Познавательный
Қазақстанда бір көлікке берілетін баға айырмашылығы 40%-ға дейін жетеді

Бюджет есебінен алынатын бір кластағы автокөліктің бағасы әр аймақта әртүрлі болып келеді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің вице-министрі Ардақ Теңгебаев хабарлады. Оның айтуынша, баға айырмашылығы 40%-ға дейін жетеді екен.
"Бір топтағы тауарларды зерттеу барысында бюджет қаржысына алынатын бір кластағы автокөліктер түрлі аймақта түрлі бағаға сатып алынғанын анықтадық. Құн айырмашылығы 40%-ға дейін жеткен. Бұл мәселе бойынша біз бюджеттік бағдарламалардыңбарлық әкімшілігіне хат жібердік. Ары қарай арнайы жұмыс тобы бұл іспен айналысады", - деді вице-министр.