Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 300 мың нөмір өшірілді

Қазақстанда 300 мың нөмір өшірілді

Қазақстанда нөмірлерді міндетті тіркеу жүргізілген болатын. Тіркеуден өтпеген 300 мың нөмір өшірілді. Бұл жөнінде ҚР инвестциялар және даму Министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитетінде жария болды.

"Міндетті тіркеу мерзімі өткеннен соң елімізде 276 773 нөмір өшірілді", - дейді басқарамада. 2014 жылдың 10 желтоқсанында иесі анықталмаған 1 617 151 нөмір болды. 10 қазан мен 10 желтоқсан аралығында жүргізілген шараның нәтижесінде 1 340 377 нөмір тіркелген. Нөмірі өшірілген жағдайда, азамат ұялы байланыс опереторына барып, тіркеуден өту арқылы нөмірін қайтадан қосып ала алады.

2014 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстанда ұялы телефон нөмірлерін тіркеу аяқталған еді.  "Бұл, негізінен құқық қорғау органдарына, қоғам мен қауіпсіздік үшін өте керек. Егер нөмірлер тиісінше тіркелген болса, еш қиындықсыз әрі қарай да қолдана береді. Абоненттердің пікірнше, мұның еш зияны жоқ ", - дейді ҚР инвестиция және даму министрлігінің вице-министрі Асқар Жұмағалиев.

Похожие материалы