2015 жылдың қаңтар айында 1210 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) болған, ондағы өлім мен жарақаттар саны 1737. 1589 жарақаттанған азаматтардың 790-ы ер, 799-ы әйел адам, оның ішінде 256-сы кәмелетке толмағандар. ЖКА салдарынан 148 адам қаза болған, олардың 96-сы ер, 52-сі әйел адам, солардың ішінде 18-сі кәмелетке толмаған деп қабарлайды Қазақпарат.
Алматы облысында апаттар саны ең жоғары, бұл аймақ ЖКО-да мерт болғандар саны бойынша (35 адам) және апаттар саны бойынша (372 оқиға) бірінші орында. Оңтүстік Қазақстан облысында жол оқиғаларында 23 адам қаза болған, Ақтөбе облысында - 15 адам.
Елді мекендерде 934 жол-көлік оқиғасы тіркелген, халықаралық және республикалық маңызға ие жолдарда 120 ЖКО болған, облыстық қатынас жолдарында – 63 оқиға.
Жүргізушілердің кінәсінен 1135 апат болған. Өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда оқиғалар саны 12,6%-ға, ал осы оқиғаларда қайтыс болған азаматтардың саны 7%-ға қысқарды.