Познавательный
Қазақстанда апатқа жиі ұшырайтын көлік маркалары белгілі болды
Қазақстанда Toyota, Mercedes, Volkswagen, ВАЗ және Аudi автокөліктері жол-көлік оқиғаларына жиі тап болады деп хабарлайды Today.kz. Бұл жөнінде ҚР ІІМ-нің әкімшілік полиция басқармасы мәлімдеген.
Басқарма аталған автокөліктер елімізде көп болғандықтан апатқа жиі ұшырайтындардың қатарынан табылып отырғанын айтты. Қазақстанда ВАЗ маркалы 798 432 дана автокөлік тіркелген, Toyota — 444 420 дана, Volkswagen — 297 151 дана, Audi — 237 564 дана.
Сонымен бірге, Қазақстанда тіркелген автокөліктердің басым көпшілігі Жапония, Еуропа және Ресей Федерациясында жасалған. Ал, ең сүйікті түстер - ақ, қара және сұр.