Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан және РФ құс еті мен балық транзитінің келешегін талқылауды жалғастырады

Қазақстан және РФ құс еті мен балық транзитінің келешегін талқылауды жалғастырады

Россельхознадзор мен Қазақстанның ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті РФ арқылы Қазақстанға өтетін АҚШ-тың құс еті мен Балтық елдерінің балық өнімдерінің транзитіне байланысты мәселелерді талқылауды жалғастырады.

Россельхознадзордың хабарлауынша, бейсенбі күні өткен Қазақстан-Ресей консультацияларының барысында екі ел мамандарында қауіп деңгейі туралы түрлі деректер бар екені белгілі болды. Россельхознадзор Халықаралық эпизоотикалық бюро мәліметтеріне сілтеме жасап, жоғары патогенді құс тұмауы АҚШ-тың 17 штатының аумағында анықталғандығын, шамамен 160 індет ошағы тіркелгенін хабарлады. АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша жойылған және мерт болған құс саны 33,3 миллионға жеткен және олардың саны артып келеді. Қазақстан өкілдері оларда бар ақпаратқа сәйкес АҚШ-тағы құс ауруы тек Вашингтон штатында ғана таралған. "Осы себепті және талқылау барысында көтерілген басқа мәселелер бойынша Қазақстан тарабы қосымша жұмысты жүргізіп, қабылданған шешімдер туралы Россельхознадзорды хабардат етуді уәде етті", - делінген хабарламада. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Россельхознадзор басшысы Сергей Данкверт Ресей аумағы бойынша АҚШ-тан құс етінің және Балтық елдерінен балықтың Қазақстанға өтуіне тыйым салынуы мүмкін екенін айтқан болатын. Бұл қауіпті аурулардың таралу қаупіне және Ресей 2014 жылдың тамызында енгізген азық-түлік эмбаргосының бұзылуына байланысты болып отыр.

Похожие материалы