Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz – Бір жыл ішінде ауылдық жерлерде шағын фирмаларда қызметкерлер саны 26%-ға өсті, ал өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың саны 6%-ға төмендеді. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Ауыл тұрғындарын шағын бизнеске тарту Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр. Ең көп өсімі Ақтөбе облысында - 68%, Маңғыстауда - 49% және Қарағандыда - 46% тіркелген. Абсолютті көрсеткіш бойынша шағын бизнес саласындағы ауылдық жерлердегі жұмыс орнының ең көп саны Ақмола облысында - 5,3 мың. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, ауылды жердегі жұмыспен қамтылған қызметкерлер саны 143,4 мың адам. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 29,6 мыңға көп. Өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың саны (2016-2015 жылдардың үшінші тоқсанын салыстырғанда) 87,000 млн-нан 1,4 млн адамға азайды. Өткен жылы (2015-2016 жыл, қазан) ауыл шаруашылығы секторында жұмыс істейтін шағын компанияларға банк несиелерінің көлемі 72 млрд-тан 199 млрд теңгеге дейін немесе 2,7 есеге артты. Ауылдық жерлерде шағын бизнес субъектілері үшін микрокредиттік ұйымдардың портфелі 230 млн теңгеге, 9,4% -ға өсті.Ұлбосын НАЙЗАҚҰЛ «7»