Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда автокөлік сатылымы артты

Қазақстанда автокөлік сатылымы артты

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Қазақстан автобазарларында автокөлік сатылымы көбейген. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» хабарлады.

2017 жылы мамыр айында 3663 көлік сатылды. Бұл өткен жылдың мамыр айына қарағанда 10 пайызға көп. Осы жылдың мамырында сатылған автокөліктердің жалпы бағасы 96 миллион 600 мың долларды құрады.

2017 жылдың қаңтар-мамырында 14 мың 682 автокөлік сатылған. Олардың жалпы құны 369 миллион 400 мың доллар болды. Бұл 2016 жылдың алғашқы бес айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 27 пайызға көп.

Рейтинг бойынша ең көп сатылған Toyota автокөлігі. Оның саны - 3088. Одан кейін Lada тұр. Оның сатылым көлемі - 2541 дана. Алғашқы үштікті Renault автокөлігі аяқтайды. Оның 1036 данасы сатылған. Ал төртінші және бесінші орынды Ravon мен Kia иеленді.

Автокөлікті сатып алудан бірінші орында Алматы тұр. 2017 жылдың қаңтар-мамырында мұнда 3716 автокөлік сатылған. Одан кейінгі орындарға Астана, Атырау, Шымкент және Қарағанды ие болды.

«ҚазАвтоПром» төрағасы Олег Алферовтың айтуы бойынша, бұл соңғы екі жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Похожие материалы