Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда банкоматтар жетіспейді

Қазақстанда банкоматтар жетіспейді

Қазақстанда банкоматтарға деген сұраныс артып жатыр. 2011-2015 жылдар аралығында банкомат карталарының саны екі есе өсіп, қолданушылар 7 млн-ға жетті. Ал банкоматтар бар болғаны 14%-ға, яғни 8,9 мыңға дейін өсті. Бұл туралы Ranking.kz сарапшылары хабарлады.

 2015 жылдың шілде айында төлем карталарын пайдаланушылар 7 млн-ға жетті. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 3,5 млн болған еді.
Осыдан кейін банкоматтардың жұмысы барынша артты. Дегенмен сұранысқа қарай банкомат парктері құрылғыларды көбейте алмай отыр. Орташа есеппен бір бонкаматқа 1971 адам келеді. Үлкен қалаларда 942 адам, мұнайлы өңірлерде 1191, ал алыс облыстарда 2710 адам бір банкоматты пайдаланады. Шілде айында тек бір ғана банкоматтан 69,7 млн теңге шешілген. Ал транзакция саны - 1,8 мың. Үлкен шаһарлар үшін шешілген қаражат көлемі - 78,3 млн теңге және транзакция саны - 1,8 мың. Мұнайлы аймақтар үшін 69,1 млн теңге және транзакция саны - 1,4 мың.
35 екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) тек 15-де ғана банкомат жүйелері бар. ЕДБ сайтының мәлімдеуінше, Қазақстандағы ең көп банкомат желілері (АТМ) Халық банкіне (25,9% - 2,1 мың АТМ), Қазкоммерцбанкке (25,9% - 2,1 мың АТМ), ForteBank-ке(8,7% - 704 АТМ), АТФБанкке (8% - 651 АТМ) және Сбербанкке (7,5% - 605 АТМ) тиесілі.
 

Похожие материалы