Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Республикасының тарихындағы желтоқсан айы

Қазақстан Республикасының тарихындағы желтоқсан айы

7kun.kz 1991 жылдан бері желтоқсан айында Қазақстан Республикасы басынан өткерген елеулі оқиғаларға шолу әзірлеп, назарларыңызға ұсынады.

1991 жылы Қазақстан Президентін тұңғыш жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен жеңіске жетті.

1Беларусь, Ресей және Украинамен 1991 жылғы желтоқсанның 8-інде Минскіде ТМД құру туралы келісімінде қол қойылған мемлекетаралық бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды (ТМД).

2

1992 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң қабылдады.

5

1993 жылы Бішкекте құрылған рухани байлықтың қайта түлеуіне жәрдемдесуші «Руханият» халықаралық қауымдастығы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа «Жыл адамы» құрметті атағын берді.

7

1994 жылы ақын Мұхтар Шахановқа «Қырғыз Республикасының ел ақыны» атағы берілді.

8

1995 жылы ақын Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әліге «Қазақстанның Халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

9

1995 жылы Республикалық апталық «Целина» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

10

1996 жылы Ақмола аграрлық университетіне қоғам қайраткері, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді.

11

Алматыдағы Республика алаңында Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанаты болды.

13

1997 жылы Алашорда қайраткерлері Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқайға арналған деректі фильм жарық көрді.

14

Ақмола қаласы (қазіргі Астана) Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

16

1998 жылы оппозициялық-демократиялық бағыттағы Қазақстан республикалық халықтық партиясы құрылды. Партия лидері - Әкежан Қажыгелдин.

[caption id="attachment_29427" align="alignnone" width="949"]7f83e3cdac6685001ac666d87a9b9f31_big Ә.Қажыгелдин сол жағынан үшінші[/caption]

1999 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында жазушы Ілияс Есенберлиннің мұражай-үйі ашылып, қаламгер тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

20

2000 жылы Алматыда ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат Абылай ханға ескерткіш ашылды.

21

«Айгөлек» балалар журналының алғашқы саны жарық көрді.

22

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Даму банкі құрылды.

23

2001 жылы Амангелді газ кенорнынан алғашқы газ алынды.

[caption id="attachment_29441" align="alignnone" width="800"]800x450_amangeldy_gaz_DSC_6834 Фото:ztgzt.kz[/caption]

2002 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Бейжің университетінің құрметті докторы ғылыми атағы берілді.

25

2003 жылы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

26

2004 жылы Ә.Қастеевтің 100 жылдығына арналған тиындар мен пошта маркалар альбомының тұсаукесер рәсімі өтті.

27

2004 жылы Алматыда Қазақстанның тарихы, мәдениеті және өнері туралы «World Discovery Kazakhstan» журналының бірінші саны жарық көрді.

30

2005 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданының орталығында Қанжығалы Бөгенбай батыр атындағы мұражай ашылды.

32

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс» ғарыш аппаратымен «Союз» зымыран тасымалдағышы ұшырылды.

33

2006 жылы Колумбия университетінде режиссер Сұлтан Қожықовтың атақты «Қыз Жібек» фильмі көрсетілді.

34

2007 жылы Софияда Олжас Сүлейменовтің танымал «Аз и Я» кітабының болгар тіліндегі аудармасының таныстырылымы салтанатты түрде болып өтті.

[caption id="attachment_29443" align="aligncenter" width="588"]IMG_1144 Фото:dialog.kz[/caption]

2007 жылы Алматыда бірінші «Құлагер» атты ұлттық кинематография сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі болып өтті.

[caption id="attachment_29444" align="aligncenter" width="536"]h02 Фото:np.kz[/caption]

2008 жылы Алматыдағы «САГА» баспасынан Серікбол Қондыбайдың «Арғы қазақ мифологиясы» атты кітабы  жарық көрді.

37

Ақтөбеде қазақ халқының танымал қоғам қайраткері Байбекұлы Әйтеке би ескерткіші ашылды.

38

2009 жылы жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әбіш КЕКІЛБАЕВҚА «Қазақстанның Еңбек ері» атағы берілді.

39

2009 жылы Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов Олимпиада орденімен марапатталды. Ұлттық олимпиадалық комитеттің алтын ордені өңір басшысына спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҰОК атқару комитетінің шешімімен берілді.

40

Ереванда Қазақстанның Армениядағы Елшілігі армян тіліне аударылған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» кітабының ресми таныстырылымын өткізді.

41

Шымкентте Әбілхан Қастеевке арналған ескерткіш орнатылды.

42

2010 жылы Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында Отан соғысының ардагері, Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

44

2011 жылы Жаңаөзен қаласында кеншілердің наразылық шеруі өтіп, соңы қақтығысқа ұласты. 15 адам қайтыс болып, ондағаны жарақат алды.

911432036

ҚР Мәдениет министрлігі «Мәдени мұра» ақпараттық порталын іске қосты.

[caption id="attachment_29455" align="aligncenter" width="600"]14ee4c66aeab65a4cc6affc941f Фото:gov.kz[/caption]

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында «Мәңгілік Ел» салтанатты аркасының ашылу салтанатына қатысты.

46

2012 жылы Астанадағы «Алау» мұз сарайы ТОП-10 үздік мұз айдындардың қатарына енді.

47

Сақ кезеңі археологиялық қазбалары негізінде «Қанатты барыс туралы аңыз» мультфильмі түсірілді.

48

2012 жылы Мәскеуде жаңа  «Алматылық»  метросының станциясы ресми ашылды.

49

2013 жылы Астанада «Жас тұлпар» алғашқы сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

[caption id="attachment_29456" align="aligncenter" width="568"]a26j6459 Фото:vechastana.kz[/caption]

2014 жылы Киевте Жаңаөзен қаласындағы наразылық шеруіне байланысты арнайы көрме өтті.

img-2989

Фото: odfoundation.eu

Похожие материалы