Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда автошина өңдеу зауыты қайта іске қосылды

Қазақстанда автошина өңдеу зауыты қайта іске қосылды

Астанада автошиналарды кәдеге жарату және өңдеу зауыты қайта іске қосылды. Бұл жобаны Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі қаржыландарып отыр. Бұл туралы ҰКП-ға сілтеме жасап, Алматы арнасы хабарлайды.

Қолданылатын жабдық пен неміс өндірісінің технологиясы жоғары сапалы 32 мың тонна өнімді өндіруге мүмкіндік береді.

Жоба 2008-2010 жылдар аралығында іске асырылды. Содан кейінгі екі жыл бойы кәсіпорын Қазақстанда тозған автошиналарлы кәдеге жарату міндеттілігі туралы заңнамалық базаның жоқтығына қарамастан, қалдықтарды өз қаражатының есебінен жүзеге асырды, негізінен Астана аумағынан жиналған 10 мың тонна жарамсыз шиналарды кәдеге жаратты.

"Алайда өндірістің тек 25%-ға жүктелуі "Kaz RP" ЖШС-на Қазақстанның Даму Банкінен алған 6,7 млн доллар қарызын өтеуге мүмкіндік бермеді. Зауыт тоқтап тұрғанда, кәсіпорын басшылығы осы кезең ішінде қолданыстағы заңдарға, атап айтқанда Экологиялық кодекске, бірқатар өзгертулер мен толықтыруларды, сонымен қатар қалдықтарды қайта өңдеуге, ұнтақты, асфальт бетонын өндіруге қатысты түрлі стандарттарды енгізе алды", - деп мәлімдеді зауыттың бас директоры Ермек Әбдиев.

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ үлестес құрылымының тұрғысындағы "Бәйтерек" холдингі мен "Kaz RP" ЖШС арасында қарызды қайта құрылымдау және өндірісті жаңғырту туралы бейбіт келісімге қол қойылды.

Берешектің жалпы соммасынан пайыздық сыйақы, амалсыз тоқтап тұру кезеңіндегі өсімпұл мен айыппұлдар түріндегі 327 млн теңге қаржылық сауықтандыру шарасы ретінде шығарып тасталынды. Берекшекті қайта құрылымдау шарттары бойынша 1 571 838 941 теңге соммасындағы берешектің қалдығы төлемнің 1 жылға шегерілуімен, пайыздардың үстемеленуінсіз 7 жылға беріліп отыр.

Похожие материалы