты. Қазақстан Президентіне көрменің өлшемдеріне анағұрлым сай келетін жобалар өз параметрлері бойынша ұсынылды.

31

2014 жылы Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов таеквондо (WTF) бойынша қара белдеу мен 7-дан иегері атанды.

32

Похожие материалы