Мұстафа Кемал Ата Түрік Түркия Республикасының 10 жылдығында сөйлеген мына керемет сөздері Түркия мен Түркістан, арасындағы ежелгі байланыстардың ең шынайы көрінісі болып табылады.
«Бүгін Кеңестер Одағымен доспыз, көршіміз. Бұл достық бізге керек. Бірақ ертеңі не болатынын ешкім де кесіп айта алмайды. Тура Осман империясы сияқты немесе Австрия-Венгрия сияқты бөлшектенуі де мүмкін. Бүгін қолында қыспаққа ұстап отырған халықтар уысынан шығуы мүмкін. Дүние жүзі жаңа бір деңгейге жетуі мүмкін.Міне, со кезде Түркия не істеуі керектігін білуі тиіс... біздің бұл досымыздың басқаруында тілі бір, сенімі бір, тегі бір бауырларымыз бар. Олпрға қолдау көрсетуге дайын емес. Дайындалу керек. Халықтар бұған қалай дайыцндалады? Рухани көпірлерін нығайту арқылы. Тіл-көпірі, сенім көпір негізімізді оралуымыз керек және оқиғалар бөлген тарихымыз ішінде бірігуіміз керек. Олардың бізге жақын жақындасуын күте алмаймыз. Біз оларға жақындасуымыз керек» деген.[i]
1923 жылы 29-қазанында Мұстафа Кемал Түркия Республикасын жарияалады. Мұстафа Кемал Түркия Республикасының бірін-құрылыс, құқықтық қатынастар, мәдениет және тұрмыс сапаларында реформалар жүргізді. Экономика саласында бірсыпыра прогресшіл шаралар жүзеге асырылды. Шетел концессиялары түгел дерлік жойылды және сатып алынды, ұлттық банктер құрды, бірқатар жаңа темір жол, порт құрылыстары, өнеркәсіп орындары салынды.
Сонымен тұңғыш Түркия Президенті Мұстафа Кемал болжағандай 57 жылдан кейін Кеңес Одағы ыдырай бастады.
«1990 жылы тұнғыш рет Түркияадан мәдениет министірі Намук Кемал Зейбек ресми сапармен Қазақстанға келеді. Ол Қазақстан мен Түркияның мәдени байланыстарын дамыта түсу жөнінде бірнеше келісім шарттарға қол қояды. Бұл келісім шарт бойынша Түркия мемлекеті Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауйдің кесенелерін қалпына келтіруді өз мойындарына алады».[ii]
«1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР-і Президентінің шақыруы бойынша Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Озал Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапарымен келді. Осы сапар кезінде Н.Назарбаев пен Тұрғыт Озал Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының арасында ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімде мәдениеттерінің, тілдерінің, рухани мұра мен дәстүрлердің ортақтығы біріктіретін екі ел халықтарының саяси сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялы, мәдени, гуманитарлы, хабарламалық және басқа салалардағы ұзақ мерзімді негіздегі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, тереңдетуге ұмтылды».
Қазақстан мен Түркия арасында саяси, экономика, мәдени қатынасы тез дамып кетті. Бүкіл Түркия Республикасының Ата Түрік Мұстафа Кемал өзінің 10-жылдық тәуелсіздігінде сөйлеген сөзінен кейін 58 жылдан кейін қатынастық бастамасы еді. Бұл қатынас Түркияның 58 жыл бойы Қазақстанның тәуелсіздігін күткендігін, оған жақсы дайындалғандығын көрсетіп отыр. Екі Елдің арасында дипломатиялық достық, ынтымақтастық қарым-қатынастары орнатыла бастады. Бірақ айта кететін бір нәрсе 1992 жылы Стамбулда Түркі мемлекеттерінің бас қосуында Түркияның Президеті «Түркішілдік Одағын» құруға ұсыныс жасағанда Н.Назарбаев қол қоюды қарсылық білдірді Өзбекстан Президенті Ислам Каримовта бұл ұсыныстан қол қоюдан бас тартты.[1]
Ал 1994 жылы екінші түрік мемлекетінің басшыларының бас қосуы болды. Бұл бас қосуда Н.Назарбаев түркі мемлекеттерінің Президенттеріне Еуразия одағын құруға ұсыныс жасады. «Н.Назарбаев бұл одақ әскери емес, мемлекеттер арасындағы дипломатиялық, экономикалық және мәдениеттер қарым-қатынастарың дамуы үшін еді».[2]
«Қазақстан мен Түркия арасында 9-жылдық дипломатиялық қарым-қатынаста 66 құжатта қол қойып, оның ішінде 49 мемлекет аралық құжатта қол қойылды».[3]
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Түркия Республикасымен сауда-экономикалық қарым-қатынас кең қанат жайды. Екі елдің арасында сауда қатынасы 1992-жылы 30 миллион АҚШ доллары болса, 1997жылы-360 миллион АҚШ долларын құрады, ал 2000 жылы-460 миллион АҚШ долларын құрады.
Қазақстан территориясында Түркия кәсіпорындары Қазақстан кәсіпорындарымен бірлесіп жұмыс істеуде «Қазіргі кезде Қазақстанда қазақ-түрік бірлескен 321 кәсіпорындары бар».
Осы кәсіпорындар Қазақстанда қазіргі таңда ТМД елдерінің арасында ішкі өнім шығарудан бірінші болып отыр. Екі елдің арасында транспорт пен коммуникация қарым-қатынасы да дамып келеді.
«1995 жылы Түркия Президенті Сүлеймен Демирел мен Н.Назарбаев екеуі экономикалық ынтымақтастыққа келісім шартқа қол қойды.» Бұл келісім шартқа «негізінен Қазақстанның Каспийдегі мұнайын Түркияның территориясы арқылы Еуропа базарына шығару туралы келісім шартқа қол қойылды»
Сүлеймен Демирел екі ел арасында транспорт қатынасы туралы мынандай ұсыныстар айтты: Бұрынғы орта ғасырлық сауда жолы Жібек жолын қалпына келтіру, Иран мен түркіменстан арасындағы темір жол арқылы Түркия мен Қазақстан арасындағы темір жол қатынасын орнату. Кавказ территориясынан тас жол қатынасы және Каспий теңізі мен Волга ме Дон өзендері арқылы кеме қатынасын орнату туралы ұсыныс жасады.
Туысқан ел арасында мәдениет қатынасы дамуда. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін екі ел арасында мереке тойлар өткізу мен мәдени күндерін өткізу туралы келісімге қол қойылды. 1995-1996жылдары Түркия мен Қазақстан мәдениет күндері болды.Түркия қазақ халқының ақындары мен жжазушылардың мерей тойларын қарсы алды. Олар «Абайдың-150 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығының мерей тойлары және конферецияларда өткізілді».[4]
«1996-1998 жылдары аралығында Қазақстан мен Түркия арасындакғы мәдени ынтымақтастықты дамыту жөніндегі хаттамада мәдениет министірі Т.Мамашев пен И.Қақарман қол қойды».[5]
Бұл хаттамада мәдениет және өнер саласындағы байланыстарды одан әрі тереңдету туралы мәселелер қамтылған. Атап айтқанда түрлі фестивальдер, конференциялар ұйымдастыру, кино апталықтарын өткізу тағы басқа шаралар қарастырылды.
2000 жылы қазан айының 19-21 күндері аралығында Түркия халқының ежелгі ХҮ ғасырлық тарихы бар Түркістанның 1500 жылдық мерейтойын тойлады. «Бұл мереке тойға Түркі халықтарының мәдени министрлері келді. Және бір айта кететін жайт Түркия Республикасының 10-Президенті Ахмет Неджет Сезер қатысты».[6]
«Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі рестраврацияланды. ХҮІІІ ғасырда қазақ хандарының үш жүз болып біріктрілген Абылай ханның мәйіті Ақсарайға арулап қайта қойылды. Түркістанның 1500 жылдық тойына Қазақстан ғалымдары «Түркістан энциклопедиясын» жарыққа шығарды. Бұл энциклопедияда түркі халқының тарихы мен мәдениеті туралы жазылған».[7]
Қазақстан мен түркия Республикасы арасында ғылым мен білім саласында да ерекше орны бар.
Екі туысқан елдің ғылымдары конференциялар ұйымдастырылды.Бұл конференцияларда екі елдің ғылымдары өздерінің бағалы материалдарын алмастыру, әдебиет шығармаларын және тағы басқа еңбектерін аудару туралы шешім қабылдады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан қаласында 11 мыңдай студент оқиды, оның 500студенті Түркия азаматтары. Шымкент қаласындағы бөлімінде 6000 мыңдай студент оқиды, оның 100 студенті Түркия азаматтары. 1995 жылы Алматы қаласында Сүлеймен Демирелдің атынан ақылы университет ашылды.1991-1992 жылдары Түркістан қаласында тұңғыш рет қазақ-түрік лицейі ашылды. Қазіргі таңда 30-ға жуық қазақ-түрік лицейлері бар.
Қазір лицейде 6 мыңдай қазақ жастары оқиды. Олар қазақ, ағылшын, түрік тілдері жүргізіледі және компютермен де сабақтар жүргізіледі.[8]
Осылайша Қазақстан мен Түркия Республикасының жан-жақты салада қатынастарын дамуы тарихи құбылыс сипатын алып отыр. Сондықтан да бұл мәселені зерттеу, талдау олардың бағыттарына сипаттама беру қажеттілігі қалыптасып отыр. Осыған орай мен осы жұмысымда арнайы зерттеу жасап оқулық жұмысын жасауды көздедім.
Сонымен Қазақстан мен Түркия Республикасының қарым-қатынастары туралы сол кездерде бірқатар еңбектер мен кітаптар, ғылыми мақалалар жарыққа шыға бастады.
Қазақстан мен Түркия Республикасының қарым қатынастарын бастамасы екі елдің тұңғыш рет келісім жасау министрлердің дипломатиялық қатынастардың бастамасы, кәсіпорындардың бірлесу туралы Келімбетов М. «Қазақстан коммунисі» газетіне жазды.[9]
Н.Назарбаев тәуелсіздік алған кезде тұңғыш мойындаған және туысқан Түркия Республикасының Президенттері туралы өз еңбегінде жазады.[10]
1996 жылы Түркия Республикасында Қазақстан мен Түркия Республикасының 5 жылдық дипломатиялық, экономикалық мәдениет қарымқатынастары мен екі елдің 5 жылда жасалған келісім шарттар туралы жазылған еңбек шықты.[11] Фейзуллах Будак ежелгіден қазіргі қазақстанның тарихы туралы өз еңбегін түрікше жазып шығарады[12].
2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессорлары мен оқытушылары Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым қатынастары туралы зерттеп өз еңбектерін жазып шығарды[13]. 1996 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің 5 жылдық білім жетістіктері туралы еңбек жазып шығарды[14]. Нарибаев М. Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық қатынастары туралы мақаласын жазды. Бұл мақалада Түркия мен қазақстанның екі жақты экономикалық қатынастары, инвестиция, біріккен кәсіпорындар, сауда қатынастары туралы жазды[15]
Н.Назарбаев 1994 жылы Түркияға ресми сапармен барғанын және түркі тілдес халықтардың Еуразия Одағын құру туралы «Халық Кеңесі» газетіне жазып шығарады[16]. Ибрагим Қазақстанның Түркияменг экономикалық қатынасы мұнай саласы мен сауда қатынасы туралы «Түркия мен Қазақстан» деген мақаласын жазады[17].
- Қазақстан мен Түркия қатынастарының дамуы және оның қәзіргі кезектегі мәселелері
1.1 Қазақстан Республикасымен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы.
Дипломатиялық қатынастар – «Халықаралық құқық ережелеріне және тәжірибесіне сай, мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды ұстаудың негізгі нысаны»[18].
Дипломатия-дегеніміз ол Мемлекеттің сырқы саясатын жүргізу тәсілі, яғни ол әскери емес тәжірибелік іс-шаралардың жиынтығы, белгілі бір мәселелерді шешуге арналған қабылдаулар мен әдістер шет елдегі мемлекет және Үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің, сырқы істер ведомстволарының, дипломатиялық өкілдіктерінің, ресми қызметі: мемлекеттің сырқы саяси мәселелерін және мақсаттарын жүзеге асырушы халықаралық конференциялардағы делегациялар, сонымен қатар мемлекеттің шетелдегі азаматтардың және мекемелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау қызметі.
«Дипломатия» ұғымын, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдетумен, сонымен қатар қалықаралық қатынастарды болдырмау не реттеу мақсатында жүргізілетін келіссөздер өнерімен байланыстырады.
Тәжірибедегі ең негізгі және ең кең тараған дипломатиялық тәсілдер мыналар: жоғарғы және жоғарғы деңгейдегі ресми және басқа визиттермен келіссөздер: дипломатиялық конгресстер, конферециялар, кеңестерімен кездесулер, екі жақты және құжаттарды бекіту, халықаралық ұйымдар және олардың өкілдегі, дипломатиялық хат алысу, дипломатиялық құжаттардың құрылуымен көп жақты дипломатия аса маңызды мәнге ие болды.
Мемлекеттің дипломатиялық қызметін Үкімет тікелей басқарса-сыртқы істер ведомствосы оны жүзеге асырды.
1990 жылы сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССРО-інің Президенті болып сайланды. Н.Назарбаев Қазақ КСР Конституциясы мен 1995 жылы 25 қазан айында қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туалы Декларацияға сәйкес жұмыс істеуді қазақ КСР сырқы істер Министірлігі де негізгі бағыт етіп ұстанып Декларацияның 14-бабында былай делінген: «Қазақ КСР-інің халықаралық қатынастардың дерьес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүддесіне Біріккен ұлттар ұйымының және мамандандырылған мекемелердің қызметіне қатысуға құқығы бар.
Республика шет мемлекеттермен экономикалық және сауда байланыстарын еріктілік пен тең құқылық принциптерінсақтай отырып, өзара шаттар негізінде құрады, сыртқы экономикалыққызмет мәселелері дербес шешеді».
1991жылы 4 наурызда Алматыдағы Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Озал арасында келіссөз болды, «тұңғыш рет екі елдің өзара экономикалық сауда, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын кеңейту жөнінде 11 баптан тұратын келісім-шартқа қол қойылды».
Қазақ КСР сыртқы істер министірі А.Х.Арыстанбекова мен Түркия Республикасының сырқы істер министірі, А.Куртджебе Альптемочин арасындағы екі министірліктің өзара кеңестер жасауы туралы хаттамаға қол қойылды. «КезіндеҚазақстан Үкіметі 1994 жылдан бері республикада сыртқы істер министірлігі құрылғалы мынадай хаттамаға бірінші рет қол қойып отыр»[19].
Екі ел сыртқы істер министірліктері Қазақ КСР-і менТүркия Республикасы арасындағы екі жақты келісімділіктің жүзеге асыруымен қол қойылған хаттамалардың орындалуы жайлы бір-бірін үнемі хабардар етіп отыр. Сол сияқты екі ел мекемелері өзара қарым-қатынастық жағдай туралы, сонымен қатар екі жақтың да мүддесіне сай келетін халықаралық өзекті проблемалар, сыртқы-саясаттық, экономикалық және қаржылық мәселелері туралы кеңес жүргізіп отыруға келісті.
Хаттаманың 4-ші бабында: екі ел сыртқы істер министірліктері екі республика арасында елшілік қызмет орнатуға екі жақты тиімді негізде елшілік өкілдіктер ашуға, сонымен қатар екі министірліктің елшілік қызметтері арасында кеңестер жасап отыу жайлы ниеттері бар екендігін мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының 1991жылы 16 желтоқсан күні жариялаған тәуелсіздігін дүние жүзінде алғаш таныған мемлекет Түркия болды.
Түркияның бұл дипломатиялық белсенділігі Қазақстанда үлкен бір қуанышпен қабылданды.
«Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнауына байланысты хаттамаға 1992 жылдың 2 наурызында Алматыда қол қойылды және ізін суытпай артынан ашылған Түркия Республикасының Алматы төтенше елшілігі Қазақстандағы алғашқы төтенше елшіліктердің бірі болды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында осы жылы іске қосылған Анкарадағы төтенше елшілігімен сыртқы өкілдіктерінің бірісін Түркияда ашқан болып табылады»[20].
Қазақстан Республикасы біріші Дуайені Алматыда Түркия елшісіне берді[21].
Дуайені дегеніміз-қабылдаушы мемлекеттің дипломатикалық корпусы әріптестерінің арасында бірінші болып сенім грамотасын тапсырылған дипломатиялық өкілдіктің басшысы.
1992 жылдың қазан айының 30-31-ші күндері Анкара қаласында Түркі тілдес мемлекеттердің бас қосуы болды. Түркия Республикасының сол кездегі Президенті Тұрғыт Озал, Әзірбайжан Республикасының сол кездегі Президенті Абулфайз Елчибей, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Республикасының Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов және Түркіменстан Республикасының Президенті Сапармұрат Ниязовтар кездесуі болды.
Бұл кездесуде Түркия Республикасы Орта Азиядағы Түркі мемлекеттерге экономикалық және мәдени саласында қолдау жасайтын ниеттерін аңғартты, өзара қатынастардың орындалуына қанағаттанып отырғандарын білдірді және ары қарай ынтымақтастық пен іс-қимылдарды үйлестіріп отыруға шақырды. Кездесуге қатысушылардың аймақтағы жағдайды тұрақтандыру мен тұтастай алғанда Азия құрлығындағы қатынастардың жарастығы жолында осы бағытты жалғастыра беру туралы ұйғарымға келуілері түркі тілдес мемлекеттердің бүгіні үшін ғана емес, болашағы үшін де аса маңызды болды.
1993 жылы 9 сәуірде Алматыда ресми түрде Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Озал келді. Тұрғыт Озалдың Қазақстанға екінші рет ресми сапарымен келуі.Тұрғыт Озал Түркия Республикасы делегациясын таныстырды. Онда Вице-президент Ерік Асанбаев болды, премьер-министр орынбасары Қуаныш Сұлтанов т.б. болды.
Қазақстан мен Түркия Республикасының делегациясының арасында даму шеңберінің белестерінен басталған еді, екі жақ кездесулердің қажеттілігін желеуін және Түркия деңгейде координацияларды кеңейту, беймасштабта қарау керектігін көрсетті. Н.Назарбаев және Т.Озал айрықша атап көрсетудегі сауда экономикасындағы байланыс экономикалық әріптестік ұйымы шеңберінде әңгіме қозғады.
Түркия Президенті Тұрғыт Озал 1993жылы қаңтар айында тәуелсіз Қазақстанның 1-ші конституциясын жоғары дәрежеде екендігін атап өтті[22]. Екі ел басшылары келісім барысында екі жақ барлық маңызды, алғашқы үкімет аралық келісімдерге келісті. Әсіресе сауда экономикасы саласына, ғылыми-техникалық, мәдени байланыс кадр дайындау. Түркия делегациясы өз шарттарын Қазақстанға экономикалық көмектің бағытталуын түсіндірілді. Сонымен қатар парламент аралық байланысты нығайту көзделді.
Тұрғыт Озал Қазақстан Президентінің инициативасын қолдады. Инициативасында Азия құрлығында бейбітшілікті сақтау мақсаты қарастырылды. Келіссөзге Вице-президент Ерік Асанбаев, премьер-минестр сол кезде Сергей Терешенко, оның орынбасары Асхат Жабагин, Президент апаратының жетекшісі және министр кабинетінің жетекшісі Нұртай Абызаев, және т.б. министрлері қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Тұрғыт Озал екеуі түстен кейін Парламент үйіне барды. Осы Парламент үйінде Түркия Президент Тұрғыт Озал парламент алдында сөз сөйледі: Түркия халқы Қазақстан Реформаларына жақсы көзқараста екендігін атап айтты.
Біздің айрықша қуантатын жәй сіздің республикадағы тұрақтылық, бұл демократиялық қоғам көмек береді тағы нарықтық экономикаға өту, негізгі принциптер жаңа конституцияға әлем елдерінде қалыптасқан Қазақстанға осыдан екі жыл бұрын келдім деді. Президент дана саясатшы Н.Назарбаев басқарған ел ұлы мемлекет болуына сенемін. Түркия осы жолда жан-жақты қолдау, ұсыныс беруге дайын деді. Өйткені 15 жыл ішінде Түркия үлкен тәжірибе жинақтады, дін қиыншылықтарымызды түрлі жолдармен шығу жолын қарастырамыз[23] деді.
1993 жылы 17 сәуірінде Тұрғыт Өзал дүние салды. Н.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде Тұрғыт Өзал туралы былай деді: Тұрғыт Өзалдың қазасы –Түркияның 8-Президентінің марқұм болуы емес, ол елдің дүниежүзілік деңгейге көтерілуінің белгілі бір кезеңінің қорытындысы еді. Түрік кереметіеің сәулетшісі, экономиканың еркін дамуына табанды насихатшысы шын мәніндегі жан қияр реформашылық Тұрғыт Өзал әділетті түрде әлемдік беделге ие болды.
Тұрғыт Өзал сыртқы саясатта көрнекті тұлға еді. Түркияны Таяу және Орта Шығыс елдерімен бұрынғы Шығыс блок елдерімен, жаңа тәуелсіз мемлекеттермен қарым-қатынасының жақсаруы тығыз экономикалық қарым-қатынасқа ұласа алады. Мен Түркия мен Т.Өзал тарапынан Қазақстанға көрсетілген қолдауды аса жоғары бағалаймын. Бұл елдің біздің тәуелсіздігімізді 1-болып мойындағанын ешқашан ұмыта алмаймыз»- деп жазды.
1993 жылы мамыр айында Түркия республикасының 9-Президенті Сүлеймен Демирел болып сайланды. Н.Назарбаев С.Демирелді 1990 жылы қараша айында Түркияға алғаш барған сапарында танысады. Ол кезде аса ірі оппозицияшыл партияның жетекшісі болған еді.
1994 жылы қазанның 17-де Анкарада Түркия мен Қазақстанның арасында достық және ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
Түрк ия Президентінің Анкарадағы резиденциясында салтанатты қол қою рәсімінде сөз сөйлеген Н.Назарбаев:
«Екі елдің арасында «туысқандық, жақындық» қатынастар бар екенін айтты. Түркия Қазақстанның тірегі болып табылады деп атап көрсетті. Біз сіздерге сенеміз деп атап көрсетті. –Біз үшін Түркияның күшті болғаны өте маңызды. Құрамында Түркия мен Орталық Азияның түркі тілдес республикалары кіретін ұйымды құратын уақыт келді деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Бұл ұйымның әлде кімге қарсы бағытталмайтындығын және әскери болмайтындығына, оның мақсаты бейбітшілікті және халықтардың әл-ауқатын нығайту нығайту болып табылатындығына сенім білдірді».
Ал Түркия республикасының Президенті Сүлеймен Демирел Қазақстанмен қарым-қатынас туралы мынандай тамаша сөздерді айтты. Түркия мен Қазақстан аймақтағы екі іргелі және ықпалды мемлекет болып табылады. Н.Назарбаевтың батыл да салиқалы сырқы саясатының нәтижесінде Қазақстан аз уақыт халықаралық аренада маңызды орын алып үлгерді. Республика аймақтық және бүкіл әлемдік беделге ие болды деді.
Осы кездесуде екі елдің сыртқы істер мин истрліктері арасындағы саяси кеңестер туралы хаттамаға қол қойылды. Ал 18-19 күндері Стамбул қаласында Түркі мемлекттері басшыларының екінші бас қосуы өтті.Оған Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирел, Әзербайжан Республикасының Президенті Гайдар Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Республикасының Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов, Түркіменстан Республикасының Президенті Сапармұрат Ниязов қатысқан жоғары дәрежелі екінші басқосу басталды. Негізінде екінші басқосу Әзібайжан мемлекетінде Баку қаласында жоспарланған болатын. Бірақ Ресейдің Әзербайжанға жасаған қастаңдығы және осы елдің өз ішіндегі қайшылықтар кездесу мезгілін, орнын өзгертуге әсерін тигізді.
Бұл кездесуге сырттағылар ала көзденуін қоймады. Әйткенмен кедедергіге табандылық танытты. Әсіресе Ресейдің кейбір ресми адамдары таратқан жалған сөздерге қаймыққан ешкім болмады. Түркияны орынсыз кіналап теріс ой пікір таратуда, кездесуді этникалық бөлектену негізінде ұйымдастырып жатыр деп даттанушылар аяққа орала кетті. Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирел жалған таралған сөзге былай деп жауап берді: Өз егемендіктерін және тәуелсіздіктерін алған Орта Азиядағы түркі мемлекеттері басқа біреудің рұқсатынсыз-ақ өздері қалаған шаруаларын жүзеге асыра алады,- бұл аймақтағы экономикалық және мәдени ынтымақтастардың жандануынан Ресей басшылары шошынбасын деді.
Бұл кездесудің мақсаты-мұның алдындағы жоғары деңгейдегі кездесуден кейінгі екі жыл ішіндегі аталған алты ел арасындағы ынтымақтастықтың қорытындысын шығарып, оларды байланыстыратын тарихи, мәдени, діни, т.б, арқаулар негізінде экономикалық және саяси әріптестіктің жалпы стратегиясын жасау. Күн тәртібіне түркі тілді мемлекеттердің біртұтас рыногінқұру, аймақтық оның ішінде Армиян-Әзірбайжан және Ауғанстанмен шекарадағы жан-жалдарды келіп реттеудің жолдары, бұрынғы КСРО-нің түркі тілді Республиканың өз дербестігін нығайту жөніндегі күрделі міндеттерін шешуі Конституция бойынша өркениетті, ал өзінің рухани тіршілігі бойынша мұсылман мемлекеті болып табылатын Түркияның тәжірибесін пайдалану сияқты мәселелер енгізілді. Бұл кездесуді ашқан Сүлеймен Демирел мынадай тамаша сөздермен бастады. «Бауырлас мемлекеттердің» ынтымақтастық ауқымын кеңейтудің маңыды әрекетін атап көрсетті. «Біздің мақсатымыз деді-ол-Туыстас халықтарымыздың тығыз байланысын дамытып, ынтымағын нығайту»-деді.
Бұл кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев түркі мемлекет басшыларына Еуразия Одағын құру жөнінде ұсыныс жасады. Бұл ұсыныста Н.Назарбаев мынадай мәселелерді айтты: Бұл одақ мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін жаңа мағынадағы бірлесу қажеттілігін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев конференцияда шығып сөйлеген сөзінде: Бүгінгі таңда дүниежүзілік қоғамдастық дамуы интеграциясыз мүмкін еместігін айтты, болашақ елдердің оқшаулануында емес, интеграция жағында нақ осы интеграциялық үрдістер елдер арасындағы сенімді нығайта түсуге жәрдемдесіп, мемлекеттердің аумақтық тұтастығын үлкен сенімділікпен қауіпсіздендіреді.
ОрталықАзия құрлығы – аумағы жөнінде, экономикасы жөнінде де, еңбек Ресурстары жөнінде орасан зор, деп жалғастырды Қазақстан Президенті, күш-жігерді, бөлшектемей, керісінше, біріктіре отырып, осы факторларды адам игілігіне үлкен пайда келтірмейтіндей етіп пайдалануға болады. Біз өзімізде ізгілік дәнін септік Өзбекстан. Қырғызстан және Қазақстан біртұтас экономикалық кеңістік құрды және ол қазір біздің ортақ дамуымызға, тату көршілік пен бейбітшілікті нығайтуды көмектесуде деді.
Көмектесуде халықаралық проблемаларға тоқталған түркияның Президенті Кавказдағы «отты нүктелердің» салдарынан Орталық Азияның Түркиямен және Еуропамен арадағы коммуникациялық байланыстары бұзылғанына алаңдайтынын жасырған жоқ.
Нұрсұлтан Назарбаев 19-на Алматыға қайтып оралды. Ел басы ұшар алдында Қазақстан журналистеріне сапардың қорытындысы туралы әңгімелеп берді.
«Түркияға бұл сапарымыз, деп атап өтті, мемлекетіміздің басшысы, жемісті болды. Достас елдің басшыларымен ресми келіссөз және оның іскер топтарының өкілдіктерімен кездесулер барысында аса маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Олар өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтып, одан әрі кеңейтуге жаңа серпін береді»-деді.
1995жылы 13-ші маусымда таңертең республикамыз басшысының Сарайы алдында Алматыға сапармен келген Түркия Президенті Сүлеймен Демирелді қарсы алудың ресми рәсімі өткізілді.
Мәртебелі мейман мен оның зайыбын Нұрсұлтан Назарбаев зайыбымен бірге жалпы шыраймен құттықтады. Екі елдің мемлекеттік Гимдерінің асқақ әуені қалыптады. Президент Республикалық ұланның құрметті қарауылы санап айналып өтті.
Елбасының Сарайында екі мемлекеттің басшылары оңаша отырып өзара сенім ақуалында сындарлы әңгіме өткізді. Н.Назарбаев «өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту екі жақтан да күш-жігерді үдету қажеттілігін атап көрсетті. Сүлеймен Демирел Түркияның Қазақстанға қатысты саясатын жоғары бағалап, оның басшысына бірлескен жобаларды жасау мен жүзеге асыруға тікелей қатысқаны үшін алғыс айтты».
Түркия Президенті Сүлеймен Демирел Н.Назарбаев екі ел арасындағы коммуникация мен көлік саласындағы қарым-қатынастарды ең маңыздылары ретінде мынадай ұсыныстар жасады: «Болашағы зор байланыстар көне жібек жолы негізінде қалпына келтірмек болып отырған байланыс көзінің бір бөлігі ретінде Иран арқылы Түркияға темір жол төсеу жобасын, сондай-ақ Еділ-Дон каналын пайдалана отырып су жолдары арқылы қатынас жасауды жолға қоюды және кавказ арқылы автомобиль тасымалдарын атауға болады, деп есептейді».
Ал 14 маусымда Президент Нұрсүлтан Назарбаев Түркия Президенті Сүлеймен Демирел Оңтүстік Қазақстан облысында болды.
Олар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде оны көнеде бірегей қалпына келтіру барысы мен танысты. Мұнда Түркия мамандарының көтеруімен ірге тасты нығайту толық аяқталып, жұмыстың келесі кезеңі басталған. Барлық қайта қалпына келтіу жұмыстарын келесі жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Екі мемлекеттің басшылары кесенедегі әулие бейітінің басында намаз оқып, құрметті келушілер кітабына қол таңба қалдырды.
Түстен кейін облыс орталығына келген Қазақстан мен Түркия басшылары дендро рай паркіне барып осындағы Президенттер аллеясында Сүлеймен Демирел ағаш отырғызды.
Сондай-ақ мемілекет башылары Шымкент Педагогикалық дене тәрбиесі институтының ат спорты кешенінде болды.
Олардың алдында ат спортының ұлттық түрлерінің болашақ мамандары ат құлағында ойнайтын жігіттер өз-шеберліктерін көрсетті. Түркия Президенті Сүлеимен Димирилге асыл тұқымды сәйгүлік тарту етілді.
Ал кеткесін С Демител бастаған Түркия делегацисы Шымкенттен Анкараға ұшып кетті. Жергілікті әуе жайда мәтебелі мейманды Нұрсұлтан Назарбаев вице-премьер Ахметжан Есімов, президент аппаратының басшысы Нұртай Әбікаев, басқада ресми адамдар шығарып салды.
1995 жылы 15-ші тамыз күні Алматыда Түркияның Премьер-министірі Танссу Чиллер ресми сапарымен келді.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Премьер-министрі Танссу Чиллер Президенттінің резеденциясында оңаша ұзақ әңгімелесіп, Қазақстан мен Түркияның кеңейтілген құрамындағы мемілекеттік делегацияларының келіссөзі жүргізілді. Келіссөз әдеттегідей дәстүрге достық ахуалды өтті.
Екі жақ бірі-бірін өз елдеріндегі саяси және экономикалық жағдаймен таныстырып, өзара тиімді негіздегіекі жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың болашағы туралы, аймақтық және халықаралық көкейтесті проблемалар жөнінде пікір алмасты.
Түркия премьер-министрі Қазақстанда жүріп жатқан, нарықтық принциптерге демократиялық қоғамының ірге тасын қалауға бағытталған саяси және экономикалық өзгерістерге үлкен мүдделік танытты. Танссу Чиллер біздің республикамызда жүзеге асырылып жатқан елдегі ішкі тұрақтылықты нығайтуға, мемлекеттік үкімет қызметінің арттыруға байланысты конституциялық реформаны жақтаған сөз айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Түреия конституциясында жақында қабылданған өзгертулерді туысқан елдің қоғамдық-саяси өмірдегі одан әрі демократияландыру бағытындағы ірі бет бұрыс білдіретін елеулі оқиға ретінде жоғары бағалады.
Н.Назарбаев пен Түркия премер-министрі аймақтық және халықаралық саясатты көкейтесті мәселелер жөнінде пікір алмасу екі елдің айқындамалары бірдей немесе жақын екенін қуаттады. «Қазақстан мен Түркия, Тәжікстандағы, Кавказдағы, Балқандағы және әлемнің басқа да аймақтарындағы қақтығысты жағдайларды саяси жолмен реттеуді жақтайды. Босния мен Герцеговиниадағы қалықаралық қоғамдастырудың бейбітшіл күш-жігеріне нұсқан келтіретін әскери қимылдардың жандана түсуіне байланысты алаңдаушылық білдірілді».
16 тамыз күні Түркия премер-министрі Танссу Чиллер Қырғызстан Республикасына ресми сапармен ұшып кетті.
1997 жылы 3-7 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының премьер –министрі Әкежан Қажыгелдиннің Түркияға алғаш ресми сапары болды. Бұл сапар екі ел үшін де пайдалы болды. Ең бастысы экономиканың келешегі тұрғысынан маңызды шешімдермен нәтижеленді. Қажыгелдиннің бұл сапарының Қазақстан үшін маңыздысы –елдің пайдалы қазбалары жайында Түркия іскерлеріне кеңінен мәлімет берілгендігі. Түркияның премьер министрі Нежметтин Ермакан мәр тебелі мейман құрметіне берген қонақасына Түркияның Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен үлкен холдингтердің иелерін шақырған еді.
Осы бас қосуда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының премьер –министрі Әкежан Қажыгелдин бауырластық қатынастар мен қатар экономикалық байланыстарды да нығайту керектігін айта келіп былай деді:Байлық қажет десеңіз, еліміз қазба байлықтарға бай, туысқандық қажет болса Қазақстан өз ата мекеніңіз, жаңа іс салалары керек десеңіз алдыңызды жан-жақты жаңадан құрылып жатқан және жаңа астана Ақмоланы қазіргі заманға сай шарттарға сай құруды жоспарлаған еліміз бар» - деді.
Қазақстан Республикасының премьер –министрі Әкежан Қажыгелдиннің өзі айтқандай бұл сапардың негізгі мақсаты –Қазақстан мұнайының Еуропа базарына жеткізіілі, елдегі пайдалы қазбаларды таныту және жаңа астана Ақмоланы қазіргі заман талаптарына сай жаңалау мәселелері еді.
Қазақстан Республикасының премьер –министрі Әкежан Қажыгелдиннің бұл сапары туралы Қазақстанның Түркиядағы елшісі Балташ Тұрсынбаев былай айтады: Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым қатынас орнағанынс бес жыл толады. Қазақстан Республикасының премьер –министрі Әкежан Қажыгелдиннің бұл сапары тұсында екінші бес жылдықтың жоспары жасалынды.
Қазақ мұнайының Стамбұлдың Алтын базарында өңделіп сатылуы,Еуропаға жеткізілуіндегі Түркияның ролі айтылды.
Сапарлар бір жағынан дипломатиялық қатынастарды екінші жағынан экономикалық қатынастарды нығайтуда Қажыгелдиннің сапары тұсында Қазақстанның пайдалы қазбалары, мұнай, жаңа астана Ақмоладағы құрылыстар күн тәртібінде сапарлар тұсында қабылданған шешімдердің , келісімдердің, уақытында жүзеге асырылуын қадағалаймыз, өйткені Қазақстан экономикасының аз уақытта түзеліп кетуі үшін бір сәтті де бос жіберуге болмайды,-деді.
1998 жылы 29 қазан айында Түркия республикасы 75 жылдық мерекесін төрткүл дүниеге жар салып атап өтті. Елде төрт күндік мереке жарияланған. Әлемнің 175 елінен қонақтар шақырылған. Мерекеге шақыруды 100-ге жуық мемлекет қабыл алды.
Анкара мереке құшағында. Сан елдің тулары желбіреді. Солардың арасында Қазақстанның туы бауырлас мемлекет Түркияның туының қасында ілініп тұрды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 28 қазан күні Оралдағы жұмыс сапарын аяқтап арнаулы ұшақпен туысқан елге ұшып барды. Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирел Нұрсұлтан Назарбаевты ұшақ трапынан қарсы алды.
28 қазан күні кешкісін Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирел мен зайыбының атынан сарайда кешкі қонақасы берілді.
Ал 29 қазан күні тойдың ресми рәсімдері өтті. Түркі мемлекеттері Президенттері өзара әңгімелесіп, пікірлесуге де мүмкіндік алды.
Ресми рәсім Ата Түрік кесенесіне келіп тәу етуден басталды. Арыстандар аллеясында рәсім де мерекелік рухқа тарихи жолды ой елегінен өткізуге Түркияны демократиялық үрдістерін бағымдауға әсер еткендей.
Жоғары мәртебелі меймандар Түркия парламентінде жиналды.Осында С.Демирел мырза құттықтауларды қабылдады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бүкіл Қазақстандықтардың атынан құттықтау айтып, арнайы ескерткіш сыйлық- қыран бүркіт бейнесі бар күміс табақ сыйлады»[24].
Қазақстан Республикасының бауырлас Түркия мен түркі салаларындағы өзара ынтымақтастығы пәрменді түрде даму үстінде.
Екі елдің басшылары арасында жүйелі түрде болып тұратын жоғары деңгейдегі байланыстар екі жақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени –гуманитарлық қарым-қатынастарға қосымша серпін беретіні сөзсіз.
«1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирелдің екі рет кездесулері болды. 1-шілде айында Қазақстан Республикасының Президентінің Түркияға жасалынған сапар кезінде екінші қараша айында Стамбұлда өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы саммиті болды».
Екі елдің басқа деңгейдегі байланыстары ды үдемелі түрде дамып,нығаюда.Мұның бәрі көп жағдайда бауырлас екі ел мүдделерінің тоғысуын көрсетіп отыр.
Анкара Каспий аймағының көмірсутегі шикізатын әлемдік нарықтарға тасымалдауға бағытталған. «Баку-Жейхан» экспорттық құбыр тарту жобасына үлкен мән беруде. 1999 жылы 18-19 қарашада Стамбулда өткен ЕҚЫМ саммитінің жұмысына Президент Н.Назарбаев бастаған Қазақстан делегациясының қатысуы және оның барысында осы мұнай құбыры бойынша Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарындағы маңызды болып саналады. Түркияның саяси басшылығы аталмыш жобаның жүзеге асырылуындағы Қазақстанның шешуші ролін ерекше атап өтуде.Қазақстан мамандарының мойындауы бойынша, Қазақстанның мұнайсыз «Баку-Жейхан» құбырының тиімділігі болмайды, өйткені Әзірбайжанда өндірілетін мұнайдың мөлшері құбыры 60-пайызға ғана қамтамасыз ете алады-деді.
2000 жылдың 12-ші маусымда Президент Н.Назарбаев Астанадағы өзінің резиденциясында Қазақстан жұмыс бабындағы сапармен келген Түркия Респкбликасының сыртқы істер-министрі Исмайл Джемді қабылдады.
Бұл «Түркия сыртқы ведомство басшысының елімізде тұңғыш сапары. Оның осы қызметке тағайындалғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Демирелдің Президенттік мерзімі аяқталып, мемлекет басына Ахмет Неджет Сезер келгеннен кейін Түркияда жаңа үкімет жасақталғаны белгілі Исмайл Джем жаңа үкіметтің жаңа мүшесі болып табылады».
Ал екеу ара әңгімеде Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығ мәселелері сараланды. Жалпы айта кететін жәйт-бүгінде екі ел арасында жан-жақты тығыз қарым-қатынас орнаған. Қазақстан Түркияны, сенімді серіктес елдер санайды және бүгінгі қалыптасып отырған екі жақтық түсініктік ахуалды тереңдете түсуге мүдделі.
Ел басы мен Түркиялық дипломат кездесу кезінде үш бағытты қамтитын мәселелер төңірегінде әңгіме қозғады. «Оның бірінші саяси диолог түрінде өтті. Екінщі кезекте қауіпсіздік, терроризм және экстермизм проблемалары сөз болды. Ал үшінші экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды».
Тараптар бүгінгі таңдағы екі ел арасындағы эконмикалық ықпалдастық ахуалын қанағаттанарлы деп бағалады.
Сыртқы істер министірлігінің ғимаратында Қазақстан ішкі істер министірлігі Ерлан Ыдырысов пен Түркия сыртқы істер министірі Исмайл Джем екеуі: мынадай келісімге қол қойды Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қылмыстық істер және адамдарды ұстап беру бойынша құқықтық көмек туралы келісімді бекіту туралы грамоталармен алмасу жөніндегі хаттамаға қол қойды.
Қазіргі кезде ТМД кеңстігі сыртында Қазақстан мен өте тығыз қарым-қатынаста болған мемлекет ретінде ең бірінші кезекте Түркияны атап айтуға болады.
Кезінде Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін ең алғаш таныған Түркия еліміздегі жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістерге айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді.
1999 жылы қаңтар айында өткен Қазақстандағы президенттік сайлауға түрік бақылаушыларының қатысып өте жақсы баға беруі еліміздің халықаралық деңгейдегі беделінің қалыптасуына қомақты үлес қосқаны белгілі. Бұған қоса, бауырластық ықыластың бір көрінісі ретінде Қазақстан Президентінің қызметке кірісу рәсіміне Түркия ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Хикмет Читиннің басқаруындағы жоғары деңгейдегі делегациясының қатысуын айтуға болады[25].
1999 жылы тамыз айындаТүркиядаболып өткен сұрапыл жер сілкінісі кезінде екі ел арасындағы бауырластық қатынастар нақты сипаттар көрінгенін атап айтқан жөн. «Түркия халқы Қазақстан үкіметінің зілзала салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімін Астана мен Алматы әкімшіліктерінің ынтасы бойынша қаражат жинақтау науқанының ұйымдастырылуын бауырлас қазақ халқы тарапынан көрсетілген шынайы достық сезімі ретінде қабыл алды».
Жер сілкінісінен зардап шеккен Дегирмендер елді мекенінің тұрғындары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агеттігінің құтқарушылар тобына арнайы алғыстарын білдірді.
Қазақстан мен Түркияның арасындағы екі жақты қатынастардың дамуымен қатар екі елдің халықаралық ынтымақтастық саласындағы өзара әрекеттестігі де маңызды орын алатыны сөзсіз. Түркия алғашқыдан бастап Азиядағы өзара ықпалдастың және сенім шаралары кеңесі (АӨЫСШК) шеңберіндегі Қазақстан тарапының инициативасын барынша қолдап келеді. 1999 жылы қыркүйек айында Алматыда өткен АӨЫСШК-не қатынасушы елдердің сыртқы саяси мекемелері басшыларының бас қосуымен мемлекеттік министрі Абду Халук Мехмет Чай бастаған Түркия делегациясының қатысуын айтуға болады.
Екі елдің халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығы халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінде бір-бірін өзара қолдаудан да көрініс табуда.
2000 жылы 5 мамырда Түркия мемлекетінде оныншы Президент болып Ахмет Недждет Сезер сайланды. Ахмет Недждет Сезер Нұрсұлтан Назарбаев екеуі алғашқы кездесулері Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының алақалы жиынында кездескен еді[26].
2000 жылы 19 қазан күні Түркия Республикасының оныншы Президенті Ахмет Недждет Сезер Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапарымен келді. Астана әуе жайы басында жоғары мәртебелі мейманды мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев қарсы алды. Содан кейін Түркия Президентінің кортежі Қазақстан басшысының резиденциясын бетке алды.
«Қазақстан басшысы екі ел мемлекет арасында серпінді дамып отырған дәстүрлі достық қарым-қатынастардың алдағы уақыттарда жалғасын таба беретініне сенім білдіреді. Түркия Президенті өз елінің Қазақстан мен және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастық байланыстарды дамытуға деген бағыты өзгермейтін, әрі мұның өзі Түркияның аса маңызды сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап көрсетті[27]».
«Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап жоғары деңгейдегі тығыз қарым-қатынас орнату нәтижесіндеҚазақстан менТүркия ынтымақтастығы барлық ауқымды экономикада, саясатта, әлеуметтік және гуманитарлық салаларда ойдағыдай дамып отырғанына айрықша тоқталды[28]».
Мемлекет басшылары өзара мүдделі халықаралық проблемалар төңірегінде де бөлісіп, аймақтық қауіпсіздік ауқымында Орталық Азиядағы саяси ахуал жайында пікір алысты. Екі ел басшылары терроизм қатеріне, есірткі тартуға діни және саяси экстермизмге жол бермеу ынтымақтастық қажет екендігімен келісті.
Н.Назарбаев пен А.Сезер сондай-ақ Еуразия кеңістігінде тұрақтылықты нығайту жөнінде Астанамен Ақмоланың көзқарасы ортақ болып табылатын қуаттады.
«Президенттердің екеу ара кездесуінен кейін делегациялады кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті. Келіссөздер барысында аймақтың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық өркендету үкіметаралық комиссияның жұмысы, сауда-саттықпен инвестициядағы, энергетикадағы, техника мен жабдықтар жеткізудегі өзара іс-қимылды одан әрі жанжандыру мәселелері қаралды.
Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер аяқталғаннан кейін екі жақты құжаттарға қол қою режимі болды. Президент Н.Назарбаев Президент А.Н.Сезер терроризмге қарсы, күрес саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен деклорацияға қол қойды».
Елбасы журналистер алдында өзінен Түркиялық әріптесін Қазақстанға тұңғыш сапарымен құттықтады.
Сезер мырза Түркия Президенті болып сайланғаннан кейін – деді Н.Назарбаев, - алғашқы ресми сапарын туысынан түрік тектес мәліметтерді бастайтынын айтқан еді. Қазақстан басшысы тоғыз жылға жуық тәуелсіздікке екі ел арасында көп жұмыс атқарғанын, 66-құжатқа оның ішінде 49 мемлекетаралық құжатына қол қойылғанын айтып өтті[29].
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне байланысты үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанда Түркиядағы Қазақстан елшілігі салтанатты жиын ұйымдастырды. Аталмыш жиынға Түркия Республикасының мемлекеттік министрі Абдулхамед Мехмед Чай, Түркияның ынтымақтастық және даму агенттігінің (ТИКА), төрағасы О.Қабасақал және белгілі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынның басында елшілік дайындалған Қазақстанның өткен жылғы жер сілкінісі кезінде түскен Түркияға берген көмегі туралы бейне фильм көрсетілді. Одан кейін Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 9 жылдығы туралы баяндама жасаған Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Сарыбай мырза еліміздің ішкі және сыртқы саясаты мен экономикалық салалардағы жетістіктеріне айрықша тоқталып өтті.
Қазақстанның тәуелсізлігін ең алғаш таныған туысқан Түркия мемлеке ті екендігін тілге тиек етіп, екі жақты қарым қатынастарға ауқымды сипаттама берді. Атап айтқанда екі ел арасындағы саяси ынтымақтастықтың, экономикалық, байланыстардан тұратын дамып келе жатқандығын мәләмдеп, Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени гуманитарлық қарым -қатынастарға айрықша тоқталды.
2000 жылы 20-қазандағы тек қана халық үшін ғана емес, бүкіл түрік дүниесі үшін маңызы үлкен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойына түрік тарапы Қ.А.Ясауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарын ойдағыдай аяқтап, тойға тарту екендігін мәлімдеді.
Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың айқын дәлелі Түркияның бірнеше қалаларында өткізілген Қазақстан-Түркия достық кештері ерекше бағаланып, бұл қарым-қатынастарын нығайтуға үлкен себептерін тигенін атап өтті. «Осы шаралар шеңберінде Анкарада ұйымдастырылған концерттен түскен қаржыны, 1999 жылы Түркияда болған жер сілкінісінен зардап шеккен балалар қорына аудару туралы шешім қабылдағанын және бұған қоса ел ішілік қызметкерлерін де қаржылай үлес қосқанын тілге тиек ете отырып, Қайрат Сарыбай осы қаражаттың шегін салтанатты түрде мемлекеттің министрі Абулқамұқ Мехмет Чай мырзаға табыстады».
Түркия мемлекетінің министрі А.М.Чай өз кезегінде туысқан Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, екі мемлекет арасындағы қарым-қа тынастардың тұрақтылығын өте маңызды деп бағалады. Бұл шаралар екі бауырлас халықтардың арасындағы мызғымас достық нышанының тағы бір белгісі екенін тілге тиек ете отырып, тапсырылатын қаражаттың өткен жылғы табиғи апаттан зардап шеккен қожа еліндегі жетім балалар орталығына табыстайтынын мәлімдеді.
1.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық қатынастардың басты бағыттары.
«Орта Азия мен Кавказ тауының маңында орналасқан түрік мемлекеттерінің арасында экономикалық ресурстарға өте бай Қазақстан қазіргі тұста, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыта отырып, елімізге шетел капиталын тартумен қатар біріккен кәсіпорындарды арттыруға күш салуда. Қазақстан тәуелсіздікті алғаннан бері өмірде болып жатқан ауыр экономикалық дағдарысты жоюды реформалық бағдарламаларды жасауды талап етті. Бағдарламаға сәйкес өкіметтің кейінгі бағыты инфлияцияны азайту, макроэкономикалық тұрақтылықты жаңадан қамтамасыз ету, экономикалық тоқыраудан шығу және жеке секторды жандандыру мақсатында әртүрлі реформалар бастатты».
Қазақстанның «ішкі экономикалық саясатын» республика салаларында тағы да экономикалық блок жоспары және жекеленген елдер мен жұмысқа бағытталған басқа экономика біздің экономикамыздың қосымша. Мұнда стратегияны дұрыс таңдау қажет, екі жақты экономикалық қатынасты талдау механизм ЕЖ. ЕҚ. Бұл жоспар ЕЖ. ЕҚ-ның дамуын қызығушылығын Түркия республикасымен қарастыратын Қазақстанның негізгі әріптегі ішкі экономикалық байланыс Таяу және Орта Шығыс аймақтарында.
Түркия тәжірибесі –Қазақстан өндіріс, технологиясы, ауыр машина құру, мұнай-химия, коммуникация, жеңіл және тағам өндірісінде, ауыл шаруашылығында және экономикалық басқа облыстарында Түктің орта және ірі капиталы орнығуы біздің проекттерге инвеститцияландыру. Басқа сөзбен біз ЕЖ.ЭҚ-н ұруымыз қажет экономикалық ел ретінде. Біздің экономикалық әріптесіміз қандай?
Қазіргі Түркия-индустриалды-аграрлы ел орта күшпен шығарушы деңгейде дамыған. Оның экономикалық дамыған жылдамдатылған динамикасы 1980 жылы арасында байқалды. Сайлау нәтижесінде укіметке Отандық партия ірі өндірістерді ьанк капиталына бөлді, материалдық емес өндірістің дамуы. Оған әлеуметтік инфраструктура, сауда және т.б.
1.Қ.А.Ясауи ХҚТУ «профессор –оқытушылар құрамының ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік ҮІІ Ғылым конференциясының еңбектері –Шымкент 2000ж.»
- Нарибаев М. «Казахстан-Турецкие экономические отношение» Саясат-1999ж. №3 с.69.
«Экономикалық либерализм саясаты жеке кәсіпкерлердің және базар механизимін Түркия мемлекетін реформада 1980 жылдардың өзінде-ақ өте бастады дағдарыстан шығару ірі өндіріс саласында, банкісі, қызмет көрсету, арқылы дағдарыстан шығаруда еді».
Индивифатты жоспарды тану негізінде әлеуметтік-экономикалық жоспар бойынша даму бүтіндей елдің макроэкономикалық тұрақтылығы және ұлттық өндіруші пункттің дамуы.
«1995 жылы шілде айында жетінші бес жылдық жоспар 1996-2000 жылдары дамуын бөлігімен қарастырады. ВНП-ның жылдық өсімі 5,5% көлемде, бес жылдың соңында ВНП –структурасындағы экономика секторлары мынандай салаға бөлінеді. Индустрия-27%, ауыл шаруашылығы-13%, қызмет көрсету-59%, 2000жылға ұлттық табыс, тұрғындар жанына 3340-3530 АҚШ долларын құрады. Жұмыссыздық деңгейі-7,7%-ке дейін төмендеуі мүмкін».
Елдің қазіргі экономикалық жағдайы жеткілікті түрде күрделі болды. Саяси жағдайы отставкаға кеткен үкіметте үш экономикалық пакет қабылдануындағы негізгі мақсатына жете алмады:дағдарыс деңгейін төмендетуге мемлекет бюджетінің тапшылығын тану, сауда байланысының және тағы басқа елдегі ішкі саяси тұрақсыздық және ішкі қарыз ел экономикалық ситуациясында өнудің бір жолын жоққа шығарды.
«1997 жылдың мамыр айында жаңа коалицияндық өкімет құрылды. Оның басында Отандық партия лидері М.Иылмаз жаңа кабинет көңілі негізінен кеткен үкіметтің әрекеті арқасында экономикасы құлдырады».
Түркияда экономикалық проблемалардың шешуші жақсы мамандар қажеттілігі туындады.Себебі бюджет жетіспеушілігі мен дағдарыстан шығару қажеттілігі және әлеуметтік саясатты қайта қарату керек еді, үздіксіз сегіз жылдық білім беру қолға алынды. Бұл үлкен қаржы шығындарын әкеледі. Ал, бұған бюджет қоры дайын емес, экономикалық дамудың түрік басшылығы үшін МЭО активизациясы болып қала беретін тек шет елдермен ғана емес, сондай-ақ интеграциялық дамудың процестері экономикалық структуралары саласында ішкі сауда, шетел инвестициясын тарту және т.б.
Түркиямен екі жақты байланыстардың артуымен бірге Қазақстанның сырқы саудасының үлкен бір бөлімінің ТМД мемлекеттерімен, әсіресе Ресеймен істеп жатыр. Сонымен қатар Қазақстан сыртқы сауда жайында Түркияняң орны өте аз. «Бұл жағдайды таблицадан көре аласыздар».
«1996 жылы Түркия мен Қазақстан арасында сауда айналымы 360 млн.долларға жетті».
Түркия Қазақстанның негізгі саудадағы әріптесі болып табылады. «1997 жылдың алты ай ішінде екі елдің тауар айналымының көлемі 119,11 млн. Долларды құрады, экспорт-42,5 млн. , ал импорт-76,61 млн. Қазақстан Түркиямен тауар айналымы бойынша ТМД елдерінің арасынан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды иеленді».
Ерсүңгір мырзаның таблицасының көрсетуі бойынша 1998 жылы Қазақстанның Түркиямен сыртқы сауда байланысы өте төмен: «1998 ж.Қазақстанның Түркияға экспорты-94,3%, импорт-202,4%, айырым-108,1%».
Негізінде Қазақстанның Түркияға экспорт структурасы, шикізат бағытындағы, ауыстыру импорттың негізгі статьялары болып жеңіл және тағам өндірісі тауарлары, көлік құралы, өндіріс айналымында, байланыс және коммуникация құралы. Түрік тауарларының елеулі көлемде тігіндік сауда каналдар өндіріле түсуде.
«Екі ел арасында 2000 ж сауда айналымы 400 млн. АҚШ долларды құрап отыр. Енді екі елдің басшылары сауда қатынасын 1 млрд. Долларға жеткізу туралы жоспарланып жатыр».
Қазақстан мен Түркия Республикасының арасында тронспорт пен коммуникация саласының дамуы.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң тұңғыш рет шетелге әуе қатынасын бастамасы 1992 жылы Түркия Республикасымен болды. «Екі елдің әуе компаниялары екі жақты Алматы-Стамбул рейстері болды» .
Автомобиль траспорты- бұл негізінен мемлекет арасындағы жүк саудасын тасымалдау түрі. 1994 жылы көлікпен тасымалдау шешуші системаны екі жақты бланкаларды-ал алмастыру негізінде бірдей рұқсат етілді. Түркия қазіргі кезде ТМД елдерімен негізгі әріптестік формасы болып: ішкі сауда экспорттық дайын өніммен импорттық шиніні бағыттау (мұнай, газ, көмір, қара темірмен басқа да темірлері т.б.) Түркия үшін міндетті түрде аймақтық және аймақ аралық экономикалық және қаржы блоктарын интеграцияның тереңдету процесі. Мұндай экономикалық әріптестік ұйым Халықаралық реконструкция және даму банкі Ислам даму банкі және басқалар. Айрықша бағыттағы аймақтық интеграция Түркияның ЕҚ қатарына енуі мүмкін: 1996 жылы осы топпен кеден одағына кіруі.
«Бұл ірі Жапон және Оңтүстік Корея капиталындағы (Сони, Тойота, Хюндай, Кия) ірі басшылардың қызығушылығы Түркияға инвестиция беріп, болашақта ЕҚ саудаларына салықсыз өз тауарларын шығару жолын әріптестері Құрама штаттар және басқа да ірі елдер көмек беруде»
Қазақстан Республикасының бауырлас Түркия мен түрлі салалардағы өз ара ынтымақтастығы тәрменді түрдедамытуүстінде.Екі елдің басшылары арасында жүйелі түрде болып тұратын жоғары деңгейдегі байланыстар екі жақты саяси, сауда экономикалық және мәдени гуманитарлық қарым-қатынастарға қосымша серпін беретін сөзсіз.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1992 жылдан бастап Түркия мен Қазақстанның сауда байланыстары кең қанат жайып, артып келеді.
Түркияның Қазақстанға байланысты бағдарламасы бойынша экспорт толығымен өндірістік аймақтарға, импорт болса Қазақстан экономикасын көтеруге бағытталған. Қазақстан Түркияға тері, цинк, мыс, темір, пластика және анорганикалық химия өнімдерін шикізат күйінде сатуда. Ал «Түркияның Қазақстанға деген экспортында бәсекелестік әдеттегідей басымдылыққа ие болған тамақ өнімдері, тоқымашылық, былғарыдан жасалған киімдер, құрылыс заттары, темір-болат сияқты өнімдерімен басқада шығынт өндіріс құрылғылары орын алып жатыр»
1995 жылы 13 маусымда Түркия Республикасының президенті Сүлеймен Демирел Алматыға ресми сапарамен келді.
Н.Назарбаев пен С.Демирел екеуі екі елдің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қол қойылды. Президенттердің кездесуінен кейін өткізілген екі мемлекет делегацияларының кеңейтілген құрамындағы келіссөзінде Н.Назарбаев: «Қазір Қазақстанда Түркияның 269 фирмасы белсенді түрде жұмыс асыруда. Егер 1992 жылы жалпы тауар айналымы 20 млн. АҚШ долларын құраса, ал, 1995 жылы тауар айналымы 160 млн АҚШ долларға дейін көтерілді. Жалпы соммасы 1 млрд. Долларға жуық болатын бірлескен 34 жоба бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда деп мәлімдеуде»
«1997 жылдары статистика түріктер жағынан бәсекелестікті айтады. Соңғы кездегі байланыстар Қазақтар мен бланктар саны өсті немесе системаны өзгертті. Жолаушыларға арналған вагондарды құрастыру жөнінде тенден өткізу туралы сұрауы тұрды және Қазақстанда тепловоз паркін құру қарастырады Американ және Жапон компаниясы қарастырушы, Түркиядан «Повасаш» және «Тулалсае» компаниясы қатысуда»
«1995 жылы Қазақстан мен Түркия республикасының арасында ынтымақтастыққа қол қою рәсімінде Түркия президенті С.Демирел Қазақстан коммуникация мен көлік саласындағы қарым-қатынастарды ең маңыздылары ретінде айқындады. Болашағы зор байланыста деп көне Жібек жолы негізінде қалпына келтірмек болып отырған байланыс көзінің бір бөлігі ретіндегі Иран арқылы Түркияға теміржол төсеу жобасын, сондай-ақ Еділ-Дон каналын пайдалана отырып су жолдары арқылы қатынас жасауды жолға қоюды және Кавказ арқылы автомобиль тасымалдарын атауға болады, деп есептейді С.Демирел»
Қазақстан байланыс саласында Түркияның «Telsini», « Turkcell» фирмаларының Қазақстанға жасаған инивиститциясы арқылы дүниенің кез-келген фирмаларының нүктесімен байланысуға болады. Халықаралық әдебиетте GSM аталатын бұл жүйе Қазақстанға да мықтап орнықты. «Turkcell»-ді, салтанатты түрде ашқан ел Президенті Н.Назарбаев таяп қалған ХХІ ғасырға өлкесінің техникалық салада нақты адамдармен енуін зор мақтаныш тұтты. Қазақстанда байланыс облыстарында түрік фирмаларының қатысуымен Павлодарда жеке қолдануға АТС берілді. Сонымен қатар телефон станцияландыру жүргізілуде.
Повладар-«Весиет», Оралда-«Комтел», Семейде-«Хесбанламыс» жұмыс істейді.
Қазақстан жерінде Түркия кәсіпкерлері мұнай мен газ саласында өздерінің ерекше орындары бар. 1994 жылы көктемде Анкарада Қазақстан Республикасының Түркия Қазақстан мұнайын өндіру, тазарту, тасымалдау және саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Құжатқа премьер-министрдің орынбасары Сыздық Әбішев пен Түркия энергетика және табиғи ресурстар министрі Висель Атасой қол қойды.
Келісімге сәйкес бірлескен Қазақстан Түркия фирмасы 1994 жылы тамыз-қыркүйек айларында Республиканың батыс бөлігіндегі кен орындарында жұмыс істеуге келіседі. Мұнда 4 млрд. Барель мұнай мен 387 млрд. текше метр табиғи газ бар. Түрік жағы 36 жыл ішінде 2,16 млрд. Барель мұнай мен 208,9 млрд. доллар құрайды.
Келісімге қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде С.Әбішев: «Қазақстан үкіметі Анкараның мұнайды қара теңіз бұғаздарыарқылы тасуға байланысты мазасыздық танытуына түсіністікпен қарайтындығын атап өтті. С.Әбішев осы проблеманың шешімі мүдделі жартардың қатысуымен табылатындығына сенім білдірді»
С.Әбішев Қазақстан мен Түркия арасында елуге жуық келісім жасалғандығын және олардың көпшілігі жүзеге асырылу сатысында екендігін атап көрсетті.[30] Қазақстан мен Түркия банк саласында да ынтымақтастығын жандандыруда. Қазіргі кезде Қазақстанда «Зераат Банк» (KZL Bank-Kazakhstan Ziraat International Bank), «Эмлаж Банк», «Иш Банк» (бірлескен TKI-Bank-Turkish-Kazakhstan International Bank ) «Демир Банк» сынды банктер жұмыс істейді. 1992 жылы Түркия Эксимбанк арқылы серіктестікті кеңейтуде маңызы Надам несие жолы 200 миллион доллар мөлшерінде алынды.(Соның ішінде-55,7 млн тауар бөлігі, инвестиция -14,4 млн доллар). Несиенің қалған бөлігі қолдану сұрағы іс жүзінде Алматыдағы Анкара өтелісі, және балалар реабилитациялық орталық, құрылыс орындарына жабық болуы мүмкін. «Түркия инвестиция салу және алыс-беріс көлемі жөнінен 3-ші орында келеді. Бір ғана оңды мысал: Түркістандағы халықаралық Қазақ-түрік университетіне Түркия 61 млн доллар ақша жұмсаған. Астанадағы және еліміздің басқа да қалаларындағы көптеген құрылыстарды түрік компаниялары жүргізуде пайдалануға берілген нысандар қаншама».
«Түркия мемлекеті Қазақстанға 2000 жылдың ішінде 1,5 млрд доллар инвестиция берді»
1.3. Қазақстан-Түркия бірлескен кәсіпорындарының құрылуы және оның қызметі.
Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас 1991 жылдан бері дамып, кең өріс алып келеді. Әсіресе Түркия республикасының Президенті Тұрғыт Өзал бастаған үкімет делагациясының Алматыға келген сапары бұл қатынастарды дамытуға айрықша серпін берді.
1991 ж. Қазақстан мен Түркия министрліктері ведомоствалары мен ассоцияциялары басшыларының іскерлік байланыстар орнатуға айрықша назар аударып,отырғанын атап өтуге болады.
«Қазақстан Республика министрлер кабинеті Түркияның іскер топтары мен келісімді жүзеге асыру жөніндегі бүкіл қызметті үйлестіру мақсатында үкімет аралық комиссия құру жөнінде шешім қабылдады». Қазақ КССР сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде болған осы келісімдердің жасалғанына көп уақыт өте қоймаады, Қазақстан Түркияның кәсіпорындары бірлесе бастады.Қазақ жеңіл өнеркәсіп концерні «Мармара консалти» фирмасымен Георгиев тері-былғары комбинатының базасында тері-былғары тауарларын шығаратын бірлескен кәсіпорын құру жөнінде шартқа отырды. Сондай-ақ «Замбак» фирмасымен бірлесіп Жамбыл қаласында теріден жасалатын киімдер шығаратын кәсіпорын құру туралы да келіссөздер болған еді.[31]
Біздің экономикамыздағы ең бір осал буын-ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау мен қайта өңдеу. Міне, сондықтан бұл салада елеулі табыстарға қолжеткізген Түркия компанияларымен ынтымақтастық жасау жөнінде де республикамызда нақты қадамдар жасалды. 1991 жылдың өзінде тері және былғары бұйымдарынан жасалатын өнімдерге байланысты «Актюбмясопром» өндірістік бірлестігі мен Түркияның «Стар мод Лейзор КО» фирмасының бірлескен кәсіпорыны құрылды[32].Бұл кәсіпорын енді басқа да өнімдер шығаумен бірге жыл сайын 300 мың теріні өңдейтін болады. Сондай-ақ Алматыда құрылған, «Алаш Дыш Тыжарет» фирмасымен бірлескен «Алмаст» кәсіпорыны халыққа ақылы жөндеу және құрылыс салу қызметін көрсетіп, құрылыс материалдарының жекеленген түрлерінің шығарудың, терілерді қайта өңдеуден өткізіп, тері былғары бұйымдарын тігудің қамына кірісті. Осы мақсатта «Алаш Дыш Тыжарет» фирмасы тігін машиналары мен тері бұйымдарын жеткізіп беруді міндетіне алды.
1993 жылы Қазақ-Түрік мұнай компаниясы құрылды. Қазақ-Түрік мұнай компаниясы пайда көлемінен Қазақстанның алатын үлесі 51%, ал Түркия үлесі 49% -ға. Қазақстанда 70 млрд. доллар 364 млн барель мұнай 20 млрд м3 табиғи газды ашу жұмыстарына жұмсалды. 2001-2002 жылы 65000 барель мұнай күнделікті өндіру жоспарланып отыр.
1993 жылдан бастап Қазақстанға Түркияның компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпорындар негізделді. Бірлескен кәсіпорындар «Касфен» батыс Қазақстанда мұнай құбырларын салуға –Кумколь; «Полфин» компаниясымен мұнай скважиналарын жөндеуге келісімге келді. Бірлескен кәсіпорындағы әріптестіктің жемісті жұмысы. ҚазТұрмұнай Түркия жағынан ұлттық мұнай компаниясы болды.
1994ж бастап келісімдегідей барлау, бұрғылауды Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және батыс Қазақстан сияқты төрт облыстардың территориясында жалпы көп елде 25000 кв км аймағын алуда 210 млн долларды Түркия жағы инвистиция берді. Мұнай, газ және Поденсат қорларын барлау жұмыстарын 170000 м «батыстық» менеджменттері Қазақстан кәсіпорындарында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізе алды.
1996 жылы Қазақстанда қызмет істеген 2000-ға жуық серіктес кәсіпкерлердің 319 түркиялық кәсіпкерлер Түркиядан кейінгі 300 кәсіпкерімен Қытай алады.
Ал 1999 жылы Қазақстанда жұмыс істейтін Түркия компаниялары 320-ға жетті. Олардың қатысуымен 90-н астам бірлескен кәсіпорын саны бойынша 3-ші орын алады. Онда тауар сатып алып, тұрғындардың тұтыну тауары, соның ішінде косметика, жуу құралы, тері-былғары өнімі, құрылыс заттары т.б. қызметтер соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімдері, минералды шикізат, ішкі ресурстарды өңдеуді бастады.
Алматыда «Сұлтан» макорының шығарушы Түркияның «Окан» компаниясы Алматыда печенье шығаруда. Алматыда ұн тартатын «Юмбул» фирмасы жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның бірнеше облыстарында қазақ-түрік кәсіпорындары бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Олар Қостанай облысында салқындатып тазартылатын су шығарумен «Текфен» фирмасы айналысуда. Шымкентте сіріңке шығарып жатқан Түркия фирмасы бар. Түркияның іргелі «Коч» компаниясы Қазақстанның «Бутясымен» бірігіп, «Рамстор» деп аталатын маркалы өнімдер шығаруда. Қазіргі таңда «Коч холдинг» фирмасы осындай супер маркеттерді Астана мен Шымкентте де ашуды көздеп отыр.
Алматыда Алмер акумлятор зауыты, Шымкентте «Yesilinma» шұлық фабрикасы, Өскеменде «Алтынай» күнбағыс май зауыты өнім шығара бастады. 1996 жылы Қазақстанда қызмет істеген 2000-ға жуық серіктес кәсіпкерлердің 319-ы Түркия кәсіпкерлері. Түркиядан кейінгі 300 кәсіпкермен Қытай алады.
Қазақстанда Түркияның құрылыс фирмаларының орны ерекше: Түркістандағы Қ.А.Ясауидің атындағы ХҚТУ-дің қалашығын Түркияның «Зафер» фирмасы құрылысын жүргізді Университет қалашығының көлемі жоба бойынша 300 гектар. Оның 120 гектарына жаңа техника жетістіктерімен жабдықталған оқу корпустары, 80 гектарға жаңа үлгідегі тұрғын үйлер салынуда, ал 100 гектарға ботаникалық бақ пен ғылыми зерттеу орталығы орналасады.
Түркия мемлекетінің құрылыс кәсіпорындары Алматыдағы бес жұлдызды «Анкара» мейрамханасын салды, Астана қаласында алғашқы бес жұлдызды «Астана» қонақ үйін тұрғызды. Сондай-ақ Астанадағы парламент үйін, бірнеше министрліктер мен тұрғын үй салуға да Түркия кәсіпорындары үлес қосты.
Қазақстан территориясында Түркия компаниялары бірінші орында. Мәселен Астана шетел компаниялары арасында 70%-ін Түркия компаниялары алады. Астананың халықаралық презентациясында Президент 4 құрылыс компаниясына медаль беруін оның үшеуі Түркияның компаниялары алды.
Астана қаласында Түркияның мынандай компаниялары көзге ерекше түсті: «Ахсел», «Окан-холдинг», «Жейланлемитет» шетелдік құрылыс компаниялары. Қазіргі кезде Қазақстанда 660-тан астам Түркия компаниялары мен бірлескен қазақ-түрік кәсіпорындары жұмыс істеуде. Осы орайда Қазақстанда істеп жатқан «Энка, Окан-холдинг, Финтрако, Джейлан, Бурдуж, Анадол, Грубу,Түркуаз, Түріксел» сияқты ірі түрік компанияларының атқарып жатқан жұмыстарын ерекше атап өтуге болады.
Түркияның Джейлан және Олан-холдинг компаниялары Астанадағы Евразия университеті мен ұлттық мұражайдың құрылыстарын аяқтауға жақын қалды.
Қазақстан республикасының Президенті Н.Назарбаевтың әлем таныған тұлға екеніне көзі жеткен түрік бизнесмендері ішіндегі аса ірі капиталдары да ата жұртта зауыт, фабрикалар ашуға ынталы болып отыр. 1998 жылдың өзінде 200-ден астам түрік компаниялары Қазақстанға келіп, жағдаймен жан-жақты танысты. Соның 20-30-ы қазірдің өзінде қажетті құжаттар әзірлеп, жұмысты бастап кетті. Бұлар күріш тазалау, мебель жасау, қағаз, керамика, шыны, дәрі-дәрмек шығаратын фирмалар.
- Қазіргі таңдағы Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары.
2.1 Қазақстан мен Түркия республикасы арасындағы халықаралық байланыс
Ұлы Түрік мемлекетінің халықаралық қатынас саласында қолы жеткен табыстары туралы айтқанда ең алдымен оның Қазақстан Республикасымен арадағы одақтастық саяси және достық қарым-қатынастары, сауда-экономикалық әскери-техникалық ынтымақтастықтары және ғылым, білім беру, мәдениет салаларындағы жемісті байланыстары ауызға ілігеді. Бұл түсінікті де. Бұрыннан-ақ Қазақстанмен ортақ тарихи және этнолингвистикалық терең тамырлы бауырластығы бар Түркия мемлекеті Қазақстанды ол егемендігін жарияласымен-ақ, екінші күні таныды. Мүмкін, сондықтан да, мемлекеттің арасындағы қатынастарда ортақ саяси және экономикалық мүдделердің кең ауқымы орын алып отырғандығы да болар, олардың арасындағы қатынастар өте қарқынды дамып келеді.
Осман мемлекетінен Республикаға өтісімен Ататүрік бастаған Түркия басшылығы, сонау 1923-жылдың өзінде-ақ барлық түрік халықтарының олардың этникалық, мәдени, тарихи ортақтықтарына байланысты бірігу идеясына негізделген өзінің сыртқы саясатының жаңа бағытын белсенді түрде әзірлеуге кіріскен болатын. Сол кезде-ақ құрамына Қазақстан да кіретін.
Дербес дамуының алғашқы қадамдарында-ақ тәуелсіз тең құқыктылық негізде дүниежүзілік қауымдастыққа ену үшін,- деп түсіндіреді Қазақстан - Түркия қарым-қатынастарын Түркия мемлекетінің Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы күндерден-ақ үзбей өз бақылауында ұстап келе жатқан қазақстаңдық ғалым М.Б.Мұхамедов, - Түркияның саяси қолдауына аса зәру болды. Оған күштер байланысын құру мен Ресей патернализмінен босану үшін мүмкіндіктер алуға сыртқы байланыстарды диверсификациялау қажет еді. Әрине, қазақ пен түрік халықтарының рухани, тілдік, мәдени және тарихи ортақтығы үлкен роль атқармай қойған жоқ. Осының бәрін ескерген Қазақстан үшін дүниежүзілік қауымдастықта беделі өте жоғары Түрік мемлекеті Батыстық мол қаражат көздерінен несие алуға кепілдік ете алатын иесіндей көрінді.
Нарыққа негізделген мемлекет құруды мансұқ тұтқан Қазақстан үшін өзіне дейін осындай жолдан қауіп-қатерсіз өткен Түрік елінің тәжірибесі нұсқалық үлгі. Сондықтан да болар осыны терең түсінген Қазақстан басшылығы нарықтық қоғам құрудағы "Түрік үлгісіне" айрықша назар аударады. Дегенмен, шаруашьшық жүргізудің ұлттық түріне қатысты, сондай-ақ Қазақстан экономикасының Ресейдің және көршілес елдердің шаруашылығымен тығыз байланысты болуы себепті Қазақстан сияқты алып мемлекеттің нарықтық қатынастар жүйесіне өту процесінің өзіндік өрнегі болатындығы анық. Оның үстіне халқының 40% жуығы түрік тектес емес халықтардан тұратындықтан Қазақстан демографиялық жағдайларды да ескере отырып, этникалық және діни мәселелерде сақтық жасап, жан-жақты ойластырылған салиқалы саясат жүргізуге мүдделі.
1992 жылдың қазан айының 30-ы және 31—1 күндері Анкара қаласында түркі мемлекеттердің бірінші басшыларының кездесуі болды. Оған Түрік Республикасының сол кездегі Президенті Түрғыт Озал, Әзербайжан Республикасының сол кездегі Президенті Абулфайз Элгібей, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Рсспубликасының Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов және Түркменстан Республикасының Президенті Сапармұрат Ниязов қатысты. Кездесу барысында оған қатысушыларды Түркия басшылығы кезінде Кемал Ататүрік қолдаған барлық түркі тілдес халықтарды біріктіру идеясымен еліктіруге тырысты. Бұл идеямен басқа мемлекеттер басшылары өздерінің келісе алмайтындықтарын жасырмады. Туындаған осындай қиындықтарға, өзара келіспеушіліктерге қарамастан, кездесуге қатысушы мемлекеттердің бірінші басшылары түркі тілдес мемлекеттердің ортақ рыногін құру идеясын қуаттады. Түрік жағы оларға экономикалық және мәдени салаларда қолдау жасайтын ниеттерін аңғартты, өзара қатынастардың оң дамуына қанағаттанып отырғандарын білдірді және әрі қарай ынтымақтастық пен іс-қимылдарды үйлестіріп отыруға шақырды. Кездесуге қатысушылардың аймақтағы жағдайды тұрақтандыру мен тұтастай алғанда Азия құрлығында қатынастардың жарастығы жолында осы бағьпты жалғастыра беру туралы ұйғарымға келулері түркі тілдес мемлекеттердің бүгіні үшін ғана емес, болашағы үшін де аса маңызды болды. Түркі тілдес мемлекеттердің бірінші басшыларының мұндай кездесулері кейінгі жылдары да арасына жыл аралатып тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мұның жақын мысалы ретінде 1994 жылдың қазан айының 19-ында Стамбулде, 1995 жылдың тамыз айының 28-інде Бішкекте, 1996 жылдың қазан айынын 21-інде Ташкентте болып өткен түркі тілдес мемлекеттердің бірінші басшыларының кездесулерін атауға болады.
Американдық ғалым Дж.Сакстың пікірінше, «қандай да бір ел болмасын оның экономикалық тұрғыдан ірі жетістіктерге жетуі көбіне-көп сыртқы сауда-саттықты дұрыс жүргізе білуіне тікелей байланысты. Дүниежүзілік экономикалық байланыстар шеңберіне тартылмайынша еш бір ел оқшау қалып жөні түзу экономикалық құрылым жасақтай алмайды». Олай болса, Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық та өзінің салмағына қарай өзара сауда-саттықтың жетекші позициясына ие болуы орынды да. Мысалы, Түркия Республикасы сыртқы экономикалық байланыстар кеңесінің есептеріне қарғанда, екі ел арасындағы өзара сауда айналымының жалпы сомасы 2001 жылы 1 млрд. АҚШ долларынан асқан. Ал, 1999 жылы Қазақстанға Түркия Республикасынан әкелінген тауарлар экспортының жалпы сомасы 96 миллион АКШ долларын құраған болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 116 миллион АҚШ доллары болғанды. Ал, Қазақстаннан 1999 жылы Түрік еліне апарылған тауарлар экспортынын жалпы сомасы 296 млн. АҚШ долларын құраған болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 346 млн. АҚШ долларына жеткен болатын.
2.2. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.
Қазақстан тек Түркия Республикасымен ғана емес, жалпы басқа елдермен арадағы сауда-саттықта саудалау заты негізінен шикізат болып келетіндігі ешкімге де жасырын емес. Сондықтан, ел басшысы Н.Ә.Назарбаев үнемі айрықша атап, нақты көрсетіп келе жатқанындай, Қазақстан өндірісі шикізатты неғұрлым терең өндеуге, қосымша құнды көтеруге басты назар аударуы керек. Демек, Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыс саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағытында қолға алынатын жұмыс жеткілікті. Бұл жұмыстың негізгілерінің бірі — аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыс саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларын экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіруді, дүииежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды бұлжымас мұрат деп білу керек.
Түркия-Қазақстан арасындағы ғылым, білім беру және мәдениет салаларындағы байланыстарды сөз ететін болсақ, ең алдымен 1991, 1992, 1996 жылдары Қазақстан мен Түркия халықтарының мәдениеті мен өнері күндерінің өткізілуі, Алматы және Анкара қалаларында кинофестивальдар ұйымдастырылуы, Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи кесенесін жөндеу жұмыстары, Абай Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтардың ақындық шығармашылық мерейтойларын атап өту шараларынын ұмытылмайтын, екі ұлт үшін де пайдалы, ұлағатты, тағылымды істер болғандығын айтуға болады.
Сонымен қатар, бұл саладағы өзара туыстық байланыстардың бірегейі ретінде Түркия мен Қазақстан арасында 1992 жылдың 31 қазанында Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы Өкіметтері арасында Түркістан қаласында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ашылуына келісім жасалуын атап көрсету орынды.
Бүгінде аталмыш университетте түркі дүниесінен келген 10 мыңнан астам оқушы білім алуда. Университет алғашқы түлектерін ұшырды және бұл түлектер Қазақстан-Түркия және басқа түркі елдерінде де биік парасаттылықпен халқымызға қызмет етуде.
Сонымен қатар 1999 жылдың алғашқы айларынан бастап:
Қазақстан мен Түркия өкіметі, министрліктер, түрлі қоғамдық ұйымдар, қорлар мен ұйымдар, университет және сауда бірлестіктері арасында 100-ге жуық келіссөздер мен протоколдарға қол қойылды;
- Түркия Республикасы коммуникациясы және Түрік Телекомның инвестицияларымен Түркия-Қазақстан арасындағы тікелей телекоммуникация байланысы құрылып, Қазақстанның бүкіл дүниежүзімен болған телефон байланысы Түркияның үстінен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, Қазақстанда Түркияның теледидар бағдарламалары көрсетілетіндей дәрежеге қол жетті;
- Қазақстанда Түркия Республикасы мердігерлік секторының қызметтерімен іске асқан бағдарламалар 400 млн. доллар, әлі жалғасуда болған бағдарламалар 1 млн. доллар және айрықша қоғамдық ұйымдар тарапынан міндеттемеге алынған бағдарламалардың бағасы 300 млн. доллардан асқан. Осылайша Түркия Қазақстанда жасалған инвестициялары барысында АҚШ, Оңтүстік Корея және Англиядан кейінгі төртінші орынды иемденген болатын;
- Тәуелсіздіктен кейінгі екі жыл ішінде Түркия мен Қазақстан арасында (1992) 22 млн.доллар шамасында іске асқан сыртқы сауда көлемі тарапынан қабылдануына қарамастан Қазақстан мемлекет басшысы Н.Назарбаев 1998 жылы 29-қазанда Түркия келгенінде "Баку-Жейхан мұнай құбыр жолын Қазақстанның қолдайтындығы жөнінде дүниежүзіне әйгіленген декларацияға Түркиямен бірге қол қойды;
- Түркияда қазір 1200-дың үстінде Қазақстандық оқушы, Қазақстанда 1000 шамасында Түркиялық оқушы білім алуда. Қазақстандағы Түркиялық оқушылардың жартысына жуығын Ахмет Яссауи университетінің оқушылары құрауда;
- Түркиялық қорлар мен жеке фирмалар тарапынан Қазақстанда ашылған арнайлы лицейлерде 500-ден астам Түркиялық оқытушы қызмет етуде. Бұл оқу орындарында 100 мыңға жуық қазақ жастары білім алуда және бұл оқу орындарын бітірген мыңдаған жас Түркия түрікшесін үйрене отырып университетке жолдама алуда.
- Түрік Дін Басқармасы тарапынан Қазақстанда көптеген мешіттерде жөндеу жұмыстары жүргізуде, жаңа мешіттер салынуда және қазіргі таңда Түркия Республикасы Алматы Төтенше Елшілігінің дін қызметтері жөніндегі кеңесшілгінде 16 дін адамы қызмет етуде. Айрықша 1997-1998 жылы Алматыда бір теология факультетінің ашылуына көмек көрсетілген.
Осындай қол жеткен жетістіктерге қарамастан, Түркия мен Қазақстанның гуманитарлық-ағарту саласы бойынша қарым-қатынастық байланыстарда кемшіліктер де болды. Көбіне көп, мұндай кемшіліктер екі мемлекеттің қаржылық және ішкі - саяси проблемаларына қатысты туындаған еді. Соған қарамастан, осы саладағы Түркия мен Қазақстанның екі жақты қарым-қатынастарының келешегі үлкен.
Туған ағасындай бауырласы Түрік мемлекетінен үлгі алған Қазақстан Республикасы халықаралық қатынаста біршама жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда тәуелсіздігін 120 ел, яғни әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің жартысынан астамы таныды, оның ішінде 105 елмен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Әлемнің 28 елінде Қазақстан Республикасының елшіліктері ашылды, Алматыда 44 шетел елшіліктері мен миссиялары, сондай-ақ 12 халықаралық ұйымының өкілдіктері жұмыс істейді. Жаңа астанамыз да саяси халықаралық байланыстар орталығына айналып келеді. Қазақстан 800-ден астам мемлекетаралық және үкімет аралық шарттар мен келісімдер жасады, көптеген әлемдік, европалық және азиялық саяси және экономикалық ұйымдар мен одақтарға кірді және қысқа тарихи мерзім ішінде әлемдік қауымдастықтың толық мүшесі атанды. Республиканың сыртқы қатынастар жүйесі демократиялық принциптер мен халықаралық құқықтық келісімдерді құрмет тұта отырып нарықтық қатынастар жүйесінс нық қадаммен араласып келеді.
Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату — Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор — екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары барлығы.
Айталық аз уақытың ішінде-ақ екі ел арасында қызу қарым-қатынас жанданып жүре берді, заңды база қалыптасты. Оның мысалы екі ел мемлекеттері бірінші басшыларының үкіметтері мен ммнистрліктерінің ведомстволар мен кәсіпорын басшыларының жоғары денгейде қол қойған шарттары, декларациялар, келісімдер және алынған міндеттемелер. Екі ел парламенттері арасында да қызу достық, ынтымақтастық әрі өзара түсініскен мықты байланыс бар. Ал, мәдениет өнер және білім беру салаларындағы байланыстар екі халықтың бір-біріне жақындасуына, қарым-қатынастардың татулықпен негізделуіне ықпал етті. Өйткені, екі елдің тарихында, тіл және мәдениетінде ортақ ұқсастықтар көп-ақ.
Жоғарыда біз екшелеген жағдайларға, сондай-ақ екі ел арасында орныққан ортақ рухани, саяси және экономикалық мүдделердің ауқымды орын алып отырғандығына орай олардың арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастары әлі де өте қарқынды дамып келеді.
Түркиямен ынтымақтастық Қазақстанның Азиялық аймақтық процестерге терендеп енуіне, Орталық Азия мемлекеттерінің көбіне ортақ түркі өркениетін қайта жанғыртуына жәрдемдесті. Туркияның, Қазақстанның және басқа түркі тілдес мемлекеттердің арасындағы тығыз қатынастарды дамыту аймақтағы күштердің ара салмағына елеулі ықпал жасады. Мұның бәрі және бірқатар басқа факторлар Қазақстан-Түркия қатынастарының тарихи бастауларының негізгі кезеңдерін зерттеген тұста болашақ бағыттарын анықтаудың айрықша көкейтестілігін көрсетіп берді.
Сондықтан Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары туралы ой қозғағанда екі ел арасындағы экономикалық рухани және мәдени салалардағы байланыстарды жан-жақты саралаған жөн. Осман мелекетінен Республикаға айналысымен Ататүрік бастаған Түркия басшылығы, сонау 1923 жылдың өзінде-ақ барлық түрік халықтарының, олардың этностық мәдени, тарихи ортақтықтарына байланысты бірігу идеясына негізделген өзінің сыртқы саясатының жаңа—бағытын белсене әзірлеуге кіріскен болатын. Сол кезде-ақ құрамына Қазақстан да кіретін Орталық Азия елдерінің дербес мемлекеттер ретінде қалыптасуына қолдау көрсетуді Түркия өзінің тарихи миссиясы деп есептеді. Бұл күндері де Түркия түркі тілдес мемлекеттердің саяси-экономикалық одағы арқылы өзіне қолайлы деп санайтын аймақтағы жетекші рөлге ұмтылуға тырысып отыр. Ағайындас түркі тілдес мемлекеттердің тұтас белдеуінің орнауы, — дейді Түркия тарихын зерттеуші ағылшын оқымыстысы— Түркияға аймақтағы өз жағдайын орнықтырып, нығайтуға мүмкіндік береді. Ал, мұның өзі Түркияның көптен бергі асыл арманы — түркі тілдес бір текті мемлекеттердің одағын құруға ұмтылған тарихи үмітін жақындата түседі.
Дербес дамуының алғашқы қадамдарында-ақ Қазақстан тәуелсіз тең құқықтық негізде дүниежүзілік қоғамдастыққа ену үшін — деп түсіндіреді Түркия мемлекетінің Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы күндерден-ақ Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын ұдайы қадағалап келе жатқан қазақстандық ғалым М.Б.Мұхамедов, — Түркияның саяси қолдауына аса зәру болды. Оған күштер тепе-теңдігін құру мен Ресей патернализмінен босану үшін мүмкіндіктер алуға сыртқы байланыстарды диверсификациялау қажет еді. Әрине, қазақ пен түрік халықтарының рухани, тілдік, мәдени және тарихи ортақтығы үлкен рөл атқармай қойған жоқ.
Қазақстанды дамыған елдер қтарына қосатын факторлар қатарына халықтың сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.
Қазақстан Республикасы экономикасының шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі оның дамушы елдер қатарына жататындығының дәлелдері.
Ал, дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға, шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға ұмтылысы өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай пошымда болсын қарсылыққа, көптеген кедергілерге тап болуда. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ. АҚШ «таргетинг» дегенді дамушы елдерге негізінен «жаңа индустриялы елдерге» қарсы санкциялар жазалау шаралары ретінде қолданады.
Таргетинг — экспорттық әлуетті, негізінен мақсатты ғана көзден, өсіре беру.
Дей тұрғанмен, кейбір «жаңа индутстриялы елдер» оның ішінде Түркия Республикасы да бар өз экспортының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде мәшинелер мен жабдықтардың үлесі артты. Сондықтан, Түркия Республикасынан тауар экспорттаудың озық тәжірибесін қабылдап үйренудің ешқандай да әбестігі жоқ.
Маман сарапшылардың анықтауы бойынша Түркия Республикасы экономикасы барынша дамып, жан-жақты өркендеген дүниежүзілік жетекші 20 мемлекеттің Г-20 тобы қатарында нақ ортасында нық басып тұр. Олай болса, нарыққа негізделген мемлекет құруды көздейтін Қазақстан үшін өзіне дейін осындай жолдан қауіп-қатерсіз өткен Түрік елінің тәжірибесі нұсқалық үлгі. Сондықтан да болар, осыны терең түсінген Қазақстан басшылығы нарықтық қоғам құрудағы «түрік үлгісіне» айрықша назар аударды. Дегенмен, шаруашылық жүргізудің ұлттық түріне қатысты, сондай-ақ Қазақстан экономикасының Ресейдің және көршілес елдердің шаруашылығымен тығыз байланысты болуы себепті Қазақстан сияқты мемлекеттің нарықтық қатынастар жүйесіне өту процесінің өзіндік өрнегі болатындығы анық. Оның үстіне халқының 40 пайызға жуық түрік тектес емес халықтардан тұратындықтан Қазақстан демографиялық жағдайларды да ескере отырып, этностық және діни мәселелерде аса сақтық жасап, жан-жақты ойластырылған салиқалы саясат жүргізуге мүдделі. Өз кезегінде мұндай әлеуметтік-этностық факторлар басқа елдермен, соның ішінде Түрік мемлекетімен де арадағы саяси, әскери және экономикалық қатынастарға әсерін тигізбей қалған жоқ. Қазіргі халықаралық жағдайда кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендеп, дамуы үшін ұлтшылдық негіздерге ғана арқа сүйеп, қол жеткізуге болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті.
Қазақстан мен Түркияның екі жақты сауда, экономика және туризм салаларындағы қарым-қатынастары мен байланыстарында, әсіресе, көлік қатынастарының ортақ жүйесін дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылады. Мұның себебі, екі елдің шекарасы іргелес емес, ендеше сауданы өркендету мен салынып жатқан кәсіпорындарға, тұрғын үй құрылыстарына қажетті құрылыс материалдарын уақытылы жеткізіп отыру үшін қатынастың сенімді жолдарын іздестіру қажеттігінде жатыр.
Реті келіп тұрғанда айта кеткен жөн. Атырау мұнайын тасымалдау мәселесінде Қазақстан бір бағытты ғана ұстанып қалған жоқ. Оған жан-жақты экономикалық қарым-қатынас пеп байланыстарға Ресейдің де мүдделерін ескеруі қажет болды. Оның үстіне республика тұрғындарының 40 пайызға жуығын славян тектес халықтар құрайтындықтан, Ресеймен арадағы қарым-қатынас мәселелерінде үйлесімділік пен икемділік керек-ақ.
Каспий аймағы мұнайының тағдыры оған мүдделі елдердің екі жақты қатынастарының ғана мәселесі емес, тұтастай алғанда аймақтағы экономикалық және саяси процестерді дамытудың да маңызды бөлігі болып саналады. Сондықтан да, бұл маселе байыпты ойластырылып, шешілуді талап етеді.
Сондықтан болар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бұл мәселені тиімді шешу жолдарын жан-жақты ойластырып, Атырау мұнайын тасымалдау жобаларының ішінен ең маныздыларын таңдап алды. Таңдап алынған жобалардың ішінде Түркия, Әзірбайжан, Грузия, АҚШ мемлекеттері басшыларының өзара келісімімен жасақталған «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбырын құру жобасы да бар болатын. Осыған байланысты. Түркия Республикасының Президенті А.Н.Сезер 2000 жылдың Қазан айында ресми іс сапармен Қазақтанда болғанда Н.Назарбаев онымен «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбыры жобасын байыппен талқылап, бұл жобаның Қазақстан үшін де саяси және экономикалық тұрғыдан тиімді екендігін атап өтті, жобаны іс жүзіне асырудың техникалық негіздері мен қаржыландыру көздері туралы өз пікірін білдірді, жобаның бұрынғы атауын өзгертіп, оны жаңадан Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай тасымалдау құбыры жобасы деп атауды ұсынды.
Бұл мұнай құбырының жалпы құны 2400 млн. АҚШ доллары мөлшерінде бағалануда. Құбыр ұзындығы 1800/км. Мұндай тиімді келісімнің Қазақстан үшін маңыздылығы негізінен екі жақты біріншісі, бұл құбыр арқылы келешекте 20 млн. тонна мұнай экспорттау мүмкіндігі туындайды. Екіншісі, бұл келісімнен Ресейдің сырт қалуы, Қазақстан мұнайының Батыс елдеріне экспортталуы ОПЕК-ке мүшс елдерден тәуелсіз түрде жүруі болып табылады. Қазақстан мұнайы бұл кұбырмен Түркияға Шығыс-Батыс сауда-экономикалык байланысы аркылы экспортталады. Бұл Қазақстан үшін ТМД шеңберінен шығып, өз алдына дербес сауда жасау мүмкімдігін береді. Дей түрғанмеи, дүниежүзілік рынокқа шығудың оңай жолы жоқ. Ондағы қалыптасқан катаң бәсекеге төтеп беріп, оңтайын таба білу үшін базар бәсекесінің сырларын талмай үйрену кажет. Сонымен бірге Қазақстан экономикасын дүниежүзілік шаруашылыққа кіріктіру барысында кажетті ашықтық пен ақылға қонымды протекционизмді де үйлестіре білу кажет. Онсыз, сондай-ақ, жалпы халықаралық сауда-саттықтың қыр-сырын толық меңгермейінше «арзан береміз» деп есікті шалқасынан ашып тастау, берекесіз анархия, ел байлығын орынсыз оңды-солды шашу ортада делдалдық жасап жүрген алаяқтардың жетегінде кетіріп, сан соқтыруы, отандық өндіріс тауарларының бәсекеге шыдам беруіне кері әсерін тигізіп, ел экономикасының тиімділігін арттырудың орнына халық шаруашылығына зиян келтіруі, сөйтіп экономикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін. Француз экономисі М.Пебро дұрыс бағамдағандай, «саудаға абайлап бару керек, оның ережелерін көзжұмбайлықпен қолдану, әдетте әлсіздің күшіне бағыныштылығына апарып соқтырады, сөйтіп елдің экономикалық «отаршылдықтың» жан түршіктірер ауыртпалығына душар етеді».
Халықаралық бәсекеге төтеп беретін күрделі қаржының, технологиялардың және ақпараттың келуін ынталандыратын қолайлы инвестициялық ахуал жасау ел экономикасын дамытудың маңызды тұтқасы болып табылады. Осыған байланысты Қазақстандағы шетелдік күрделі қаржыны тарту бағытында көптеген игі шаралар атқарылуда. Солардың бірі ретінде 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығымен шетелдік және отандық инвестицияларды тарту және оларды тиімді орналастыру үшін еліміздегі экономиканың жетекші салаларының тізбесі жасалған болатын. Оның қатарынан өндірістік инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсібі, Астананың нысандары, ауыл шаруашылығы т.б. орын алады.
Елбасы мен Премьер-министр Қазақстан мен Түркияның "Баку-Тбилиси-Жейхан" құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдау жөніндегі ірі жобаға қатысуының, сондай-ақ екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін оңтайлы пайдалануға бағытталған оңтүстік транзитімен ТРА-злік дәлізін дамытушы. Туысқан елдер арасындағы ынтымақтастық, - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев — Қазақстан мен Түркияның ғана емес, Орта Азия өңірін мекендеген барлық халықтардың бейбіт жолмен дамуы мен экономикалық гүлденуіне ықпал ететін болады. Иә, қарыштаған Қазақстанның экономикалық әлеуетінің мүмкіндігін әлем мойындап отыр. Сондықтан да қандай да елмен болсын, әріптестік қарым - қатынастың түсіністік әрі парасаттық деңгейде болуы өз нәтижесін берері ақиқат. Олай болса, өркениетті елдермен терезесі тең тұратын біздің еліміз сыртқы саясатты да сындарлы жүргізе беретініне сенім мол. Бұл тәуелсіз Қазақ елінің ұлттық болмысын кеңейте бермек.
Қорытынды
Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату — Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор — екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары барлығы.
Айталық аз уақытың ішінде-ақ екі ел арасында қызу қарым-қатынас жанданып жүре берді, заңды база қалыптасты. Оның мысалы екі ел мемлекеттері бірінші басшыларының үкіметтері мен ммнистрліктерінің ведомстволар мен кәсіпорын басшыларының жоғары денгейде қол қойған шарттары, декларациялар, келісімдер және алынған міндеттемелер. Екі ел парламенттері арасында да қызу достық, ынтымақтастық әрі өзара түсініскен мықты байланыс бар. Ал, мәдениет өнер және білім беру салаларындағы байланыстар екі халықтың бір-біріне жақындасуына, қарым-қатынастардың татулықпен негізделуіне ықпал етті. Өйткені, екі елдің тарихында, тіл және мәдениетінде ортақ ұқсастықтар көп-ақ.
Жоғарыда біз екшелеген жағдайларға, сондай-ақ екі ел арасында орныққан ортақ рухани, саяси және экономикалық мүдделердің ауқымды орын алып отырғандығына орай олардың арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастары әлі де өте қарқынды дамып келеді.
Түркиямен ынтымақтастық Қазақстанның Азиялық аймақтық процестерге терендеп енуіне, Орталық Азия мемлекеттерінің көбіне ортақ түркі өркениетін қайта жанғыртуына жәрдемдесті. Туркияның, Қазақстанның және басқа түркі тілдес мемлекеттердің арасындағы тығыз қатынастарды дамыту аймақтағы күштердің ара салмағына елеулі ықпал жасады. Мұның бәрі және бірқатар басқа факторлар Қазақстан-Түркия қатынастарының тарихи бастауларының негізгі кезеңдерін зерттеген тұста болашақ бағыттарын анықтаудың айрықша көкейтестілігін көрсетіп берді.
Сондықтан Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары туралы ой қозғағанда екі ел арасындағы экономикалық рухани және мәдени салалардағы байланыстарды жан-жақты саралаған жөн. Осман мелекетінен Республикаға айналысымен Ататүрік бастаған Түркия басшылығы, сонау 1923 жылдың өзінде-ақ барлық түрік халықтарының, олардың этностық мәдени, тарихи ортақтықтарына байланысты бірігу идеясына негізделген өзінің сыртқы саясатының жаңа—бағытын белсене әзірлеуге кіріскен болатын. Сол кезде-ақ құрамына Қазақстан да кіретін Орталық Азия елдерінің дербес мемлекеттер ретінде қалыптасуына қолдау көрсетуді Түркия өзінің тарихи миссиясы деп есептеді. Бұл күндері де Түркия түркі тілдес мемлекеттердің саяси-экономикалық одағы арқылы өзіне қолайлы деп санайтын аймақтағы жетекші рөлге ұмтылуға тырысып отыр. Ағайындас түркі тілдес мемлекеттердің тұтас белдеуінің орнауы, — дейді Түркия тарихын зерттеуші ағылшын оқымыстысы— Түркияға аймақтағы өз жағдайын орнықтырып, нығайтуға мүмкіндік береді. Ал, мұның өзі Түркияның көптен бергі асыл арманы — түркі тілдес бір текті мемлекеттердің одағын құруға ұмтылған тарихи үмітін жақындата түседі.
Дербес дамуының алғашқы қадамдарында-ақ Қазақстан тәуелсіз тең құқықтық негізде дүниежүзілік қоғамдастыққа ену үшін — деп түсіндіреді Түркия мемлекетінің Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы күндерден-ақ Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын ұдайы қадағалап келе жатқан қазақстандық ғалым М.Б.Мұхамедов, — Түркияның саяси қолдауына аса зәру болды. Оған күштер тепе-теңдігін құру мен Ресей патернализмінен босану үшін мүмкіндіктер алуға сыртқы байланыстарды диверсификациялау қажет еді. Әрине, қазақ пен түрік халықтарының рухани, тілдік, мәдени және тарихи ортақтығы үлкен рөл атқармай қойған жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Фейзуллах Будак «Қазақстан: өткені, бүгіні мен ертеңі» Анкара, 2000ж.
- Келімбетов М. «Қазақстан-Түркия бауырластық бастаулары» Қазақстан Коммунисі-1991ж. №8-39 бет
- Келімбетов М. «Қазақстан-Түркия бауырластық бастаулары» Қазақстан Коммунисі-1991ж. №8-36 бет
- Ph.Robins. The Middle East and the Central Asia in "The new deopolitions of Central Asia and its Neighbovrs". Pinter Publishears. London. 1994. Chapter iv - P. 165.
- Мұхамедов М.Б. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатында негізгі басым бағыттардың қалыптасуы. Алматы, 1999, 29-бет.
6.Торгово-экономическое сотрудничество. Протокол о торгово-экономическом сотрудничестве между Правительством Казахской Советской Социалистичесхой Республики и Правительством Турецкой Республики от 15 марта 1991 года. - В сбор. Казахстан-Турция: 5 лет дружбы и сотрудничества. Анкара, "Билиг". 1996. С.149-152.
7.Соглашение между Казахской Советской Социалистической Республикой и Турецкой Республикой в области транспорта и телекоммуникаций от 26 сентября 1991 года. - В" сбор. Казахстан - Турция: 5 летдружбы и сотрудничества. Анкара, "Билиг", 1996. С.158-162.
- Встречи глав тюркоязычных государств Анкарское заявление. - В сбор. Казахстан-Турция: 5 лет дружбы и сотрудничества. Анкара, "Билиг',1996, 413-416 бетгер.
- 9. Встречи глав тюркоязычных государств: Стамбульская декларация от 18-19 октября І994 года; Бишкекская декларация от 28 августа 1995 года; Ташкентская декларация от 21 октября 1996 года. - В сбор. Казахстан-Турция: 5 лет дружбы и сотрудничества. Анкара. "Билиг", 1996, С.416-434.
- 10. Назарбаев Н. Ә. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы, Қазақстан, 1996, 43S, 5ІЗ-6.
11.Токаев К. Под стягом независимости. Оценки о внешней политике Казахстана. Атматы. Білім. 1997, С.347.
- 12. Токаев К. Турция - стратегический партнер Казахстана. - В ин.: Казахстан-Турция: 5 лет дружбы и сотрудничества Анкара, "Билиг", 1996, C.10.
- Е.Жұхаметұлы. «Жаңа президенттің жаңа сапары» Жас алаш 2000ж. 19 қазан.
- Нарибаев М. САЯСАТ.1999г. №3.с.69
15.«Түркия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының таяу арадағы мөлшері 1 млрд. АҚШ долларына жететін болады.» Егемен Қазақстан 1995ж. 14 маусым.
- Таныс, Бейтаныс Түркия Егемен Қазақстан, 1997ж. 14 наурыз 2 бет
- Самаат Мұса. «Туыстықтың туы жоғары» Егемен Қазақстан 2000ж. 20 қазан.
- Ғабит Мүсірепов. «Тәуелсіздік. Түркістан. Тұңғыш Президент »
- Асылбек Рахатұлы «Барша ағайынға амандық, жақсылық тілеймін» Қазақ елі 1997ж. 20 маусым.
- Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» Алматы 1996ж.
- «Казахстан-Туркия 5 лет дружбы и сотрудничества» Анкара-Билинг 1996г.
- Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Профессор оқытушылар құрамының ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік ҮІІІ ғылыми конференциялық еңбектері Шымкент 2000ж.
- Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ: Бес жыл бес белес Алматы,1996ж.
- Н.Назарбаев «Түркияға сапар жемісті болды» Халық кеңесі 1994ж. 21 қазан
- Д.Ибрагим. «Түркия мен Қазақстан» Заман қазақстан 1997ж.19 қыркүйек.