Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан зейнетақы қорының экс-төрағасы 12 жылға сотталды

Қазақстан зейнетақы қорының экс-төрағасы 12 жылға сотталды
Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz - Алматының  қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қазақстанның «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ экс-басқарма төрағасы Руслан Ерденаевты кінәлі деп танып, 12 жылға соттады. «Сот Р.Ерденаевты  ҚР Кодексінің  4 бабының 189, 4 бабының 366 тармағы бойынша кінәлі деп танып,  12 жыл жазасын колонияда өтеуге, пара түрінде алған 132 млн теңгені тәркілеуге үкім шығарды», - деді үкімді оқыған Мартпек Кәкімжанов. Бұған дейін айтылғандай 2016 жылдың желтоқсан айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  Алматы қалалық департаментінің  тергеу басқармасы  Ұлттық банктің өтініші бойынша БЖЗҚ-ның «БузулАргум» ЖШС акцияларын 5 млрд теңгеге сатып алу фактсі бойынша соталды тергеу бастады. Өйткені Ұлттық банкке бұл келісім күмәнді көрінген. Кейінірек басқаруға сеніп тапсырылған мүлікті иемдену мен талан-таржыға салу ға күдікті ретінде БЖЗҚ топ-менеджерлері  – Р.Ерденаев, Д.Медетбеков пен  М.Бахтов ұсталды. Сонымен қатар, «АлатауАлтынМұнай» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Б.Кенжебаев, «БузулАргум» ЖШС А.Найзағарин, «Мегатрансазия» ЖШС  директорының орынбасары Т.Тұртаевтар істің қатысушылары ретінде іске тартылды. Айта кетейік, БЗЖҚ Қазақстанда 2013 жылдың 22 тамызында жұмыс істей бастады. Қор Мемлекеттік ұлттық зейнетақы қорының негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы мен акционері ҚР Үкіметі.  БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстанның Ұлттық банкі жүзеге асырады.

Похожие материалы