Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда автокөліктерді Еуро стандартына тексеретін зертхана салынбақ

Қазақстанда автокөліктерді Еуро стандартына тексеретін зертхана салынбақ

2016 жылдың аяғына дейін Қазақстанда автокөліктерді Еуро стандартына тексеретін зертхана салынуы мүмкін. Бұл туралы  Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) президенті Андрей Лаврентьев хабарлады.

"2016 жылдың соңына дейін зертхананың салынғанын қалаймыз, жоспарымыз да сол. 2018 жылға таман біз 50% локализацияға қол жеткізген кезде, еліміздің ішінде жеке зертханамыз болуы қажет. Жеке зертханамыз болмай автокөлік өнеркәсібінің дамуы мүмкін емес, мұны үкімет те түсінеді", - деп есептейді ҚАБҚ президенті.

А.Лаврентьевтің айтуынша, құрылыс жұмыстры әлі басталған жоқ, бірақ қаржыландыру мәселесі шешілді.

Бұл бағдарламаның операторы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлік болмақ.

Оның айтуынша, зертхана бойынша жобалар жуырда таныстырылуы тиіс.

"Қаражат бойынша, зертхана ұсынатын қызметтер тізімінен тәуелді болады. Жол тесттерін ескеріп есептегенде мұндай зертхананың орташа бағасы шамамен 3 млр теңге болады, бұл еуро қауіпсіздігі жөніндегі тесттерді, жол тесттерін және краш-тесттерді өткізе алатын минимал зертхана", - деп нақтылады ҚАБҚ президенті.

А.Лаврентьевтің пікірінше, зертхана Оңтүстік Қазақстанда орналастырылуы тиіс.

"Зертхананың орналасатын жері қазір талқыланып жатыр. Оңтүстік Қазақстан ең жақсы таңдау деп ойлаймыз, себебі автокөліктерді тестілеу жұмыстары ол жерде жылдың сегіз айында өткізілуі мүмкін, ал Ресейде бұл мүмкін емес", - деп мәлімдеді ол.

Республика аумағында шығарылатын көлік құралдарына қойылатын Еуро-4 талаптары 2014 жылдың 1 қаңтарынан өз күшіне енді.

Қазіргі кезде Қазақстанда автокөліктер Еуро стандартына сәйкестікке шығарылған жылы бойынша және шыққан елі бойынша тексеріледі.

Похожие материалы