Экономика
Қазақстан-Украина әуе рейстерінің саны артады
Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстерінің саны артады. 15 -16 маусымда Киевте Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен мемлекетаралық украиналық-қазақстандық комиссияның 12 отырысы өтті деп жазады Bnews.kz.
Отырыста ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Украинаның вице-премьер-министрі, өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық министрі Геннадий Зубко бастаған комиссия авиациялық тасымал саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.
Қазір украиналық тарап рұқсат етілген рейстер санының ең көбін пайдаланады, яғни Астана мен Алматы қалаларына аптасына 14 рет рейс жасалады. Отырыста рейстер санын арттыру мәселесі қаралды.