Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда астық сақтайтын жаңа терминалдар пайда болады

Қазақстанда астық сақтайтын жаңа терминалдар пайда болады

Астана. 3 наурыз. 7kun.kz – Ақмола облысында астық сақтауға арналған үш терминал пайдалануға беріледі. Терминалдардың жалпы көлемі 57 мың тонна, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Актам Агро», «Максимовское» және «Жана-Бота Транс Сервис» компаниялары өз қаржысына салып жатқан қоймалардың әрбірінің орташа құны 1 млрд теңге.

Бұлардан бөлек «Макинский элеватор» қоймасында сақталатын астық көлемін 60 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

Әкімдіктің хабарлауынша, Ақмола облысында астықты кептіру, тазалау, сақтау жұмыстарымен 64 кәсіпорын айналысады. Олардың жалпы сыйымдылығы 4,1 млн тонна. Одан бөлек, өндірушілер тағы да 1,9 млн тонна көлемде астық сақтауға болатын мүмкіндіктерді қарастырып жатыр.

Статистикаға сүйенсек облыстың экспортталатын  астық өнімдерінің үлесі 88 пайызды құрады. Басқа ауыл шаруашылық өнімдеріне қарағанда астық өнімдерінің табысы 49,3 пайызға көп.

2016 жылдың қорытындысы бойынша, өндірушілер экспортқа 1,8 млн тонна астық жіберді. Ал ішкі нарықтағы тауар көлемі - 857 мың тонна.

Похожие материалы