Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 12 ірі зауыт іске қосылады

Қазақстанда 12 ірі зауыт іске қосылады

Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылы Қазақстан даму банкі 12 ірі жобаны қаржыландыруды жоспарлап отыр. Соның ішінде жаңа өндіріс орындары да бар. Бұл туралы inform.kz хабарады.

Банк төрағасы Болат Жәмішевтің айтуынша, биылғы жобалардың жалпы сомасы 760 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта заем алатындар 312 млрд теңгеге тапсырыс берді. Аталған жобалар машина жасау, xимия өнеркәсібі, мұнай xимиясы, металлургия, құрылыс материалдарын шығару және басқа да саладарды қамтиды.

"2017 жылы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына кіретін 12 ірі жоба бойынша нақты шешімдер шығарылады деп ойлаймыз. Қазіргі кезде ол жобалардың құжаттары банктің қарауында жатыр", - деді Жәмішев.

Аталған 12 жобаның ішінде трансформаторларды өндіру (Шымкент), тұрмыстық xимия (Алматы), кальций қосылған соданы шығару (Қызылорда облысы), майлау материалдарын өндіру (Оңстүстік Қазақстан облысы), терефталат қышқылы мен полиэтилен шығару (Атырау облысы), жылына 100 мың тонна сапалы үгіту материалдарының өндірісі (Батыс Қазақстан облысы), кондитерлік өнімдер (Қарағанды), қант өндірісі (Солтүстік Қазақстан облысы), астықты түбегейлі өңдеу (Алматы облысы), электромеxникалық зауыт (Алматы) пен май экстракциялық зауытының (Қостанай облысы) құрылысы бар.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы мұнай-өңдеу зауытының қайта құру мен жаңарту жұмыстары жоспарланған.

Похожие материалы