Экономика
IT, Технология
Қазақстанда аумақтық қорғаныс бөлімдерінің дайындық деңгейі тексеріледі
16-18 шілде аралығында қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың жетекшілігімен еліміздің төрт облысында жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысының дайындығы тексеріледі. Аталған аумаққа Алматы, Жамбыл, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, vlast.kz хабарлайды.
Бүгін сағат таңғы 6-дан бастап, Алматы облысының қорғаныс істері департаментінің 3 мың қызметкері аймақтық полигондарда сапқа тұрып, әскери дайындығын көрсетті.
Тексеріс мақсаты – аймақтардағы аумақтық қорғаныс мәселелерін талқылау және қорғаныс деңгейіне баға беру. Шара барысында аумақтық қорғанысты қамтамасыз етудің барлық түрлері көрсетіліп, әскери саладағы жергілікті мамандардың жұмыстары бағаланады.