Экономика
Выбор редактора
Қазақстан Вьетнаммен бірлескен кәсіпорын ашуды ұсынады - Н.Назарбаев
Қазақстан Вьетнаммен бірлескен кәсіпорын ашуды ұсынады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
"Қазақстан Вьетнам Социалистік Республикасымен ынтымақтастығын дамытуға зор көңіл бөледі. Біз қазақстандық нарықта вьетнамдық бизнесті кеңейтуге қызығушылық танытып отырмыз. (...) Біз тоқыма өндірісін, жиһаз, халық тұтынатын тауарлар өндірісін бірлесе жасауға дайынбыз",- деді ҚР Пезиденті Нұрсұлтан Назарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, сәрсенбі күні Ақордада Вьетнам мемлекетінің елшісі Доан Тхи Хиен Суан, Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды.